Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:06, курсовая работа

Описание работы

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Содержание

Кіріспе

3
1 Қаржы жүйесі түсінігі және оның мәні

1.1 Қаржы жүйесі ұғымы, оның құрылымы
5
1.2 Қаржының функциялары және рөлі
8
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

9
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрылымы
11
2.2 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
19
2.3 Мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің басты буыны ретінде

21
3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы

25
Қорытынды

32
Қолданылған әдебиеттер
33

Работа содержит 1 файл

КР каржылары каржы жуйеси.doc

— 330.50 Кб (Скачать)

 

Сонымен бірге 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер жөнінде бересі 199,0 млрд. теңгені құрады.

2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда бересі 98,7 млрд. теңгеге, оның ішінде бересінің өсуін айқындап отырған, жалған кәсіпорындар бойынша 89,5 млрд.теңгеге ұлғайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,4 млрд.теңгені құрады. Ол 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 30,0 пайызға, немесе 1,0 млрд.теңгеге азайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері 2010 жылы 2 394,5 млрд.теңгеге толықты және 2011 жылғы 1 қаңтарда 5 691,2 млрд.теңгені құрады. Салықтар түрлері бойынша Ұлттық қорға түсімдер келтірілген.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 913,1 млрд.теңгеге арттырылған және іс жүзінде 4 916,1 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет 4 284 млрд.теңгеге немесе жоспардың 99,1 пайызға  орындалды.

Игерілмеген қалдықтар үлесі шығыстардың жалпы сомасында 0,9 пайызды немесе 37,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 22,6 млрд.теңгеге кем. Бұл ретте 10,4 млрд. теңге жалғасатын инвестициялық жобалар бойынша 2010 жылғы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінде Бюджет кодексіне сәйкес ағымдағы жылы төленетін болады.

Енгізілген нәтижеге бағытталған бюджет саясаты арқасында 2010 жылы қаражат стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және нәтижелерді алуға бағытталды. Бұл ретте, мемлекеттік органдардағы алқаларда жасалған қорытындылар ел азаматтарының өмір деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау, индустриалдық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша Ел Басының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттер іске асырылғанын көрсетті деп айтқым келеді [13].

Осыған байланысты, қалған 27,1 млрд. теңге Президент біздің алдымызға қойған жаңа міндеттер үшін пайдаланылуы мүмкін резерв болып табылды.

2010 жылы әлеуметтік шығыстардың басымдылығы сақталғанын айту маңызды деп есептеймін. Білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының оң серпіні бар, соңғы бес жылда олар екі еседен артық көбейді. 2010 жылы олардың көлемі жалпы ішкі өнімнің 10,4 пайызына жетті.

Осылай, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемдерін арттыру жүргізілді, ортақ зейнетақы мөлшері 25 пайызға арттырылды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 9 пайызға арттырылды.Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақылар мөлшері, сондай-ақ 4-ші және одан да көп баланы туғаны үшін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға бір ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952 теңге) жаңа жәрдемақы енгізілді.

2010 жылы Ұлы Отан соғысында Жеңістің 65-жылдық құрметіне біржолғы материалдық көмек төлемдері жүргізілді, сондай-ақ ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне жеңілдікпен жол жүру қамтамасыз етілді. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен өткен жылы 4,2 млрд. теңге бөлінді.

Жеке өңірлерде тұратын халыққа медициналық көмекке қол жетімділікті арттыру мақсатында телемидицинаның енгізілуі, жоғары білікті мамандардың қашықтан консультация өткізуі бойынша жұмыс жалғастырылуда. Заманауи медициналық жабдықпен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадаларымен жасақталған жылжымалы медициналық кешендер сатып алынды.

«100 аурухана» жобасы шеңберінде 50 денсаулық сақтау объектісі, оның ішінде есепті жылы жалпы сомасы 79 млрд. теңге 33 объекті аяқталды.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде білім беру саласында республикалық бюджеттен мемтапсырманы орналастыру есебінен балалардың мектепке дейінгі тәрбиесі үшін 90,0 мың орын енгізілді. Балалардың жалпы қамтылуы балалардың жалпы санының 37 пайыздан 41,6 пайызға  дейін артқан.

«100 мектеп» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 104,3 млрд. теңге 103 мектептің құрылысы,оның ішінде 2010 жылы сомасы 6,4 млрд. теңгеге 24 мектептің құрылысы аяқталды.

