Негізгі құраолдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 13:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Негізгі құралдар кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінде маңызды орын алады, себебі олар кәсіпорынның барлық материалдық – техникалық базасын құрайды және өндірістік қуатын анықтайды. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану үшін олардың бағалануы, сақталуы жайлы толық әрі дәл ақпарат болуы керек.

Работа содержит 1 файл

негізгі құралдар.doc

— 635.50 Кб (Скачать)
style="text-align:justify">     Ағымдағы жалгерлік деп қаржыландырылған жалгерліктен басқа кез – келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте активке деген меншік құқықтарымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға алынған негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.

     Мысалы, Кәсіпорынның меншігінде жабдық бар. Оның бастапқы құны      500 000 теңге. Кәсіпорынның әкімшілігі бұл жабдықты ағымдағы жалгерлікке беруді шешім қабылдады дейік. Ағымдағы жалгерліктің мерзімі бір жыл. Ай сайынғы жал ақысының көлемі 25000 теңгені құрайды (ҚҚС – сыз).

     «» ЖШС жабдықты жалға бергені үшін ай сайын 25000 теңге көлемінде табыс алып отырады. Бір жыл өткеннен кейін кәсіпорын жалдаудан 300 000 теңге көлемде табыс алады.

     Жабдық бойынша амортизация келесідей көрініс табады. Бұл жабдық бойынша бірқалыпты әдіс бойынша амортизация есептейік.

     А жыл = (БҚ – ЖҚ) / ҚМ;

     Мұндағы, БҚ – бастапқы құны;

     ЖҚ – жойылу құны;

    ҚМ – қызмет атқару мерзімі.

     А жыл = ( 500000 – 50000) / 20 =22500 теңге.

     А ай = 22500/12 = 1875 теңге.

     Принціп бойынша мүлік салығы :

     500000 * 0,05% = 25000 теңге.

     Сонда «Sadi групп» ЖШС – гі бір жыл мерзімге жалға бергені үшін келесідей табыс алады :

     Бір жылға жалға берген жалдаудан түскен таза табыс : 25000* 12 ай = 300000теңге.

     Бір жылға бергеннен жалдаудан түскен таза табыс : 300000 – 25000 = 275000 теңге.

     Кәсіпорында жалгерлікке байланысты шоттар корреспонденциясы 17 – кестеде келтірілген.

 

Кесте 17 – Кәсіпорында жалгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы.

 

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Сомасы

Дебет

Кредит

Ағымдағы жалгерлік келісім – шарты бойынша негізгі құралдар 12 айға берілді

2413

2413

500000

Жал ақысы есептелді

Ай сайын жыл бойында ҚҚС есептелді (12%)

1260

 

1260

6260

 

3130

25000

 

3000

Жалға алушыдан жал ақысы келіп түсті (ай сайын)

1030

1260

25000

Ай сайын есеп беру кезеңнен түсетін табыс жабылып отырды :

–          есепті кезеңнің табысы

–          есептелген ҚҚС (12%)

 

 

4420

4420

 

 

6260

3130

 

 

25000

3000

Жалға берілген негізгі құралдарға бойынша амортизация есептелінді (бірқалыпты әдіс)

 

7450

 

2423

 

1875

Жал мерзімі біткеннен кейін негізгі құралдар өз иесіне қайтарылды

 

2413

 

2413

 

500000             


     Пайдалану тиімділігі – кәсіпорын қызметінің нәтижелегін анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылады.

     Жалпы өнім құны = 500 000 теңге;

    Жалпы табыс = 300 000 теңге;

    Негізгі қорлардың орташа жылдық құны = 200 000 теңге.

Қор рентабельділігі = 1,5 теңге (300 000 теңге / 200 000 теңге), яғни негізгі қорлардың 1 теңгесіне 1,5 теңге пайда алатынын көрсетіп отыр.

     Кәсіпорын үшін бос тұрған негізгі қорларды жалға беру тиімді болып табылады.    

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Бұл дипломдық жұмысты қарастыра отырып кәсіпорындағы негізгі құралдар есебі мен аудит бойынша мынадай қорытындылар жасауға болады :

    «» ЖШС – де негізгі құралдар есебі ҚЕХС 16 «Негізгі құралдар есебі» стандартына сәйкес жүргізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте негізгі құралдарға құрлыс жұмыстарын жүргізуге және дайын өнімді жеткізуге (тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету үшін) және әкімшілік мақсаттарға арналған ұзақ уақытта қолданғуа арналған (1 жылдан астам) материалдық активтер жатады. Құрлыс инвентарі және кіші механизация жұмыстары негізгі құралдарға еңгізілмейді, себебі олар ұзақ уақытқа қолданылмайды және оларды тауарлы – материалдық қорларға жатқызамыз да «өзге материалдар» деп тозуына байланысты есептен шығару актісінің негізінде  есептен шығарылады.

     «SADI Групп» ЖШС – де негізгі құралдар мақсатты пайдаланылуына және атқаратын функциясына байланысты мына топтарға бөлінеді:

–        жер;

–        ғимараттар;

–        машиналар мен олардың жабдықтары;

–        көлік құралдары;

–        аяқталмаған құрлыс;

–        өзге де негізгі құралдар.

     Кәсіпорында негізгі құралдар қаржылық салым ретінде (жаңа ғимараттарды және де басқа құрлыс объектілерінің  салынуы) құрылады және басқа жеке және заңды тұлғалардан сатып  алынады, сонымен қатар ақысыз тегін алынуы мүмкін.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте амортизацияны есептеу бастапқы құннан бір қалыпты есептен шығару (тура жолды) әдісі арқылы есептелінеді. Бұл әдіс бойынша амортизацияны есептегенде объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу ұзақтылығына болжауға негізделген.

     Негізгі құралдар объектілерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстап тұру үшін өндіріс барысында арнайы профилактикалық іс– шараларды жүргізу, сондай–ақ оны тұрақты жөндеу мақсатқа сай болады. Профилактикалық іс–шаралар объектінің әр түрлі жүйелерін қосымша күтуден, ретке келтіруден және реттеуден тұрады. Техникалық тұрғыдан алғанда негізгі құралдар жөндеудің алуан түрлері неғұрым күрделі болып табылады. Осы техникалық іс–әрекеттердің шығындары және олардың тиімді әсер етуі маңызды болуы мүмкін. Кәсіпорында негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеу де жүргізіледі. Күрделі жөндеу негізгі құралдар объектісінің тарату (қалдық) құның және (немесе) оның пайдалы пайдалану мерзімін ұлғайтатын шығыс ретінде қарастырылады. Егер күрделі жөндеу нәтижесінде негізгі құралдардың пайдалану сипаты, олардың өнімділігі және тиімділігі жақсарады. Негізгі құралдар объектілерін ағымдағы жөндеу немесе қызмет көрсету кәсіпорын күтетін болашақ экономикалық пайдаларды қалпына келтіру немесе сақтау үшін, яғни объектілерді ұстап түру және қалыпты жұмыс істеуі үшін жүзеге асырылады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың жекелеген тозған тетіктерін оларды жұмыс жағдайында ұстап түру үшін ауыстырудан немесе түзетуден тұрады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдарды пайдалану барысында жүргізеді. Бұл шығындар олар жұмсалған кезеңнің шығындарымен танылады.

     Жұмысты жүргізу және сипаты туралы шешім кәсіпорынның басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Жөндеу жүргізу алдында негізгі құралдарды инженерлік – техникалық қызметкердің өкілдері зеттейді. Алдын – ала тексеру материалдарды және олардың көлемі мен жоспарлаған жұмыстың ұзақтығы туралы ұсыныстар кәсіпорынның директорына өткізіледі, кәсіпорынның директоры жұмыс объектісін жан – жақты тексеру үшін комиссия тағайындайды. Комиссия объектіні техникалық тексеру актісін жасайды, бұл актіде объектідегі жұмыстың сипаты және көлемі туралы тұжырымдар болады. Оған негізгі құрылымдық элементерден анықталған ақаулардың тізбесі немесе жабдықтан анықталған ақаулар туралы акт қосылады.

     Аталған құжаттарды кәсіпорынның директоры бекітеді. Одан кейін алынған құжаттама негізінде жұмыстың жобасы немесе ұйымдастыру кестесі, сондай–ақ сметалық – техникалық құжаттама жасалынады. ЖШС – те жөндеу жұмыстарын арнайы кәсіпорындармен келісім – шарттың негізінде жүргізіледі, яғни мердігерлік әдіспен. Жөндеу жұмыстарына ақы мердігерлердің шотында қабылдау – тапсыру актісінің негізінде жүргізіледі.

     Кәсіпорында 01.01.08 – 01.02.08 жыл аралығынада жүргізілген аудиторлық тексеріс бойынша кәсіпорынның негізгі құралдары бойынша бухгалтерлік есебінде ешқандай айтарлықтай ауытқу болмаған. Кәсіпорында негізгі құралдар тәртіпке сәйкес дұрыс сақталуда, негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша амортизациялық аударымдар дұрыс есептелуде, қайта бағалау қазіргі нарықтағы бағаларға сәйкес уақытында дұрыс жүргізілген, тек қана негізгі құралдардың кейбір объектілерін кірістеген кезде, атап айтатын болсақ Телекамера SDC – 415 пен  Сваркалық трансформатор ТДМ 503 У2/380 негізгі құралдарында келіп түскен уақыты мен бухгалтерлік есеп регистірлеріне тіркеу уақытында ауытқу байқалған. Телекамера SDC – 415 кәсіпорынға 2008 жылдың 12 маусымында келіп түссе, ал ол кәсіпорынның негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік есеп регистірлеріне алты күнге кешіктіріліп 2008 жылдың 18 маусымында тіркелген, ал Сваркалық трансформатор ТДМ 503 У2/380 кәсіпорынға 2008 жылдың 13 маусымында келіп түссе ол кәсіпорынның негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік есеп регистірлеріне 7 күнге кешіктіріліп 2008 жылдың 20 маусымында тіркелген. Бұл негізгі құрал объектілерінің тозуын есептеуде қиындықтарға әкелуі мүмкін.

     Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау негізінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің ішінде үлкен үлесті өндіріс көлемін артыратын негізгі құралдар алып жатқаның көруге болады. Кәсіпорынның барлық ұзақ мерзімді активтерінің ішінде 96,5 % – ын негізгі құралдар алып отыр.Негізгі құралдрдың үлесінің жоғары болуы кәсіпорын үшін тиімді болып табылады, себебі өндіріс көлемін артырудың негізгі фактілерінің бірі – олардың өндірістік негізгі қорлармен қажетті көлемде қамтамассыз етілуі және олардың неғұрлым тиімді пайдалануы болып табылады. Авансталған капиталда заемдық капитал үлесі жоғары, бұл кәсіпорын қызметінің тартылған қаражаттар есебінен жүргізетінің айтады. Кәсіпорында баланс өтімділігінің көрсеткіштері шекті мәндерге жауап бермейді, тек 2007 және 2008 жылдары жалпы өтімділік көрсеткіші ғана шекті мәнге жауап берген.

     «» ЖШС – гі бойынша негізгі құралдарға жүргізілген талдау негізінде келесідей қорытынды жасауға болады. Кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамы мен құрлымына жүргізілген талдау негізінде кәсіпорынның негізгі құралдарының ішінде үлкен үлесті ғимараттар мен құрлыстар және машиналар мен жабдықтар алып отыр. Кәсіпорынның негізгі құралдарының ішінде үлкен үлесті машиналар мен жабдықтардың алуы жағымды фактор болып табылады, себебі машиналар мен жабдықтар кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасын құрайды, әсіресе кәсіпорынның негізгі қызметі құрлыс объектілерін салумен байланысты кәсіпорындар үшін. 2007жылы 2006 жылмен салыстырғанда кәсіпорынның негізгі құралдарының барлық түрлерінде де өсу факторы байқалады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 339688 мың теңгеге өскен, ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 33981 мың теңгеге төмендеген. Ғимараттар мен құрлыстар 10009 мың теңгеге өскен, ал қалған барлық негізгі құралдарда төмендеу факторы байқалады. Сондықтан да кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысын, яғни кірісі мен шығысына талдау жүргізу керек.

     2008 жылы көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның негізгі қорларының 2,5 % осы жылы енгізілген, яғни жаңару коэффиценті төменгі деңгейді көрсетеді. Егер негізгі құралдар осы қарқынмен ауыстырылса, онда олар тек 15 жылда бір рет қана толығымен жаңартылады. Бұл жағымды фактор болып табылмайды. Кәсіпорындар үшін негізгі құралдардың жоғарғы қарқынмен жаңарып отыруы тиімді болып табылады. Негізгі құралдардың жоғарғы қарқынмен жаңарып отыруы әсіресе сапалық тозуды болдырмайды. Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер көзі             

 

1. Кеулімжанов Қ.К.. және басқалары. Қаржылық есеп. – Алматы.: экономика, 2001 – 324 б.

2. Михалева Е. Учет основных средств // Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – 2009. – № 3. – 31 с.

3. Савельева И. Основные средства // Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – 2009. –  № 1. – 57 с.

4. Нурахметова Л. Списание ОС и НМА, не приносящих экономической выгоды при трансформации баланса // Учет и Аудит Казахстана. – 2008. – № 7. – 10 с.

5. Учет основных средств // Путивадитель бухгалтера. –  ТОО Дәуір. Алматы – 2009. – 127 б.

6. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. – Алматы.: экономика, 2005 – 309 б.

7. Иванова И. Негізгі құралдарды есептеу //Бухгалтер бюллетені. – 2009. – № 45 – 13 б.

8. Михалева Е. Активтер негізгі құралдардың объектілері ретінде // Бухгалтер бюллетені. – 2009. – № 50 – 3 б.

9. Радостовец В.К. , Ғабдуллин Т.Ғ. , Радостовец В.В. , Шмид О.Н. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2003 – 728 б.

10. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп. – Алматы, 2007 – 325 б.

11. Учет долгосрочных активов в формате МСФО – Алматы, Издательство Lem, 2007 – 262 б.

12. Салина А.П. Принципы бухгалтерского учета. – Алматы.: экономика, 2003 – 2003 – 369 б.

13. Попова О.С. Справедливая стоимость комплекса основных средств // МСФО журнал для бухгалтеров и финансовых менеджеров. – 2008. – № 6 – 7 б.

14. Мухарицин О. Негізгі құралдарды қайта бағалау : есептеу мен есеп әдістемесі  // Бухгалтер хабаршысы. – 2009. – № 9 – 9 б.

15. Барабашева О. Учет недвижимости, зданий, оборудования (Основных средств) // Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – 2007. – № 3 – 5 с.

16. Федько Р. МСФО (IAS) 16 «Основные средства» // МСФО журнал для бухгалтеров и финансовых менеджеров. – 2008. – № 5. – 21 с.

Информация о работе Негізгі құраолдар есебі