Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 13:38, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Негізгі құралдар кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінде маңызды орын алады, себебі олар кәсіпорынның барлық материалдық – техникалық базасын құрайды және өндірістік қуатын анықтайды. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану үшін олардың бағалануы, сақталуы жайлы толық әрі дәл ақпарат болуы керек.
Кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның негізгі құралдарында құбылмалы фактор байқалады. Кәсіпорынның негізгі құралдары 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 339688 мың теңгеге өскен. Кәсіпорынның негізгі құралдарының барлық түрлерінде де өсім байқалады. Бұл әрине оң фактор болып табылады. Ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 33981 мың теңгеге төмендеген, біріқ кәсіпорынның негізгі құралдары 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие болып отыр. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда негізгі құралдардың барлық түрлерінде төмендеу факторы байқалады, тек ғимараттар мен құрлыстар 10009 мың теңгеге өскен. Бұл жағымды әсер болып табылмайды. Негзгі құралдар сомасының төмендеуін амортизациялық аударым арқылы түсіндіруге болады. Негізгі құралдардың ішінде басым үлеске өндірістік негізгі құралдар алып отыр. Бұл жағымды фактор болып табылады. Өндірістік негізгі құралдарға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өндірістік қызметті жүзеге асыруға қатысатын ішкі өнім шығаратын негізгі құралдарды жатқызамыз, ал өндірістік емес – жалпы ішкі өнімді шығармайтын, бірақ оны тұтынатынуға бағытталған негізгі құралдарды жатқызамыз.
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың құнының үш жыл ішіндегі өзгерісін 1 – суреттен көруге болады.
Сурет 1 – «» ЖШС– гі негізгі құралдардың бағасының динамикасы
1 – суреттен көріп тұрғандай кәсіпорынның негізгі құралдарында құбылмалы фактор байқалады. 2006 жылы 149395 мың теңгені құраса, ол 2007 жылы 339688 мың еңгеге жоғарлап 489083 мың теңгені құраған, ал 2008 жылы кәсіпорынның негізгі құралдарында төмендеу факторы байқалып ол 455102 мың теңгені құраған.
Кәсіпорынның негізгі құралдарының түрлері бойынша динаимкасы 2 – суретте көрсетілген.
Сурет 2 – Кәсіпорындағы негізгі құралдардың түрлері бойынша динамикасы
2 – суреттен көріп тұрғандай кәсіпорынның негізгі құралдарының барлығы да 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда жоғарғы қарқынмен өскен, ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда төмендеу факторы байқалады
2006 жыл
2008 жыл
Сурет 3 – «Sadi групп» ЖШС – гіндегі негізгі құралдардың құрлымы
3 – суреттен көріп тұрғандай кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Негізгі құралдардың ішінде ғимараттар мен құрлыстар және машиналар мен жабдықтардың үлесі жоғары. Кәсіпорынның негізгі құралдарын 2006 жыл мен 2008 жылдар аралығын салыстыратын болсақ, бұл жылдар аралығында көп өзгеріс бола қоймаған, тек ғимараттар мен құрлыстардың үлесі өсіп, басқа да негізгі құралдардың үлесі аздап төмендеген.
Негізгі құралдарды пайдалануды талдауда олардың қозғалысы мен жағдайын талдау үлкен мәнге ие. Негізгі құралдардың қозғалысы мен жағдайы 14 – кестеде көрсетілген.
Кесте 14 – Кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы мен жағдайының көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Мәні
| Өзгеріс(+ –) | |||
2006ж |
2007ж |
2008ж | 2007ж/ 2006ж | 2008ж/ 2007ж | |
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны, мың тг | 96126 | 149395 | 489083 | +53269 | +339653 |
Келіп түскен қорлар құны, мың тг | 59658 | 382498 | 32550 | +322840 | –349948 |
Есептен шыққан қорлар құны, мың тг | 6389 | 42810 | 66531 | +36421 | +23721 |
Негізгі қорлардың жыл соңындағы құны, мың тг | 149395 | 489083 | 455102 | +339688 | –33981 |
Жинақталған тозу сомасы, мың тг | 55740 | 59810 | 62920 | +4070 | +3110 |
Жаңару коэффиценті,% | 39,3 | 78,2 | 2,5 | +38,9 | –75,7 |
Жаңару мерзімі, жыл | 1,6 | 0,4 | 15,0 | –1,2 | +14,6 |
Шығу коэффиценті,% | 6,6 | 28,6 | 9,3 | 22,0 | –19,3 |
Жарамдылық коэффиценті, % | 155,4 | 327,3 | 93,1 | +171,9 | –234,2 |
Тозу коэффиценті, % | 58,0 | 40,0 | 12,9 | 18,0 | –27,1 |
15 – кесте мәліметтері бойынша 2008 жылы кәсіпорынның негізгі қорларының 2,5% осы жылы өндіріске енгізілген, яғни жаңару коэффиценті өте төмен деңгейді көрсетеді. Бұл жағымды фактор болып табылмайды. Егер негізгі құралдар осы қарқынмен ауыстырылса, онда олар тек қана 15 жылда толығымен жаңартылады. Тозу коэффиценті 12,5% құрайды, яғни негізгі қорлар құнының 12,5 % техникалық тозығы жеткен негізгі құралдар болып табылады. Демек кәсіпорынның негізгі қорлары толық техникалық тозығы жеткен деп айтуға болмайды. Бұл көрсеткіштер 2007 жылмен салыстырғанда төменгі деңгейді көрсетіп отыр. Кәсіпорында 2007 жылы жаңару коэффиценті 78,2 % – ды құраса, ол 2008 жылы 75,7% – ға төмендеп 2,5% – ды құраған. Бұл жағымды фактор емес. Кәсіпорынада негізгі құралдар тез жаңарып отырса, яғни маральдық және техникалық тозығы жеткен негізгі құралдар аз болса, ол соғұрым кәсіпорын үшін тиімді болып табылады.
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі – кәсіпорын қызметінің нәтижелігін анықтаушы негізгі факторлардың бірі. Негізгі қорлардың пайдалану тиімділігіне баға беруге келесідей көрсеткіштер жүйесі есептелінеді :
– Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің
өнімі өндірілгенің сипаттайды.
– Қор сиымдылығы – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі
құралы пайдаланғаның сипаттайды. Ол қор қайтарымына қарама – қарсы көрсеткіш болып табылады.
– Қорлардың рентабельділігі – негізгі қорлардың 1 теңгесіне неше теңге
пайда алатының сипаттайды.
Кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану тиімділігінің көрсеткішері 15 – кестеде көрсетілген.
Кесте 15 – Кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Мәні | Өзгеріс (+ –)
| |||
2006 ж | 2007ж | 2008ж | 2007ж/ 2006ж
| 2008ж/ 2007ж
| |
Жалпы өнім құны, мың тг | 195655 | 556860 | 210660 | + 361205 | – 346200 |
Жалпы табыс, мың тг | 11290 | 101576 | 98643 | +90286 | – 2933 |
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың тг | 80560 | 110555 | 102110 | +29995 | –8445 |
Қор қайтарымы, тг | 2,428 | 5,036 | 2,459 | +2,608 | –2,577 |
Қор сиымдылығы, тг | 0,411 | 0,198 | 0,406 | – 0,213 | + 0,208 |
Қорлардың рентабельділігі,%
| 14,01 | 91,87 | 96,60 | + 77,86 | + 4,73 |
Берілген кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларың 1 теңгесіне 2,428 теңгенің өнімі өндірілген, ал 1 теңгенің өнімін өндіру үшін 0,411 теңгенің негізгі қорлары пайдаланған. Негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесінен 14 теңге пайда алады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қор қайтарымы өсіп отыр, ол негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің артқаның көрсетеді және керісінше 2008 жылы 2007 жылға қарағанда қор қайтарымы 2,577 теңгеге төмендеген. Қор қайтарымының өсуі жалпы өнім көлемін артырудың негізгі факторларының бірі. Оны сипаттау үшін жалпы өнім көлемін келесідей үлгілермен бейнелеуге болады :
Мұндағы Ф = негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық өқұны; Н = қор қайтарымы.
Кесте мәләметтері бойынша 2008 жылы жалпы өнім құны 346200 мың теңгеге кеміп отыр, оның ішінде :
а) негізгі қорлар құнының жоспарлы деңгейден 8445 мың теңгеге кемуінен жалпы өнім құны 20509 мың теңгеге кеміді.
(Ф1 – Ф0 ) *Н 0 = (102110 – 110555) * 2,4286 = – 20509 мың теңге.
б) қор қайтарымының 2,577 теңгеге кемуінен жалпы өнім құны 303664 мың теңгеге кеміді.
(Н1 - Н0 ) * Ф 1 = (2,0630 – 5,0369)*102110 = – 303664 мың теңге.
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттаушы көрсеткіш – қорлардың рентабельділігі. Талданып отырған кәсіпорында 2008 жылы қор қайтарымы төмендесе де, қорлардың рентабельділігі жоғарлап отыр. Оның себебін анықтау үшін қорлардың рентабельділігінің факторлық үлгісін құру қажет. Қорлардың рентабельділігі (Rф) қор қайтарымынан (Н) және өнімнің рентабнльділігінен (Rө ) тәуелді :
Жоғарыдағы екі фактордың қорлардың рентабельділігіне әсері 16 – кестеде келтірілген.
Кесте 16 – Кәсіпорындағы қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне факторлардың әсері
Көрсеткіштер
| Мәні | Өзгеріс (+ – )
| |||
2006ж | 2007ж | 2008ж | 2006ж/ 2007ж | 2007ж/ 2008ж | |
Жалпы өнім құны, мың тг | 195655 | 556860 | 210660 | + 361205 | – 346200 |
Жалпы табыс, мың тг | 11290 | 101576 | 98643 | +90286 | – 2933 |
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың тг | 80560 | 110555 | 102110 | +29995 | –8445 |
Қор қайтарымы, тг | 2,428 | 5,036 | 2,459 | +2,608 | –2,577 |
Өнімнің рентабельділігі, % | 5,77 | 18,24 | 39,28 | +12,47 | +21,04 |
Қорлардың рентабельділігі, % | 14,01 | 91,87 | 96,60 | + 77,86 | + 4,73 |
Қорлардың рентабельділігіне факторлардың әсері, % – қор қайтарымының өзгерісі – өнімнің рентабельділігінің өзгерісі |
х |
х |
х |
+15,04 +62,79 |
– 47,00 +51,73 |
Кесте мәліметері бойынша қорлардың рентабельділігінің деңгейінде екі жылда да өсу факторы байқалады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 77,86 пайыздық пунктке жоғарылаған, ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 4,73 пайыздық пунктке жоғары. Олардың өзгерісіне қорлардың қайтарымы мен өнімнің рентабельділігі қалайша әсер еткенің анықтау үшін абсолютті айырмашылықтар әдісін қолдануға болады.
2007 жылы қор қайтарымының 2,608 теңгеге жоғарлауынан қорлардың рентабельділігі 15,04 пайыздық пункке жоғарлады :
(5,036 – 2,428) * 5,77 = + 15,04 %
2007 жылы өнім рентабельділігінің 12,47 пайыздық пунктке жоғарлауынан қорлардың рентабельділігі пайыздық пунктке жоғарлады :
(18,24 – 5,77) * 5,036 = + 62,79 %.
Ал 2008 жылы қор қайтарымының 2,577 теңгеге төмендеуінен қорлардың рентабельділігі 47,00 пайыздық пунктке кеміді :
(2,459 – 5,036) * 18,24 = – 47,00 %
Өнім рентабельділігінің 21,04 пайыздық пунктке жоғарлауынан қорлардың рентабельділігі 51,73 пайыздық пунктке жоғарлады :
(39,28 – 18,24) * 2,459 = + 51,73 %.
3.3 Негізгі құралдар есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
«» ЖШС – де негізгі құралдар жалға алмайды және де жалға бермейді, сондықтан оларда жал есебі жоқ деп айтуға болады. «Sadi групп» ЖШС – гінің алдыңғы жылғы өзінің таза пайдасын жоғарлатуы үшін негізгі құралдарға байланысты жал есебі бойынша экономикалық тиімді ұсыныстарды енгізейік.
Кәсіпорын үшін өзнің өзінің қаржылық жағдайын және төлем қаблеттілігін бағалай келіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін өз меншігіне қорда тұрған, яғни қазіргі уақытта қолданыста емес негізгі құралдарын жалға беруі кәсіпорын үшін тиімді болып табылады.
«Sadi групп» ЖШС – гі өз меншігіндегі негізгі құралдарын жалға беруін ұсыну алдында жал есебіне жалпы сипаттама берейік.
ХҚЕС № 17 «Жал есебі» стандартына сәйкес жал дегеніміз – келісімге сәйкес жалға беруші жалға алушыға келісілген мерзім ішінде активті пайдалану құқықтарын жал төлемдеріне ауыстыру арқылы беріледі.
Жал дегеніміз – көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім – шартпен рәсімделінеді, сондай – ақ кез – келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей – ақ ұзартылуы мүмкін.
Төменде біз ағымдағы жалгерлікі есептеу жолдары мен мен оларға байланысты «» ЖШС – де экономикалық пайданы алуын көрсетеміз.