Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:06, курсовая работа

Описание работы

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Содержание

Кіріспе

3
1 Қаржы жүйесі түсінігі және оның мәні

1.1 Қаржы жүйесі ұғымы, оның құрылымы
5
1.2 Қаржының функциялары және рөлі
8
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

9
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрылымы
11
2.2 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
19
2.3 Мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің басты буыны ретінде

21
3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы

25
Қорытынды

32
Қолданылған әдебиеттер
33

Работа содержит 1 файл

КР каржылары каржы жуйеси.doc

— 330.50 Кб (Скачать)

Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтык қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.

2-ші  тұжырымдамаға сәйкес қаржы 3 функцияны атқарады:

- ақша қорларын қалыптастыру,

- ақша қорларын пайдалану;

- бақылау.

   Бірақ, ғылыми әдебиеттерде қаржыларға бұл функциялардан басқа да функциялар тән екенін табуға болады: өндірістік, ынталандырушы, реттеуші және т.б.

 

 

1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

 

        Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің үғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

        Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан — ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

        Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі - ақша қаражаттарының қорларын құруға, пайдалануға арналған қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

        Қаржы қатынастарының салалары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

         Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды [6].

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орта-лықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құкық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау мемлекеттік саясатты жүзеге асырғанда ұлттық және аумақтық ерекшеліктерді есепке алу.

  Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттың бірлігімен, бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілермен негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

 

 

2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

 

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрылымы

 

        Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:

1.                      Жалпымемлекеттік қаржы.

2.                      Шаруашылық субъектілердің қаржылары.

3.                      Халықтың қаржысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.  ҚР қаржы жүйесінің құрылымы

 

         Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Мемлекеттің қаржысы — қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің каржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет — экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын каржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар — қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықша нысаны.

Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.

Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жургізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім — қоғамның қаржы ресустарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы саласы болып табылады.

Халықтың (үй шаруашлығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес салаларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.

2010 жылғы бюджеттің атқарылуы Елбасы тапсырған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Бюджет саясаты тек дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге де бағытталған.

Елбасының Үндеуінен туындайтын еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру жөнінде шаралар кешені қабылданды. 

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөнінде жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге  деңгейінде бекітілді.

Салық саясаты саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді, нақты ынталандыру шаралары көзделді. Арнайы экономикалық аумақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында салық рәсімдері жеңілдетілді, салық режимі жақсартылды. Көлікке салынатын салықты есептеу мақсаттары үшін көлік құралдарын жіктеу тәртібі нақтыланды.

Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан босату жөнінде түзетулер көзделді.

Егер бюджеттің негізгі атқарылу қорытындылары туралы айтар болсақ, олар мынадай. Мемлекеттік бюджетке 4 388,8 млрд.теңге түсті, бұл 2009 жылға қарағанда 878,5 млрд.теңгеге көп. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 4 299,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 2 934,1 млрд. теңгені құрады.

Негізгі салық түрлері бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды, оған елдің оң даму қарқыны,  кеден одағына кіруге байланысты кедендік баждарды бөлу тетігін енгізу және алыс шет елден Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына импорттың өсімі, саланың ерекшелігіне байланысты іс жүзінде экспортталғанға қарағанда мұнай экспортының үлкен көлемі үшін уақытша декларациялар бойынша ақы төлеу нәтижесінде мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы түсімдерінің артуы, жоспарлыға  қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1 - 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің атқарылуы

Атауы

Жоспар

Факті

Ауытқуы
(3-б. - 2-б.)

Атқарылуы, %

2009 жылғы факті

Ауытқуы
(3-б. - 6-б.)

1

2

3

4

5

6

7

Салықтық түсімдер, жалпы

2 703,0

2 934,1

231,1

108,5

2 228,7

705,4

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

КТС

847,9

837,2

-10,7

98,7

643,7

193,5

ЖТС

301,3

312,3

11,0

103,7

264,0

48,3

Әлеуметтік салық

243,0

253,8

10,8

104,4

232,8

21,0

ҚҚС - жалпы

590,4

677,2

86,8

114,7

515,9

161,3

оның ішінде ІӨТ-ға ҚҚС

179,0

241,4

62,4

134,9

111,3

130,1

Импортқа салынатын ҚҚС

411,4

435,8

24,4

105,9

404,6

31,2

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

190,6

231,3

40,7

121,3

201,2

30,1

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салық

288,9

373,8

84,9

129,4

152,2

221,6

Информация о работе Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы