Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:06, курсовая работа
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Кіріспе
3
1 Қаржы жүйесі түсінігі және оның мәні
1.1 Қаржы жүйесі ұғымы, оның құрылымы
5
1.2 Қаржының функциялары және рөлі
8
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
9
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрылымы
11
2.2 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
19
2.3 Мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің басты буыны ретінде
21
3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы
25
Қорытынды
32
Қолданылған әдебиеттер
33
Мемлекеттік қаржы жүйесінде маңызды орынды арнайы қорлар алады. Арнайы қорлар мақсатты бағытталған ақша қаражаттар ресурстары. Арнайы қорларға келесілер кіреді:
әлеуметтік сақтандыру қорлары кәрілік бойынша, асыраушысын жоғалтқанда т.б.
даму, қайта құру, инвестициялық бағыттағы экономикалық қорлар
ғылыми жұмыстарды қолдау мақсатындағы ғылыми-зерттеу қорлары
әскери-саяси бағыттағы қорлар
Қорытынды
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі - ақша қаражаттарының қорларын құруға, пайдалануға арналған қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастарының салалары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:
4. Жалпымемлекеттік қаржы.
5. Шаруашылық субъектілердің қаржылары.
6. Халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
1. Ильясов.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғарғы оқу орнына арналған оқулық. - Алматы, 2007ж.
2. Кулпыбаев С.К., Баязитова Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 220 бет
4. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Н.С., Комягин Б.И. / Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Кеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет
5. Берстембаева Р. Финансы зарубежных государств, А.
6. Бюджетная система России: Учебник для вузов/ Под ред. проф. Г.Б. Поляка. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.
7. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник. - А.,2001
8. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – А., 1995
9. Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005. – 560 с.
10. Рынок ценных бумаг / Под ред. В.И.Галанова, А.И.Басова. М.: Финансы и статистика, 2000 .
11. Фадейкина Н.В., Апсалямов Н.А., Азылканова С.А. Современная бюджетная политика Казахстана – Новосибирск: СИФБД, 2004. – 265 с.
12. Фреймер П. Страхование жизни: перспективы развития. - М.: Изд. МЭУ, 2003. - С. 116.
13. Шахов В.В. Введение в страхование. Изд. 2-ое. Учебн.пособие. - М: Финансы и статистика, 2000.
14. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004.
15. Сейіткасымов Ғ. С. Ақша, несие, бакнтер. – Алматы: Экономика, 2001.
16. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
17. Қаржы және несие – оқу-әдістемелік құралы. Қазақ Мемлекеттік университеті. 2000ж.
33
Информация о работе Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы