Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 14:33, курсовая работа

Описание работы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні
1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық
қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18


ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау

2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу
обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23
ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,
оны шешу жолдары 29
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа содержит 1 файл

Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері.doc

— 263.00 Кб (Скачать)

    Жаңа  Кодексі жобасының баса назар  аударылған негізгі ережелері:

      1.Салық салу мәселелері бойынша салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес,нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою бойынша мәселелерді жедел шешетін, сондай-ақ салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін схемасының жолын кесу бойынша Консультациялық кеңес құрылады.Оны Примьер-Министр басқаратын болады.

       2.КТС бойынша реформалауда тұжырымдалған  тәсілдің мәні – КТС-ң ставкаларын  төмендету,аясы тар салалық жеңілдіктер беруден бас тарту,автоматты түрде берілетін біріңғай инвистициялық ынталандыруларды  жүргізу,залалдар мерзімін ауыстыруды 10 жылға дейін ұзарту,сондай-ақ салық құрылымын жалпы жақсарту болып табылады.

       Жобада КТС 20-15 пайызға дейін төмендетілген. Ставкалардың наты мөлшері мемлекеттің өзінің функциясын,қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті деңгейде айқындалатын болады. Түсіп қалатын кірістер салық салу режимі қайта қаралған экономиканың өндіруі секторының тиімділігін арттыру арқылы толтырылатын болды.

        Жаңа инвистициялық преференциялар  КТС бойынша ғана берілетін  болады. КТС бойынша жеңілдіктер  үш жылға дейінгі кезең ішінде  инвестицияларды жедел шегеру  түрінде әрекет ететін болады. Сонымен бірге залалдарды ауыстыру мерзім 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады.Бұл инвестицияларды есептеп шығарудың артықшылықтарын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді.Преференциялар автоматты түрде,яғни қызметті «өңдеу өнеркәсібі» секторында жүзеге асыратын кәсіпорынның өтімін беру ретімн берілетін болады.

        АЭА-ның барлық аумағында қызмет  талаптарын,атап айтқанда инвестициялық преференциялар режимі бар КТС бөлігінде біріздендіру ұсынылып отыр.Жер салығынан және мүлікке салықтан босату АЭА аумағында ғана сақталады.

        Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін мойындай отырып,АЭА аумағында қызметін жүзеге асырып отырған инвесторлар да  келесі 5 жыл бойы қазіргі режимді пайдалану үкіндігіне ие болатынын,ал инвестициялық мерзімі аяқталғанша преференциялардың қазіргі режимін пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын атап өткен жөн.

        3. Жаңа Кодексте білескен қызметке  қатысушыларға,туынды қаржы құралдарына  салық салу егжей-тегжейлі жазылған.Шағын  және орта бизнес үшін аванстық  төлем жойылды,іссапар кезінде тәуіктік шығыстарға лимит беруге болмайды,өкілдік шығыстардың нормасы еңбекақы төлеудің 1 процентіне дейін ұлғайды.Жалға берушіге жалға берілген тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалатын шығыстарды шегеруге рұқсат етіледі.

        4. ҚҚС бойынша қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған  ҚҚС-тың есептелінгеннен асып кетуі сомасын автоматты түрде біріңғай қайтару енгізілді.2012 жылы тәуәкелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық егізу көзделіп отыр.Бұл жылды ҚҚС-тың классикалық жүйесіне көшу және жеңілдіктердің мынадай жиынтығын жою сәті ретінде белгілеуге болады:импортқа ҚҚС төлеудің,есепке жатқызудың, «еркін қойма» аумағынан сатуды босату әдісімн импортқа ҚҚС төлеудің мерзімін кейінге қалдыру.

        Алкогольге және темекі өніміне  акциздердің ставкалары үш жыл  ішінде біріздендіріледі.2009 жылдан  бастап Салық кодексінің мәтініне  енгізіледі.

        5. Шағын бизнеске салық салуды  реформалау бөлігінде айтарлықтай  өзгерістер болмайды.Патент негізінде және ооаңлатылған декларация негізінде шағын бизнеске арналған арнайы салық режимдерінің бұрынғы түрлері сақталады.Алайда, экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту және базарлардағы салық салуды жүйелендіру қажеттігін назарға ала отырып,2011 жылдан бастап біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін жою ұсынылып отыр.

