Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 13:38, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Негізгі құралдар кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінде маңызды орын алады, себебі олар кәсіпорынның барлық материалдық – техникалық базасын құрайды және өндірістік қуатын анықтайды. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану үшін олардың бағалануы, сақталуы жайлы толық әрі дәл ақпарат болуы керек.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі – ғылыми – техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Шаруашылық субъектілерінде өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Бірақ шаруашылық субъектілері қандай меншікте болса да (мемлекеттік,жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді :
– жер;
– кітапхана қорлары;
– фильм қорларына;
– архетектуралық және өнер ескерткіштеріне;
– өнімді малдарға;
– музейлік құндылықтарға;
– жалпылай пайдаланылатын көлік жолдарына.
Сонымен қатар амортизациялық аударым мындай жағдайларда есептелмейді:
– қайта құру;
– жаңарту;
– техникалық қайта қаруландыру жұмыстарын жүргізген кезде және негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде /1/.
Негізгі құралдарды сапалық тоздыратын факторлар:
1) өндірістегі жабдықтар мен жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру);
2) технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды қолдану мүмкін емес);
3) шығарылған өнім наменклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4) тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саның азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
5) жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;
6) өнеркәсіптің өндеуші саласындағы шикізат құрамындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндеуші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сапалық тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырылады. Сапалық тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңартады. Мұражай және қылқалам құндырықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральді тозуға бейім /10/.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдардың тозуы дегеніміз олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер және тағы басқалары) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте – бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» деп аталады. Амортизация сөзі латын сөзінен аударғанда «өтеу» деген мағнаны білдіреді /1/.
Амортизация – тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте – бірте төмендету). Амортизациялық құн дегеніміз – бастапқы құн мен пайдалы қызмет соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын баға арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.
Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық сомасының қатынасы /6/. Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдардың өтелуінен нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарның техникалық – құрлымдық және материалдық – заттық ерекшелігіне, пайдаланудағы негізгі құралдардың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталынады /10/.
Негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімі бойында міндетті түрде белгілі бір жүйемен аударылып отырады. Кем дегенде есептік кезеннің соңында негізгі құралдар бойынша қалдақ құн мен олардың пайдалы қызмет мерзімі қайта қарастырылып отырылуы мүмкін.
Негізгі құралдардың әділетті құны баланстық құнынан көп болуына да қарамастан негізгі құралдар бойынша амортизация есептеліне береді, ал егер олардың баланстық құны жойылу құнынан аспайтын болса, онда амортизация есептелінбейді. Негізгі құралдардың бастапқы құнынан олардың жойылу құнын алып тастау арқылы амортизациялық аударым көлемі анықталынады /17/.
Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп, берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдын алғашқы күндерінде доғарылады.
Қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыру уақытында олар мүлдем тоқтатылған және негізгі құрал – жабдықтарды тоқтатып қойған жағдайда амортизацияны есептеу жүргізілмейді /6/.
№6 – шы «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизация – бұл активтің қызмет ету мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құның жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі. Амортизациялық құн бастапқы құн мен жою құны арасындағы айрманы білдіреді, жойылу құны негізгі құралдар түскен кезде қосалқы бөлшектердің, металл қалдықтарының, пайдалы қызмет мерзімі біткен кезде пайда болатын қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады /9/.
Автор Баймуханова С.Б ойы бойынша амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құның тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі құралдардың жай және кеңейтілген өндірісіне аударудың объективтік процесі /10/.
Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептен шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметердің өзіндік құнына қосылады.
Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.
Негізгі құралдардың баланстық құны қолданылу аясында тапқан экономикалық пайдасына байланысты амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы азаяды /3/. Шаруашылық субъектілерінде жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептелінеді. Ал субъектінің балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді /1/.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырған кезде амортизация есептелмейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды.
Сатып алу құның төлегеннен кейін ұзақ мерімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады /9/.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер негізгі құралдардың жағдайын жақсартатын және, демек, қызмет мерзімін ұзартатын бұдан былайғы шығындарды, сондай – ақ осы мерзімді қысқаратын технологиялық өзгерістерді ескере отырып, негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімін қайта қарай алады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әр түрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда және өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілдері бойынша жүргізіледі. Есеп саясатында көрсетілген әдісті бір есеп беру кезеңінен екіншісіне дейін дәйекті түрде қолданылып отырады. Амортизация есептеу әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді тудыратын себептер ашылып көрсетілуі тиіс.
Бюджеттік мекемелер бойынша тозатын негізгі құралдарға тозуды есептеу әдісін таңдау құқығы уәкілетті органдарға, яғни мекемелерге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға беріледі.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әр түрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады және негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеудің әдісін таңдаған кезде бұл активтен алатын табысқа басты назарды аудару керек болып табылады. Амортизациялау әдісі кем дегенде қаржылық жылдың аяғында бір рет қайта қарастырылуы керек. Амортизацияны есептеудің әдістері:
1) құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі;
2) құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе – тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс);
3) қалдық құнның кемуі (қалдықты азайту) әдісі /1/.
Негізгі құралдардың тозуы нәтижесін көрсететін есептелген амортизациялық сома есепті жылдың шығындарын (өнім өндірудегі өндірістік шығындарды және кезеңдік шығындарды) көбейтіп, табыс көлемі мен баланс сомасын азайтады /18/.
Негізгі құралдар бойынша пайдалы пайдалану мерзімін анықтаған кезде субъект келесі факторларды есепке алуы қажет :
1) активті пайдалану режимін;
2) объектіні қолданудаға ауысым саны, жөндеу және қызмет көрсету программасы, сонымен қатар уақытша қолданылмай тұрған кездегі күтуі сияқты өндірістік факторларға байланысты табиғи тозуын;
3) өндірістің өзгеруі мен дамуына байланысты және негізгі құралдарды пайдалану арқылы пайда болатын өнім мен қызмет көрсетуге нарықтың сұранысының өзгеруі әсерінен сапалық тозуын;
4) заңдық және тағы да басқа сол сияқты негізгі құралдарды қолдануға тыйым салуын, яғни жалға алу мерзімі аяқталу сияқты;
Әрбір кезеңде амортизациялық аударым табыс немесе зиян ретінде таңылуы керек, басқа активтің баланстық құнына енгізген жағдайды ескермегенде.
Негізгі құралдардың пайдалануға дайын кезіңен бастап, яғни пайдалану орнында және жұмыс істеуіне жарамды жағдайынан бастап амортизациялық аударымдар есептелінеді, ал амортизация есептеу тоқтатылады, егер негізгі құрал сатылымға жіберілсе немесе оларды актив ретінде тану тоқтатылған кезде /19/.
Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі барынша қарапайым әдіс болып табылады, бұл бойынша объектінің амортизацияланатын құны ай сайын бірдей сомада есептен шығарылады.
Бұл әдіс бойынша амортизацияны есептегенде объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу ұзақтылығына болжауға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралдарға есептелген амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдардың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен жойылу құнның айырмасын объектінің пайдалану кезіңдегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі /1/.
Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады :
ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай – күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер. Негізгі құралдарды ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді негізгі құралдардың күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзартуына әкеп соқтырады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқынындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады. Сонымен қатар, амортизациялық соманы Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде аудару керек. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі белгіленген нормалар, салық заңнамасының нормасынан аспауы керек /9/. Бұл әдісті негізгі құралдарды пайдаланудан түскен табыс оны пайдалану мерзімінде бірден пайда болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдалынады /10/.