Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 18:41, курсовая работа
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
КIРIСПЕ ..................................................................................................................3
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi ...............................................................5
1.2 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде ...................14
1.3 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ...........17
II «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АКЦИЯНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау .....................................................................................................................24
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін және акция шығарылымын талдау ..........................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. /1/
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, акция акционерлік қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционерлердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруғақатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат.
Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акцонер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. /5, 56 б/
Экономикасы дамыған елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері салатын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсыныуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Қоғам және оның акционерлері сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта «ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы» Заңында «бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден асатын ашық акционерлік қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады» делінген. /1/
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда ол туралы шешімді сол тұлға жеке дара қабылдайды.
Қоғамды құрушылар құрылтайшысы пайдасы түрінде табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы – қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда жалған капитал және нақты капиталдар айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. /1/
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін – айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін – 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары көрсетіледі.
Акционерлік қоғам заңды тұлға. Оның органдары:
Қоғамның жоғары басқару органы – акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы. Ол қаржы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрамай ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғамды басқару қызметі акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.
Акционерлердің
жалпы жиналысының айрықща
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда оның жалпы жиналысының құқрамы 3 адамнан төмен болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың құрамын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. /1/
Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны . Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқандауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акцонерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.
1.3 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары
Жалпы түрде акционерлік қоғам қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Акционерлік қоғам қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен және экономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты. /3, 139 б/
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда қолданылады. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде, толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар каегорияларының (кәсіпоырнның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған) әр алуандығына әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ: /1/
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде, облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпоырндардың немесе салалардың қаражататрын қалыптастыруға қатысуға араластырады, қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылуына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшылығы – сондай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі болып табылады.
Акция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәләндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің , кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Жалпы акция шығару келесі жағдайларға байланысты жүргізіледі:
Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдаланылады.
Акция белгілі
бір жағдайда акционерлік қоғамның
өз капиталын ұлғайтуға және оны
инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын
бағалы қағаздардың бірден бір түрі.
Акция – компанияның
Бір жағынан бір акционерлерден басқа біреуге беру бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те атайды.
Мұндағы атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді.
Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапты акциялардың жалпы саны ғана көрсетіледі.
Акционерлік қоғамның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес.
Акционерлік қоғамның қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарары, болжамдары мен ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың көлемiн жасайтын,и шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен жабылатынын анықтайды.
Акционерлік қоғамның қаржысының бақылау функциясы кәсiпорын экономикасында маңызды рөл атқарад: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржыармен бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты.