«Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін және акция шығарылымын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 18:41, курсовая работа

Описание работы

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.

Содержание

КIРIСПЕ ..................................................................................................................3
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi ...............................................................5
1.2 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде ...................14
1.3 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ...........17
II «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АКЦИЯНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау .....................................................................................................................24
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін және акция шығарылымын талдау ..........................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 301.00 Кб (Скачать)

Акционерлік қоғамның қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды: /9, 49 б/

  • Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
  • Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры,  қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
  • Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
  • Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде , мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
  • Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
  • Сақтаныру  органдарымен  мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде;

Акционерлік қоғамның қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:

  • Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
  • Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
  • Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
  • Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады.

Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

  Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционерлердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.  Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қоытындысы бойынша жариялайды.

Нарықтық экономика  жағдайында жұмыс iстеушi акционерлік  қоғамдардың   қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесiлер  болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзiмiндегi өзгерiсi;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздерi арасындағы сәйкессiздiктi, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиiмдiлiктi зерттеу;
  • айналым капиталының көлемiн, оның өсуiн немесе кемуiн және ағымдағы мiндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
  • қаржы-есептiк және несие ережесiн сақтау;
  • қоғамның активтерi және оның мiндеттемелерiнiң құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердiң айналымдылық есебi, оның iшiнде дебиторлық борыш және қорлар есебi;
  • баланстың өтiмдiлiгiн, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының  және төлеу қабiлеттiлiгiнiң абсалюттiк және салыстырмалы көрсеткiштерiн анықтау;
  • акцияонерлік қоғам  табыстылығын бағалау;
  • кәсiпорының табысының салыстырмалы көрсеткiштерiн, сондай-ақ олардың деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi факторларды есептеп шығару;
  • акционерлік қоғамның iскерлiк белсендiлiгiн анықтау;
  • кәсiпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзiмдi болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтап, соның негiзiнде кәсiпорынның қаржы саясатын iске асыру болып табылады.

Акционерлік қоғамдардың  қаржылық жағдайын талдау кәсiпорынынң шаруашылық қызметiн талдаудың қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Және де ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндiрiс және өткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстiк және қаржылық қызметтi ұйымдастырады. Кәсiпорынның қаржылық қызметi – бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде өз уақытымен түсуi мен тиiмдi пайдаануына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсiпорынынң тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуге бағытталуы тиiс. /3, 117 б/

Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастырғанда қаржылық, өндiрiстiк және коммерциялық қаржылардың арасында тығыз байланыс пен өзароа тәуелдiлiк бар. Осылайша қаржылық қызметтiң жетiстiгi, көбiнесе оның өндiрiстiк сату көрсеткiштерiмен анықталады.

Жоғары сапалы өнiмдi үздiксiз өндiру және өткiзу кәсiпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерiн тигiзедi. Өндiрiс процесiнде өнiм сапасының төмендеуi және оны сатудың қиындықтары кәсiпорын шотына ақша қаражаттарының келiп түсуiне кедергi жасайды, нәтижесiнде кәсiпорынның төлеу қабiлетi төмендейдi.

   Акционерлік қоғам  қаржысы қаржы жүйесiнiң маңызды  сфераларының бiрi ретiнде құн  түрiндегi ЖIӨ жасау, бөлу және  пайдалану процестерiн қамтиды.  Сондықтан корпорация қаржысы  материалдық өндiрiс кәсiпорындары  қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастыру қағидаларымен бiрдей болып келедi.

Жалпы экономикалық негiзде  кәсiпорынның және корпорацияның қаржысын тиiмдi ұйымдастыру қағидасы сол  корпорацияның мақсаты мен мiндеттерiмен  тiкелей байланыста болады.   Өйткенi қабылданған корпорацияның қаржылық жағдайы және қаржылық саясатының құрылымына қарай корпорация өзiнiң қаржыларын ұзақ және қысқа мерзiмде ұйымдастыруды жүзеге асырады. Корпорацияның қаржылық ұйымдастыру қағидаларына келесiлердi жатқызуға болады: /10, 246 б/

  • Коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестiк, өзiн-өзi өтеу, өзiн-өзi қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметтiң қорытындысына ынталылық, оның нәтижелерi үшiн жауаптылық, кәсiпорынның қызметiне бақылау жасау);
  • Жоспарлылық және жүйелiлiк;
  • Меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi;
  • Қаржы резервтерiнiң болуы.

Коммерциялық  есеп – корпорациялардың шаруашылық-қаржы қызметiн жүргiзудiң негiзге алынатын қағидасы және басты әдiсi. Коммерциялық есеп қағидасы кәсiпорынға оның қызметi үшiн, оның жарғылық капиталын құрайтын қажеттi негiзгi және айналым құралдары тұрақты пайдалануға бөлiп берiлетiнiн блдiредi. Бұл қағида шығындарды шаруашылық қызметiнен алынған табыспен өлшеудi табыс алуды талап етедi. /9, 56 б/

Өзiн-өзi өтеушiлiк  – шаруашылық жүргiзудiң негiзiн қалаушы қағидасы, ол корпорацияның өз өнiмiн немесе көрсетiлген қызметiнiң өткiзуден түсетiн түсiм ақша есебiнен оны өндiру мен және жеткiзiлiм жөнiндегi бүкiл шығындарды өтеудi бiлдiредi. Өзiн-өзi өтеушiлiктiң төменгi шегi – залалсыздық, яғни кiрiстер мен шығыстардың сандық түрдегi теңдiгi. Егер корпорацияның өзiн-өзi өтеушiлiк қағидасы iске аспай, ол ұзақ уақытқа созылатын болса, онда корпорация банкрот деп жарияланады.

Өзiн-өзi қаржыландыру -  нарықтық экономика жағдайында корпорациялардың шаруашылық қызметiнiң табысты болуының мiндеттi шарты. Бұл қағида өнiм өндiру мен  корпорацияның өндiрiстiк-техникалық базасын ұлғайту жөнiндегi шығындардың толық өтелуiне негiзделедi, ол әрбiр кәсiпорын өзiнiң ағымдағы және күрделi шығындарын меншiктi көздерi есебiнен жауып отыру қабiлетiн бiлдiредi. Қаражаттардың уақытша жетiспеушiлiгi кезiнде оған деген қажеттiлiк банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi мен коммерциялық несие есебiнен және ұзақ мерзiмдi несиелер есебiнен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Ал бұл несиелер өз мерзiмi жеткенде корпорацияның қарамағындағы алынған пайдалардан өтеледi.

Жоспарлық қағидасы  кәсiпорынның қаржылық қызметi өндiрiстiң мақсаттарына, мiндеттерiне, оларға жетудiң белгiленген әдiстерiне, жетудiң дәйектiлiгi мен мезгiлдiгiне қарай оның параметрлерiн есептеу арқылы алдын-ала қарастырылатынын бiлдiредi. Қаржылық жоспар корпорациялардың шаруашылық қызметiнiң нұсқалары бойынша бағалау және кейiнгi шешiмдердi қабылдау үшiн қызмет етедi. /9, 54 б/

Акционерлік қоғамдардың   меншiгiнiң барлық нысандарының теңдігi қағидасы қаржылық қатынастардың тұрақтылығы мен меншiктiң түрлi нысандары кепiлдiгiнде теңдiк формасында жүзеге асырылады. Меншiктенушi өз бiлгенiнше өз мүлкiне билiк жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтiе кез-келген әрекет жасайды.

Акционерлік қоғамдардың   қаржысын ұйымдастырудың қажеттiлiгi қағидасы  - басқарудың барлық деңгейлерiндегi қаржы резервтерiнiң болуы. Қаржы резервтерi әр түрлi әдiстермен өндiрiстiк және әлеуметтiк қорлардың мөлшерiнде пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкiн. Қаржы резервтерiн уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметiне қажет қалыпты қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге арналған қаржылар болып табылады. Бұл қаржы өз кезегiнде корпорацияның барлық тәуекелдiктерiн қамтамасыз етудiң құралы және сақтандыру қоры болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АКЦИЯНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУЫН ТАЛДАУ

 

2.1  «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

Қазақстан Республикасы нарығында «Маңғыстаугеология»  АҚ – мы 1957 жылдан бері қызмет атқаруда. Ол өзінің құрамында мұнай барлау экспедициясы, автоспецтранспорттық кантора, жүкті тиеу жән түсіру жұмыстарына арналған, мұнай құбырларын, скважиналарды жөндейтін цехтары жұмыс істеуде. Мемлекеттік лицензиясына сәйкес «МГ» АҚ – мы мұнай және газ скважиналарын игеру, бұрғылау, жөндеу өндіріске қажетті тетіктерді даярлаумен айналысады. «МГ» АҚ – мы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін ҚР Заңына, жарғысына сәйкес жүргізеді. АҚ – ның қаржылық және өнеркәсіптік қызметі жеке шаруашылық негізде іске асырылады.

«Маңғыстаугеология» АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның номиналды құны 5000 теңгені құрайтын 70000000 теңгені құрады, жалпы саны 14000 акция және ол келесідей түрде үлестірілген:

       жарғылық  қордың шамасының 25% артықшылығы  бар акция түрінде қайтарымсыз  негізде еңбек ұжымына берілген;

       жарғылық  қордың шамасының  75% қарапайым акция түрінде мемлекеттік пакетті құрады, ол толық көлемде «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария ету құқығысыз (билік ету құқығысыз) берілді.

«МГ» АҚ – ның өзінің жеке  балансы, банкте шоты, қазақ және орыс тілдерінде берілген мөрі бар және серіктестіктің құрылымын анықтайды, сонымен қатар өз штатын біріктіреді.

Компаниядағы барлық жұмыстарды кәсіби мамандар, өз ісінің шеберлері жүзеге асырады, себебі олардың  қызметінің нәтижесі табысты қамтамасыз етеді. Компания кадрлары оның ең бағалы активтері болып табылады. Сондықтан компания өз қызметкерлеріне еңбегіне қарай ақысын төлейді, мүмкіндігінше ынталандырады, кәсіби және карьералық өсуіне мүмкіндік береді, жақсы еңбек жағдайымен қамтиды. 

«Маңғыстаугеология» АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне (бензин, мұнай отыны, мазут, керосин) деген қажеттілікті қамтамасыз етуге  бағытталған шикі мұнай табылады.

       «МГ»  АҚ- ның келесідей өндірістік  құрылымы бар:

  1. Негізгі өндіріс:
  2. мұнай мен газ өндіретін цех ;
  3. мұнайды дайындайтын және айдайтын цех ;
  4. орталық инженерлік-техникалық қызмет (ОИТҚ);
  5. қабаттарға мұнай беруді арттыру бойынша және скважиналарды капиталды жөндеу бойынша басқарма;
  6. Қосалқы өндіріс:
  7. орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ;
  8. өндірістік қызмет көрсету базасы ;
  9. құрал-жабдықты іске қосу мен электрмен қамтамасыз етудің прокатты-жөндеу цехы;
  10. мұнай өнімдерін тию және жөнелту құбырлары;

Аталған саланың ерекшелігі мұнда өндіріс үрдісі үздіксіз болып  табылады.

       Жасап  шығарудың басынан бастап кен орнының эксплуатациялық қоры 137 скважинадан 280 скважинаға дейін өсті, ол жобалық санның екі есеге өскенін көрсетеді, оның 150-эксплуатациялық, 73–басушы, 5-газдық, 3-бақылаушылық, 21 - сумен қоршалған, 20-барлаушылық, 8- жоюшы.

      

4-сурет. «МГ» АҚ-ның басқару құрылымы.

 

Бас заңгер – кәсіпорынның қызметіндегі заңдылықтың сақталуын  қамтамасыз етіп, өзінің қызметін ҚР-ның  заңдарына негіздеп, оның құқықтық қызығушылығын қорғайды.

Бас экономист – кәсіпорындағы  экономикалық жобалау қызметін басқарады.

 

Мұнайды өңдеу  жөніндегі департамент

Бас инженер – механикалық  және техникалық жобаларын жүзеге асыруға  бағытталған қызметтерді басқарады, оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

Энергетик – тиісті техникалық жағдайдың сақталуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін және акция шығарылымын талдау