Жоғарғы білім беру жүйесінде «Назарбаев Университеті» елдің индустриалдық-инновациялық даму үшін жоғары білікті мамандарды дайындайтын әлемдік деңгейдегі университет ретінде танылған жаңа бір серпін болды.

2010 жылы осы университеттің дамуына бюджеттен 16,1 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік шығыстармен қатар бюджет шығындарының жоғары деңгейі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларға, отандық кәсіпорындардан шығатын өнімдерге сұранысты қамтамасыз еткен ауыл шаруашылығын дамытуға және экономикадағы жұмыспен қамтуға келеді.

Экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытуға жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шараларын іске асыру үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға өткен жылы 921,5 млрд.теңге жіберілді.

Бағдарлама шеңберінде 2010 жылы елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін мультипликативтік әсері бар (Балқаш жылу энергия станциясы, «Шар-Өскемен», «Хоргос-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы» темір жолдар салу,  «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырын салу басталды) ірі инфрақұрылымды және стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру жалғастырылуда.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы нысаналы индикаторларына сәйкес елді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындылары бойынша: алтын, қорғасын, мырыш, көмір, уран мұнай мен газ қорларының өсіміне қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты ішкі нарықтың қажеттілігін толық жабуға, сондай-ақ экспорттық жеткізілімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.

Мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсу қарқындары сақталды. Барлық мал түрлерінің саны орташа есеппен 2-3 пайызға өсті, мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі өсті. Қайта өңдеу саласында өндіріс қарқынының 13 пайыздық өсіміне қол жеткізілді.

2010 жылы Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 1548 бірлікке, оларда тұратын халықтың үлес салмағы 22-ден 52 пайызға дейін артты.

2002 жылы басталған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды. 3417 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды. Тасып әкелінетін суды пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 445 мың адамнан 83 мың адамға қысқарды.    

2010 жылы 22 гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау аяқталды және олардың күнделікті жұмысы қамтамасыз етілді, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі төмендеді.

2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аяқталды, оның шеңберінде 19,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілген болса, оның 6,4 млн.шаршы метрі 2010 жылы тапсырылды.

Жол картасы іске асырылды, оған республикалық бюджеттен 90,4 млрд. теңге сомада қаражат бөлінді, жергілікті бюджеттерден бірлесе қаржыландыру 46,4 млрд. теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылды, ол үшін 2010 жыл пилоттық болып отыр. Оны іске асыру шеңберінде республикалық бюджет өңірлеріне 13,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: 9,0 млрд.теңге – жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 4,8  млрд.теңге – индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға.

Жергілікті атқарушы органдардың 2010 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеруі туралы ақпарат 
(алдын ала деректер)

Млрд. теңге

Атауы

Жоспар

РБ-дан бөлінді

ЖАО төлеген міндеттемелер

Атқармау сомасы 

Жиыны:

13,8

13,8

6,6

-7,2

Оның ішінде:

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

2,1

2,1

1,1

-1,0

Алматы қаласы

1,2

1,2

0,2

-1,0

Жамбыл облысы

0,9

0,9

0,1

-0,8

Шығыс Қазақстан облысы

1,2

1,2

0,5

-0,7

Қарағанды облысы

1,2

1,2

0,6

-0,6

Ақмола облысы

0,6

0,6

0,1

-0,5

Павлодар облысы

0,7

0,7

0,2

-0,5

Қостанай облысы

0,8

0,8

0,3

-0,5

Батыс қазақстан облысы

0,5

0,5

0,1

-0,4

Қызылорда облысы

0,6

0,6

0,3

-0,3

Астана қаласы

0,6

0,6

0,3

-0,3

Маңғыстау облысы

0,4

0,4

0,1

-0,3

Солтүстік Қазақстан облысы

0,6

0,6

0,3

-0,3

Алматы облысы

1,5

1,5

1,5

0,0

Ақтөбе облысы

0,6

0,6

0,6

0,0

Атырау облысы

0,3

0,3

0,3

0,0

 

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы - 527,3 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша - 554,8 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызы деңгейінде қалыптасты, бұл жоспардан 248,8 млрд.теңгеге аз.

