Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 18:41, курсовая работа
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
КIРIСПЕ ..................................................................................................................3
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi ...............................................................5
1.2 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде ...................14
1.3 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ...........17
II «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АКЦИЯНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау .....................................................................................................................24
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін және акция шығарылымын талдау ..........................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК
1.1 Бағалы қағаздар және оның
түрлерi ..............................
1.2 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде ...................14
1.3 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ...........17
II «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АКЦИЯНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның
технико – экономикалық
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық
тиімділін және акция шығарылымын
талдау ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
Бүгінде меншiк қатынастары, шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi, олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары, қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiн көрсетеді. Яғни, рынокқа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады.
Бағалы қағаздар рыногы басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар және оның сан алуан түрлерi. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның ауытқуы, БҚ-дың «жалған капитал» екенiн көрсетедi.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.
Бүгінде шаруашылқ субъектілерінің арасында акционерлік қоғамдардың орнын ерекше атап өтсек болады. Өйткені олардың экономикада басты үлеті алып отыр және олар аталған қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда негізгі ұйымдық кәсіпоырндар болып табылады.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.
Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:
1.Акционерлік қоғам – акционерлік заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:
Біріншісі: жеке субъектілер
жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік
мәнді өзара байланыстар
Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.
Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.
Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).
Нарықтық экономикалы қатынастар дамуында мемлекет пен көптеген кәсіпорындар өздеріне қаражат тарту мақсатында бағалы қағаздар эмиссиялайды, яғни капиталдар айналысында жалған капиталдар, бағалы қағаздар айналысқа шығады. Осы аталған бағалы қағаздардың мәні мен қызметін анықтау, оның еліміздегі даму барысы мен қазіргі таңдағы жағдайына тоқталу осы тақырыпты орындаудағы басты мақсатым болып табылады.
Жұмысты орындаудағы негізгі мiндеттерiме:
I. БӨЛІМ: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi
Белгiленген нысан
мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып,
жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде
ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықт
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар. Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы “Жалпы экономикалық теория” кiтабында бағалы қағздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Клешев Н.Т. және Федулов А.А. бағалы қағаздарға үш түрлi сипаттама бередi:
Камаев В.Д. бағалы қағаздарды қаржылық құжатпен байланыстырады. Ол қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне меншiктiк құқық беретiн документ ретiнде қарайды.
Сонымен, бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай құны бар құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өзiнiң жекелеген қор рыногы бар. Жалпы бағалы қағаздардың қарыз капиталы және құқық берушi ретiндегi түрлерiн келесi кестеден көре алмыз:
Сонымен бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалы құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Кесте 1
Бағалы қағаздар құқық берушi ретiндегi түрлерi
Тиiстi бағалы қағаздар | |
Жер |
- ипотекалық облигация, жердi жекешелендiру чегi |
Жылжымайтын мүлiк. |
- акция, ипотека, жекешелендiру чегi, тұрғын үй сертификаты; |
Өнiм |
- коносамент, қойма куәлiгiнiң айналысы, товарлық фьючерстiк контракт айналымы, товарлық опцион |
Ақша |
- облигация,
нота, вексель, депозиттiк |
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өз қор рыногы бар.
Бағалы қағаздар ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:
Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi – Бағалы қағаздарды ұстаушы тұлға, ордерлi Бағалы қағаздар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы (индосамент) болады.
Бағалы қағаздар функционалды мақсатына қарай үлестi (капиталды) және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық бағалы қағаздар заимның қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық бағалы қағазда көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық бағалы қғаздар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды бағалы қағаз капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға: облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi сыныпқа бөлiнедi:
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не тауар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және қайталама бағалы қағаздар.
Бастапқы бағалы қағаздар активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б. бағалы қағаздар жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның анықтайтын бағалы қағаздар. Мәселен, “опцион” туынды бағалы қағаз болып саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан алады.
Бағалы қағаздардың негiзгi қызметтерi олардың екiншi нарықта белсендi түрде айналысқа түсетiн қарыз мiндеттемесi ретiнде көрiнедi. Бағалы қағаздардың көбi арнаулы тiркеуден өтедi. Тiркеу инвесторларға бағалы қағаз туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседi. Сол арқылы инвестор (салым иесi) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкiндiк алады.
Бағалы қағаздар бiрнеше түрлi болып жiктеледi: бiрiншiден түсiретiн кiрiсiне, екiншiден эмитенттiң сипатына, үшiншiден айналым мезгiлi мен айналым жерiне байланысты.