Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 14:33, курсовая работа

Описание работы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні
1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық
қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18


ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау

2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу
обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23
ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,
оны шешу жолдары 29
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа содержит 1 файл

Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері.doc

— 263.00 Кб (Скачать)

    Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

    Жеке  табыс салығын есептеу және ұстап  қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган  белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi.

   Біржолғы төлемдерден  түскен табысқа, мыналарды:

   1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар  мен адвокаттарға өздерінің қызметіне  байланысты табыстар бойынша  төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға  біржолғы талон негізінде арнайы  салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;

   2) жеке тұлғалардан мемлекеттік  тіркеуге жататын жылжымайтын  мүлік, механикалық көлік құралдары  мен тіркемелерді сатып алғаны  үшін оларға төленетін төлемдерді  қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады.

   Жеке  табыс салығының сомасы төлем  көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

    Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы  төлемдеріне салық төлеушілердің  зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.

Жеке  табыс салығының сомасы белгiленген тәртiппен есептеледi.

    Жеке  табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға ҚР Салық кодексінде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

    Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы  салықты ұстап қалуын растайтын  құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

    Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.

    Жеке  табыс салығының сомасы белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.

    Сақтандыру  сыйлықақылары:

    жинақтаушы  зейнетақы қорларындағы зейнетақы  жинақтары есебiнен;

    жеке  тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін  сақтандыру сыйлықақылары есебiнен;

    жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.

    Жеке  тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.

    Жеке  тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.

    Жеке  табыс салығының сомасы белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.

    Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:

    1) мүлiктiк табыс; 

    2) жеке кәсіпкердің ҚР Салық  кодексінде айқындалатын табысы;

    3) адвокаттар мен жеке нотариустардың  табысы;

    4) ҚР Салық кодексінде белгiленетiн өзге де табыстар жатады.

    Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

    Салық төлеушiде төлем көзiнен салық  салынбайтын табыстардың бiрнеше  түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

    Мынадай резидент жеке тұлғалар:

    1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды  қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

    2) резидент болып табылатын және  табысты Қазақстан Республикасындағы  төлем көзінен жеке табыс салығы  салынбайтын қызметті жүзеге  асырудан алатын шет мемлекеттердің  азаматтары мен азаматтығы жоқ  адамдар; 

    3) салық агенттерi болып табылмайтын  тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.

    Салық төлеушi ҚР Салық кодексінде белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

    Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:

    1) Қазақстан Pecпубликасының заңдарына  сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер  үшiн сатып алынған мүлiкті  қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте  пайдаланылмайтын:

    а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында  болған жылжымайтын мүлiктi;

    б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;

    в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк  бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;;

    г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк  құқығындағы немесе механикалық  көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға  сенiмхат негiзiнде алынған механикалық  көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;

    2) төлем көзiнен салық салынатын  табысты қоспағанда, мүлiктi жалға  беруден алынған табыс жатады.

    Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу  құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен алынған табыс болып табылады.

    Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

    Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.

    Адвокаттар  мен жеке нотариустардың табыстары  бойынша жеке табыс салығының  сомасы белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.

    Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

    Төлем көзiнен салық  салынбайтын басқа табыстарға Қазақстан  Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады.

    Жеке  табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:

    1) төлем көзiнен салық салынбайтын  табыстары барлар;

    3) Қазақстан Республикасының шегiнен  тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

    4) Қазақстан Республикасының шегiнен  тыс жерлердегi шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

    5) Қазақстан Республикасының сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

    6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің  депутаттары, судьялар;

    7) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.

    Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы зңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

    Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер  арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi.

    Қазақстан Республикасынан тыс жерле төленген жеке табыс салығының сомалары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде eceпке алынады.

    Салықтан  есепке алынатын сомасының мөлшерi жеке табыс салығының ставкасын  қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Pеспубликасында есептелуi мүмкін салық  сомасынан аспауға тиiс. 

2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 

Резиденттер мен резидент еместер:

       1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмiрлiк мүдделерiнің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан жеке тұлғалар Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.

    2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер ағымдағы салық кезеңiнде және өткен екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң санына мынадай:

  ағымдағы салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1;

өткен бiрiншi салық кезеңiнде болған күндердiң  санына - 1/3;

өткен екiншi салық кезеңiнде болған күндердiң  санына - 1/6 коэффициенттерiн әрбiр  салық кезеңiне қолдана отырып анықталған күндердiң саны кемiнде бiр жүз  сексен үш күнтiзбелiк күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

    Егер  жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде  Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан  Республикасында тұрақты болатын  адам деп танылмайды.

    Егер  жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн осы тармақтың мақсатында резидент емес ретiнде қаралады.

    3. Мынадай шарттар бiр мезгiлде  орындалған жағдайда:

    1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының  азаматы болса немесе оның  Қазақстан Республикасында тұруға  рұқсаты (ықтиярхаты) болса; 

    2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында  тұрса; 

    3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.

    4. Қазақстан Республикасының азаматтары  болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына  қабылдау туралы өтiнiш немесе  Қазақстан Республикасының азаматтығын  қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген мынадай жеке тұлғалар:

Информация о работе Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері