Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 08:37, курсовая работа
Кәсіпорынның өз қызметін дамыту және айналым құралдарын толтырудың негізгі көздері өздерінің жеке меншік қаржылық ресурстары мен коммерциялық банктің несиелері болып табылады. Мұндай кәсіпорындардың инвестициялық қызметін банктермен несиелендірудегі мәселесіне бұл дипломдық жұмыс арналған.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеу аумағында кездесетін проблемалардан тиімді шығу жолдарын, сонымен қатар банктерден кәсіпорын ұйымдарының несие алуындағы байланысының маңызын, мүмкіндіктерін анықтау.
Берілген жұмыстың зерттеу барысында обьект болып коммерциялық банк «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы таңдалды. Сәйкесінше, сол банктердің актив баптарын талдап, оның ішіндегі шағын және орта бизнсті несиелеудегі орнын айрықша қарастырылады
Кіріспе. ......................................................................................................... 3
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы несиенің ролі. ................................................... 7
1.1. Шағын және орта бизнестің дамытудың кредит ролі. ................7
1.2. Шағын және орта бизнеске берілетін несие түрлері. ................ 21
1.3. Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнеске несие
қолданылуының алғы шаралар және сәйкес банктік несиелеуді
жетілдіру. .............................................................................................. 21
ІІ-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікке коммерциялық банктермен несиелеу жағдайы (Ақтөбе облысы мысалында). ......................... 26
2.1 Қазақстан Республикасындағы және Ақтөбе облысындағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеуді талдау........................26
2.2 Ақтөбе облысындағы «Банк ЦентрКредит» АҚ – ның шағын және орта бизнесті несиелеу кредиттік портфелін талдау. ...................................................................................................................35
ІІІ-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру шаралары және оның перспективалары. ..................................... 47
3.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеудің жетілдіру жолдары. ................................................................................................................ 47
3.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу проблемалары және оларды жою жолдары. ...................................................................... 47
Қорытынды. ............................................................................................... 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі. ............................................
1991 жылдың тамызында банк
Қазақ Орталық Акционерлік
1993 жылдың маусымында банк SWIFT халықаралық төлемдік жүйесіне мүше болып қабылданды.
1994 жылдың қыркуйегінде
шағын және орта бизнесті
1995 жылдың мамырында Қазақстан
Республикасының Үкіметінің
1996 жылдың маусымында
банк Орталық Азия және
1997 жылдың сәуір айында Банк ЦентрКредитавстиялық Raiffaisen Investment AG және Ирландық Bank of Irland International Services Ltd бірігіп Twinning бағдарламасының қатысушысы болды.
1998 жылдың шілдесінде
« Жилстройбнак » Жабық
1999 жылдың шілдесінде
ұзақ мерзімді қаржыландыру
2000 жылдың ақпанында банк
жеке тұлғалардың салымдарын
сақтандырудың ұйымдық
2001 жылдың қаңтарында
«Жедел түсім » жүйесі бойынша
ақша қаражаттарын алғаш
2003 жылдың қаңтарында
банк филиалы « Капитал »
жинақтаушы зейнетақы қор №
0000021 мемлекеттік лицензиясын алды.
Масым айында Western Union халықаралық
жүйесіне көшу бойынша
2004 жылдың ақпанында АҚШ
– тың ауыл шаруашылық
2004 жылдың қаңтар айында
« Эксклюзив » журналының
«Банк ЦентрКредит» АҚ – ның 2004 – 2006 бухгалтерлік балансын талдау.
Банктің балансы шоттық мәліметтердің
негізінде құрылады. Банктегі бухгалтерлік
есептің шоттарының бағыты болып
шаруашылық процестері және банктік
қызмет және олардың барысына бақылау
жасау жөнінде ағымды ақпарлар алу
мақсатында шаруашылық құралдары және
банктік операцияларды
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік Қоғамының бухгалтерлік балансын талдайтын болсақ, әрбір банк өз қызметін бастамас бұрын өзінің меншікті капиталын жасақтайды (Қосымша №1).
Банктің 2004 жылғы балансы бойынша Жарғылық капиталы 5 166 988 мың теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2006 жылдың балансы бойынша 2 есе өсіп, 12 773 385 мың теңгені құрапотыр. Бұл аралықтағы абсолютті ауытқуы – 7 606 397 мың теңге. Ал өсу темпі – 40,45 пайызды құрады.
Сонымен қатар осы аралықтарда бағалы қағаздарды шығарудан түскен эмиссиондық табыста өскен. Оны келесі көрсеткіштерден көруге болады. 2004 - 2006 жылдары бұл табыс өзгерместен 1 022 мың теңгені көрсетсе, 2006 жылы 104 671 мың теңгені көрсетті, яғни 103 649 мың теңгеге өскен. Ол бағалы қағаздарға инвестициялық салымнан түскен таза пайда есебінен көбейіп отыр.бұл таза пайда 2006 жылы 193 387 мың теңгені көрсетіп отыр.
Меншікті капиталдың елеулі бөлігі бөлінбеген таза табыс. Бұл 2004 жылы 1 993 960 мың теңгені құраса, 2004 жылы – 4 467 536 мың теңгені, ал 2006 жылы – 8 203 774 мың теңгені құрады.
Жалпы меншікті капитал көлемі 2004 жылы – 7 440 592 мың теңге болса, 2006 жылы – 21 090 385 мың теңгеге жеткен, яғни 13 649 793 мың теңгеге өскен. Өсу темпі – 35,28 пайыз болды. Меншікті капиталдың бұндай көрсеткішке жетуіне бірінші кезекті бағалы қағаздарды шығарудан түскен эмиссиялық табыстан түскен түсімдерден болса, екінші кезекте жарғылық капиталдың екі есе өсуі де өз үлесін қосуда. Сонымен қатар арнайы қорлар үлесі азайғанымен, бөлінбеген таза пайда үлесі өз кезегінде өсіп отыр. Болашақта банкке арнайы, резервтік қорлар үлесін көбейту керек.
Банктер кіріс әкелетін активті операцияларды, оның ішінде несиелерді беруді өзіндегі бос ресурстар шеңберінде ғана жүргізе алады. Сәйкесінше нәтижесінде банктік ресурстар құралатын операциялар (пассивтік операциялар) активті операцияларға қатысты ( біріншілік ) бастапқы, анықтаушы рольді атқарады, оның алдыңғы жолын салады, кірісті операциялардың көлемі мен маштабын анықтайды. Кез келген шаруашылық субъектісі сияқты банктер де өз қызметтерін атқару үшін белгілі қаражатқа ие болуы керек.
Жалпы банктің міндеттемелері 2004 жылы 74 425 934 мың теңгені құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 163 393 052 мың теңгеге өсіп, 237 818 986 мың теңгені құрады.
Бұл міндеттеменің өсуіне клиенттердің мерзімді және талап етілмелі салымдары есебінен көбеюі болды. Бұл көрсеткіш 2004 жылы – 47 643 364 мың теңге, 2005 жылы – 91 521 696 мың теңге, 2006 жылы – 127 634 246 мың теңгені құрады. 2004 – 2006 жылдар аралығында бұл көрсеткіштің абсолютті ауытқуы – 79 990 882 мың теңгеге тең болды. Ал өсу темпі - 37,33 пайызды құрады.
Банктер мен басқа қаржылық ұйымдардың қарыздары меғн ақша қаражаттары да банк міндеттемесін көбейтіп тұр. Бұл көрсеткіш 2004 жылы - 20 728 383 мың теңгені құраған, ал 2006 жылы – 58 922 257 мың теңгені құраған, яғни бұл уақыт аралығында 38 193 874 мың теңгеге өскен. Өсімі 35,18 пайыз. Ал қалған басқа да міндеттемелер өз кезегінде 2004 жылы – 556994 мың теңге, 2005 жылы – 852 461 мың теңге, ал 2006 жылы – 2 429 639 мың теңгені құрады. 2004 – 2006 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 1 872 645 мың теңгеге өскен. Міне осы көрсеткіштердің барлығы банк міндеттемесін жоғарлатты. Яғни клиент салымдарының көбеюі банкке деген сенімділіктің артқанын көрсетеді. Сонымен қатар сәйкесінше банк активінің көбейетіндігін көрсетіп отыр. Яғни, банк пассиві қаншалықты деңгейде көбейсе, банк активі де соншалықты деңгейде көбейеді.