Үкіметтің қарыз алуы бюджеттік бағдарламаларды уақытылы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен ішкі қарыз алударды жүзеге асыра отырып, Қаржы министрлігі, халықаралық тәжірибе талап еткендей, бюджет тапшылығын қаржыландырумен қатар, қарыз құралдары нарығын қолдау міндеттерін шешеді. Сыртқы қарыз алу саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарынан қарыздар тарту жүзеге асырылды. Бұдан басқа, есепті жылы Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға  Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі қаражаттары тартылған болатын.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік қарыз деңгейі және оған көрсетілетін қызмет пен оны өтеу бойынша жол беруге болатын және қауіпсіз деңгейде тұр.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкіметтік борыш  2 222,0 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 11,5 пайызын құрады. Қазіргі кездегі инфляция мен пайыздық ставкалар деңгейінде, жылдың басында 10,6 пайызды құраған қарыздық жүктеменің лимиті (көрсетілетін қызметтерге және қарызды өтеуге арналған шығыстар республикалық бюджеттің кірісінің 15 пайызынан аспауы тиіс)  байқалады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау, ортамерзімдік кезеңде Қазақстан өзінің қарыздық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ете алмайтын шарттардың жоқ екенін көрсетті.

Қорытындылай келе 2010 жылы жүргізілген бақылау-тексеру жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті өткен жылы 7 284 бақылау объектілерін қамтыды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 15 пайызға аз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі

 

Қазіргі уақытта каржыны басқаруды жетілдіру - бүл үдерісте автоматтандырылган жүйелерді жасап, оларды каржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық эдістер мен электронды-есептеу техникасына   негізделген   басқарудыц   автоматтандырылган жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, каржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасай-тын есептеу жэне ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының экімшілік, экономикалық, математикалық эдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау жэне үлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді [9].

Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарыныц автоматтандырылган жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.

Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:

1) ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қамтамасыз ету;

3) багдарламалық қамтамасыз ету;

4) техникалық қамтамасыз ету;

5) ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;

6) технологиялық қамтамасыз ету;

7) кадрмен қамтамасыз ету. Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі

ҚЕАЖ жүйесінде бастысы болып табылады, бюджеттерді жасау жэне оның атқарылу үдерісін автоматтандырудың эдістемелік жэне үйымдық алғышарттарды жасайды, функциялық қосалқы жүйелерді кіріктіреді, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйелерді үйлестіреді жэне өзара байланыстырады, ҚЕАЖ-дің барлық деңгейлеріндегі жріыстың эдістемелік бірлігін анықтайды.

ҚЕАЖ-да эр түрлі функциялық қосалқы жүйелер болуы мүмкін: бюджеттің жиынтық есептері, мемлекеттің кірістері, мемлекеттік мекемелердің шығыстары және бюджет есебінен жүргізілетін шаралар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

«Бюджеттің жиынтық есептері» қосалқы жүйесінде есептердің кешендері бір текті есеп-қисаптардың топтары бойынша қалыптастырылған. Басқа қосалқы жүйелердің блок-тарында есептердің кешендері кірістердің немесе белгілі бір саланы немесе мекемелердің жэне шаралардың топтарын қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың түрлері бойынша бөліп көрсетілген.

Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылган жүмыс орындарын - АЖО-ны ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайда-ланылады. АЖО - кәсіби-бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын жэне белгілі бір кэсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық қүралдардың кешені. АЖО жабдығының үлгілік құрылымы:

1) микро-ЭЕМ базасында басқарудың құрылғысы;

2) бейнетерминал (дисплей);

3) магнит дискілеріндегі жинақтаушы;

4) деректер жинақталымының клавиатурасы;

5) шағынгабаритті басып шығаратын қондырғы

Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылган жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі белінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады. Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділікке жету үшін пайда-ланылатын шаралардың, эдістер мен қүралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйе ресурстардың жай-күйі мен олардың қозғалысының үдерістерін сипаттайтын басқару блоктарын кіріктіреді. КБАЖ-дағы қаржы есептері ақпараттардың (өндірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің жэне т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа объектілері бойынша шешілетіндіктен кэсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны кіріктіретін жэне есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырьшған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей қңэылады: үлкен ЭЕМ-ның ресур-старын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей жэне ДЭЕМ-мен жарақтанған жэне жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей. Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы жүйесінің төменгі деңгейлерінің техникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, көбейтудің, көшірудің, өңцеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпарат құралдарын пайдалануды қарастырады.

Информация о работе Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы