Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:25, курсовая работа
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер турінде болады:
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құратсырушы бұйымдар,отын, ыдыс және ыдыстықты материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында стуға шығарылған дайын өнім, тауарлары.
Кіріспе...............................................................................................................3
І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын
анықтау және бағалау
1.1Тауарлы материалдық запастардың түсінігі және топқа
бөлінуі.........................................................................................................5
1.2 Материалдық запастардың өзіндік құнын анықтау және
бағалау әдістері...........................................................................................6
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау...............9
ІІ. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы
2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі.......................................14
2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі..........................................15
2.3 Материалдық қорларды түгендеу есебі............................................16
ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ ЖШС-ның тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебі.
3.1 Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және
есебі....................................................................................................19
3.2 Материалдық запастар аудиті және талдауы.................................23
Қорытынды..................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер. .........................................................................27
Қосымшалар................................................................................................28
Жоспар
Кіріспе
І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын анықтау және бағалау
1.1Тауарлы материалдық запастардың түсінігі және топқа бөлінуі
1.2 Материалдық запастардың өзіндік құнын анықтау және бағалау әдістері
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
ІІ. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы
2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі
2.3 Материалдық қорларды түгендеу есебі
ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ ЖШС-ның тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебі.
3.1 Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және есебі
3.2 Материалдық запастар аудиті және талдауы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын
анықтау және бағалау
1.1Тауарлы материалдық запастардың түсінігі және топқа
бөлінуі......................
1.2 Материалдық запастардың өзіндік құнын анықтау және
бағалау әдістері......................
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау...............9
ІІ. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы
2.1 Материалдық қорлардың
қоймадағы есебі.........................
2.2 Материалдардың бухгалтериядағы
есебі.........................
2.3 Материалдық қорларды
түгендеу есебі.........................
ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ
ЖШС-ның тауарлы-материалдық
3.1 Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және
есебі.........................
3.2 Материалдық запастар
аудиті және талдауы.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер. ..............................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер турінде болады:
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құратсырушы бұйымдар,отын, ыдыс және ыдыстықты материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында стуға шығарылған дайын өнім, тауарлары.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды дер кезінде және толығымен есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн( құрайтын материалдар, көмекші матеиалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар,лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Материалдық босалқы қорлардың түрін есепке алу үшін 1300 «Материалдар» бөлімі қолданылады.
1310 « Шикізат пен
материалдар» шотында
1311 « Сатып алынған
жартылай фабрикаттар және
1312 « Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да өнім түрлері есепке алынады.
1313 « Ыдыс және ыдыстық материалдары» ыдыстың барлық түрлері (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда» және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 « Запас бөлшектер»
жөндеуге және машинаның
1350 « Басқа да материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б.есепке алынады.
1316 « Өңдеуге берілген
материалдар» шотында сыртқы
өңдеуге берілген
1317 « Құрылыс материалдары»
құрылыс бөлшектерін,
Тауарлы – материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнмен,не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы – материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей,әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып
алынған жартылай шикізаттар, отын
, қосалқы бөлшектер және басқа
материалдар кәсіпорын
Жалпы курстық жұмыста үш бөлімді қарастырдым. Бірінші бөлімде тауарлы материалдық запастардың түсінігі және топқа бөлінуі, өзіндік құнын анықтау және бағалау әдістері материалдар қозғалысының, есебі және оларды құжаттау тәртібі,екінші бөлімде тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуын ашып көрсетуді көздедім.Ал үшінші бөлімде “Казфосфат” НДФЗ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебін,аудитін толық ашып көрсетуді мақсат еттім.
І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын анықтау және бағалау
1.1Тауарлы материалдық
запастардың түсінігі және топқ
Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:
Тауарлық-материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
— шикізат;
— негізгі материал;
— көмекші материал;
— жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, макта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.
Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы
дайын бұйымдар алынады. Олардың
аяқталмаған өнімнен
Көмекші материалдарга — әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известъ) жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй -жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
1.2 Материалдық
запастардың өзіндік құнын
Материалдар баланста нақты өзіндік кұны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік қүнымен керсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұшақ және басқа да тасымалдау қүралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іс-сапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық корлардьң талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.
Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарьн ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
1. Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісін
2.Орташа салмақтандырылған құн әдісіне
3.ФИФО әдісі
4.ЛИФО әдісі
Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік кұнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдьң басындағы қалған қалдығьның құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) мате-риалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.