Оның қаншалықты дұрыс орналастырылғанын қарастыратын болсақ, банк активі 2004 жылы – 81 913 018 мың теңге, 2005 жылы – 148 511 135 мың теңге, ал 2006 жылы – 258 909 371 мың теңгені көрсетті. Бұдан көріп отырғанымыз әр жыл сайын банк активі өскен. 2004 – 2006 жылдар аралығында банк активі – 176 996 353 мың теңгеге өскен. Ал өсу темпі – 31,64 пайызды көрсетіп отыр. Банк активтерінің басым көпшілігі кіріс әкелетін жоғары өтімді активтер санатына кіреді. Оларды келесілерден көріге болады:
Біріншіден, клиенттерге берілген несиелер көлемі 2004 жылы – 52 068761 мың теңге, 2005 жылы – 92 140 565 мың теңге, 2006 жылы – 182497494 мың теңгеге өскен, яғни бұл аралықта банктің халыққа берген несие көлемі – 130 428 733 мың теңгеге артқан. Яғни, бұдан банк агрессивті несиелік саясатты ұстанып отырғанын көріп тұрмыз. Сонымен қатар банк дұрыс бағытта келе жатқанын байқаймыз.
Екіншіден, кіріс әкелетін активтердің бірі саудаға шығарылған бағалы қағаздар. Оның көлемі 2004 жылы – 1 481 079 мың теңгеболса, 2006 жылы бұл көрсеткіш – 9 161 864 мың теңгеге өсіп, 10 642 943 мың теңгені құрады.
Үшіншіден, инвестициялық бағалы қағаздар 2004 жылы – 8 999 865 мың теңге, 2005 жылы – 21 478 372 мың теңге, ал 2006 жылы – 36 622 958 мың теңгені көрсетіп отыр. Бұл аралықта инвестициялық бағалы қағаздар көлемі 27 623 093 мың теңгеге өскен. Бұлардан кіріс көлемі олардың ставкаларымен байланысты. Бұны банктің кіріс және шығыс есебінен көруге болады: 2006 жылы бұл түсім 259 591 мың теңгеге артқан, яғни 2004 – 2006 жылдар аралығында.
Төртіншіден, кіріс әкелмейтін, бірақ банктің беделін көтеретін, бұл банктің негізгі құралдары. 2004 жылы – 2 688 497 мың теңге, 2005 жылы – 3 234 244 мың теңге, ал 2006 жылы – 4 583 977 мың теңге құрады. Бұл аралықта 1 895 480 мың теңгеге өскен. Бұдан біз банк осындай көлемдегі ақшаға негізгі құралдар алғанын көреміз.
Және де соңғысы басқа да активтер 2004 – 2006 жылдар аралығында сәйкесінше келесі көрсеткіштерді көрсетті: 1 532 133 мың теңге, 2 074 492 мың теңге, 4 084 510 мың теңге. Абсолютті ауытқуы – 2 552 377 мың теңге. Ал өсу темпі – 37,51 пайыз.
Жалпы банк өзіне тартқан қаржыларын дұрыс, кіріс әкелетін активтерге орналастырған. Оны мынадан көруге болады. Актив құрамындағы кіріс әкелетін, жоғары өтімді активтер үлесі 2004 жылы – 78,23 пайыз, 2005 жылы – 85,51 пайыз, ал 2006 жылы – 89,86 пайыз.
Ал банктің өз қаржысын есептесек, 2004 жылы банктің меншікті капиталы – 9,1 пайыз, 2005 жылы – 8,2 пайыз, 2006 жылы – 8,1 пайызды көрсетті.
Бұдан көріп отырғанымыздай банк ≈ 90 пайызға жуық тартылған қаржылармен жұмыс істеп отыр. Бұл көрсеткіштен біз халықтың бұл банкке деген сенімділігінің мол екендігін көреміз және банктің бұл нарықта тура жолмен, дұрыс бағытпен келе жатқанын көреміз.
ІІІ-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру шаралары және оның перспективалары.
3.1. Шағын және
орта кәсіпкерлікті
Қазақстан Республикасының
шағын бизнес секторында жұмыс істейтін
кәсіпорындардың негізгі