        6. Жер учаскілерінің ауданы не аумағына қарай біріңғай жер салығы ставкаларының 0,1 % -дан 0,5 %-ға дейінгі үдемелі шәкілін енгізу ұсынылып отыр.Бұл ретте,ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілрге арналған басқа режимдер сақталады: заңды тұлғалар үшін салықтарды 70 % азайту,ауыл шаруашылығы өніін қайта өндірушілер үшін 70 %-ға азайту.

        7. Жеке табыс салығының біріңғай  ставкасы 10 процент деңгейінде сақталады.Әлеуметтік  салықты реформалау шеңберінде салық ставкуалары 13 проценттен 5 процентке дейінгі кемімелі шәкілден ставкасы 11 процент шәкілге көшуді жүзеге асыру ұсынылып отыр.

        8. Жоба мүлікке салынатын салықты алу тәртібін өзгерту көзделіп отыр.Барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін салық салу обьектілерін азайту ұсынылып отыр.Бұл ретте,жергілікті бюджеттердің кірісін сақтау мақсатында 1 проценттен 2 процентке дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

        9.Жеке тұлғалардың мүлкіне   салынатын салық бойынша жылжымайтын  мүлікті бағалау әдісімен Салық  кодексіне бекіту ұсынылып отыр,сондай-ақ ставкалар құны 30 млн. теңгден басталатын қымбат тұратын мүлікке ғана 0,5 проценттен 1 процентке дейін ұлғайтылады.

        10. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін салық салудың мынадай негізгі өзгерістері енгізілді:

  • Роялти төлемін өндіру көлемі мен әлемдік баға есептеу базасы болып табылатын пайдалы қазбаны өндіруге салынатын салықпен ауыстыру;
  • 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап ТШО келісім-шартынан барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен қолданыстағы ӨБК үшін келісім-шарттар салық режимінің «тұрақтылық» ережесін алып тастау;
  • Жеке салық есебін жүргізудің базалық қағидаттарын белгілеу;
  • Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін айқындау;
  • Үстемелі пайда салығының әдістемеі өзгертілді және салық алынатын таза табыстың мөлшері 20 проценттен 25 процентке дейін ұлғайтылды.

        Жаңа Салық кодексі экономиканың  орнықты дамуы және жаңғарту  үшін жағдай жасауға мүмкіндік  береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

        Сонымен, салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады.Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады.Салық мөлшерін заңды хұқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі,төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.

        Салық саясаты аса нәзік және  күрделі аспапғол жеңілдіктер  мен жазалау шаралары арқылы  шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықталдың тізімі бір бетке сиып кете алады,ал жеңілдіктер томдарды алып жатады.

    Әкімшілік-әміршілік  жүйе жағдайындағы экономикада салық  адам мүддесі үшін қызмет көрсетеді.Ол халықты үкімет алдында тұқыртып ұстаудың құралына айналды.Ал нарықтық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Содан да болар,Америкада іскер адамның екі туған күні бар деп есептеледі:біріншісі-өзінің туған күні және екіншісі-оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.

        Салық кодексінде жеке табыс  салығы және әлеуметтік салық бөлігінде 2004 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістерге байланысты осы салықтарды ай сайынғы есептеу тәртібі өзгерді.

        201.00 нысан бойынша төлем көзінен салық салынатын,төленген салықтар бойынша есепті салық агенттері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.Салық агенттері 201.00 нысан бойвнша есептен басқа осы есепке қосымша нысанды табвс етеді.

        Қазақстан Республыкасының сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,жеке табыс салығы бойынша деклорация есепке тіркелген орны бойынша салық органдарына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етілуі керек.Ал арнаулы салық режимін қолданатын  жеке кәсіпкерлер арнаулы салық режымі қолданылатын қызметінен түскен табыстарынан жеке жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.1995 жыл
  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алматы-2008жыл
  3. Салық салу жүйесі. Бекболсынова А.С. Астана,2003 жыл
  4. Салық және салық салу. Алматы-Экономика,2006 жыл.

    Үмбеталиев  А.Д. Керімбек Ғ.Е.

  1. «Қаржы менеджменті» журналы,2008 жыл.№3 наурыз.
  2. http://www.salyk.kz.658496
  3. «Бухгалтер белютені» журналы.2008 жыл,№18 сәуір
  4. Қаржы-Қаражат. 2007 жыл,№12
  5. Қаржы-Қаражат. 2007 жыл,№25
  6. «Бухгалтер белютені» журналы.2008 жыл,№30 қыркүйек

Информация о работе Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері