Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 10:18, реферат
Ұлттық байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барлан-ған табиғи ресурстар жатады. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.
13-тапсырма.
Экономикалық жүйенің
модельдері мынадай
болып бөлінеді.
Аралас экономикалық жүйе
Рыноктық экономикалық жүйе
Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе.
14-тапсырма.
Сөздік жұмысын
жүргізіңіз.
Экономика мировая –
Экономика отсталая –
Экономика плановая –
Экономика «теневая» -
Экономика устойчивая –
Экономика национальная –
Экономика развивающаяся –
Экономика многоотреслевая –
Экономика промышленности –
Экономика
самообеспеченная –
15-тапсырма. Ой-отауға
үңіліңіз.
Ерінбесең еңбекке дәулет сайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайым.
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап.
30-сабақ
ҚАЗАҚ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ
ЭКОНОМИКА
!
1-тапсырма.
Біліп алыңыз
Тегінде
мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесінің,
мінез-бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы,
ол сол халықтың сөздік қорының байлығын
танытып қана қоймайды, оның уақыт
озған сайын құны артпаса, кемімес
қазына екенін де сездірер белгісі. Өйткені
қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары –
өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.
2-тапсырма. Түсіндірме
сөздіктен өсиет, ұлағат,
тәлім, парасат, ізгілік
сөздерінің мағынасын
оқып, біліп келіңіз.
3-тапсырма. Шағын
мәтіннен қос сөзді
зат есімдерді
тауып, сөйлем
құраңыз.
Мақал-мәтелдер – құрылысы жағынан әрі ықшам, әрі көркем, мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі.
Мақал-мәтелден халықтың сергек ақыл-ойы, тапқырлығы көрінеді. Халықтың мақал-мәтелдері қоғамдық өмірдегі түрлі уақиғаларды, табиғат құбылыстарын, адам баласының тұрмыс жайы, шаруашылық кәсібі,үміт-тілегі, халықтың өмірі мен іс-әрекеті сияқты жағдайларды, адамгершілік, мінез-құлық, тәлім-тәрбие сияқты алуан түрлі мәселелерді түгел қамтиды;
осылар жайында жасалған даналық қорытындылар болып табылады.
Қысқасы,
мақал-мәтелдер келелі ой, кең мазмұнды
бір-ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды
жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен
айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні.
4-тапсырма. Мәтіннен
сын есімдер мен тәуелдік
жалғаулы сөздерді табыңыз.
Үлгі: ықшам, ...,
кәсібі, ....,
5-тапсырма. Төмендегі
мақал-мәтелдерді
мағына-ларына қарай
топтастырыңыз.
Үлгі: Кәсіп туралы мақал-мәтелдер;
Еңбек туралы мақал-мәтелдер;
Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер
Бейнет,
Бейнет
түбі – зейнет.
Кәсіп,
Кәсіп
түбі – нәсіп.
Шапқан озар,
Жатқан
қалар.
Күшіңе сенбе,
Ісіңе
сен.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі
келеді.
Жұмыстың
жаманы жоқ.
Еріншектің
ісі – екі.
Шыдамды еңбек, алғыр ой –
Анық досың біліп қой.
Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанда
дәулет бер.
Теңге – тиыннан,
Ынтымақ
– ұйымнан.
Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ
халықты асырар.
Елде болса, ерінге тиеді,
Ауылда
болса, ауызға тиеді.
Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жетпейін демейді,
Мал
жеткізбейді.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір
жағадан бас шығар.
Көз
қорқақ, қол батыр.
Жалқаудың
жауы – жұмыс.
6-тапсырма. Мақалдардан
қарама-қарсы мағыналы
сөздерді табыңыз.
Үлгі:
бейнет – зейнет
7-тапсырма. Жоғарыда берілген әрбір мақал-мәтелге өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
?
8-тапсырма.
Төмендегі мақал-мәтелдерді
Абай атамыз бесінші
қара сөзінде сынаған.
Сіз осы мақал-мәтелдер
туралы қандай пікір
білдірер едіңіз.
Түстік
өмірің болса, күндік мал жи.
Өзіңде
жоқ болса, әкең де жат.
Малдының беті – жарық,
Малсыздың беті – шарық.
Ер
азығы мен бөрі азығы жолда.
Ердің малы елде,
Еріккенде
қолда.
Берген
перде бұзар.
Алаған
қолым – береген.
Байдан
үмітсіз – құдайдан үмітсіз.
Қарның
ашса, қаралы үйге шап.
9-тапсырма. Мақал-мәтелдерді
қазақ тіліндегі бар
нұсқаларымен аударыңыз.
Үлгі:
За много дел не берись, а в одном отличись
– Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.
Труд – человека кормит,
А
лень портит.
На Бога уповай,
А
без дела не бывай.
Делу
время, потехе час.
Ленивый
и могилы не стоит.
Какие
труды, такие и плоды.
Терпение
и труд, все перетрут.
Кто
не работает, тот не ошибается.
Под
лежачий камень, вода не течет.
Не откладывай на завтра то, что можно делать сегодня.
!
10-тапсырма.
«Мақал-мәтелдер»
туралы мақал-дарды
да біле жүріңіз.
Мақал
сөздің – мәйегі.
Сөздің көркі – мақал
Жүздің көркі – сақал.
Мақал – сөздің атасы
Уәде
– ердің опасы.
Салалап тарап сақалды
Кәрілер
айтар мақалды.
Мағынасыз сөз болмайды
Мақалсыз
ел болмайды.
Айтар ақылы жоқтың
Табар
нақылы жоқ.
Мақал – сөздің түйіні
Мәтел
– ойдың түйіні.
Атаңның сақалына қарама
Айтқан
мақалына қара.
Мақал қайдан шығады ой болмаса
Киіз
қайдан шығады қой болмаса.
Тұз астың дәмін келтірер
Мақал
сөздің мәнін келтірер.
11-тапсырма. Бүгінгі
күннің мақалдарына
да мән беріңіз.
Бизнесмен, олигарх – жұттан қорықпайды,
Жұрттан
қорқады.
Үкіметке
халықтан салық қымбат.
Кандидаттың
ақылы сайлау біткенше.
Ақша – алтынның азған ұрпағы,
Ол әкесін күнде сатып,
Күн
сайын сатып алады.
Адам кедейленген сайын ұрыс көбейеді,
Байыған
сайын туыс көбейеді.
Ақшаға ақыл сатып ала алмайсың,
Бірақ кейбір ақылдыларды жұмсай аласың.
12-тапсырма. Бұрынғы мақалдармен қазіргі мақалдарды салыстыра отырып талдаңыз. Айырмашылықтарын айтыңыз. «Заманына қарай адамы» деген мәтелдің мәнін топ болып талқылаңыздар.
13-тапсырма.
Сықақ өлеңді оқып,
теңгенің тарихы
туралы әңгімелеп беріңіз.
Теңгенің
термесі
Батқан кезде
Көңілін тауып пенденің.
Жарқ етіп шыққан шытырлап,
Теңдесі жоқ теңге едім.
Ерке едім, орным бөлек-тін,
Адымдап шыққан төрде едім
Бабаларды тірілтіп,
Әруақ қолдап ерледім.
Қазіргі халім қандай-ды?
Қысылып аздап терледім.
Суретті түгел ап тастап,
Жұртыма жалтақ қараймын.
Әруақтарынан
Фараби, Шоқан, Абайдың...
Орысша сөйлеп барамын,
Жыртықты
Теңгеден қате шықса да