Ұлттық байлық

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 10:18, реферат

Описание работы

Ұлттық байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барлан-ған табиғи ресурстар жатады. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.

Работа содержит 1 файл

book.docx

— 523.30 Кб (Скачать)

   

11-тапсырма. Берілген тілдік  тұлғалардың мағы-налық айырмасын түсіндіріңіз. 

   Табиғат, тіршілік, Жер-ана

   Отан, туған жер, алтын бесік, атамекен  
 
 
 
 

12-тапсырма.  Ән  шырқаңыздар.

АТАМЕКЕН

 

   Сөзі:  Қ.Мырзалиев

                Әні:  Е.Хасанғалиев  

                                                                          

   Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

   Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

   Маңдайымнан сипап өткен самалды

   Қазағымның  алақаны деп білем.

                    
                                               Қайда жүрсем атамекен

                         Көкейіңде  жатады екен.

                         Күннің  өзі қимай оны

                         Ұясына  батады екен. 

   Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

   Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

   Күннің  нұрын, айдың аппақ сәулесін

   Қазағымның  махаббаты деп білем.

                       
                                               Қайда жүрсем атамекен

                      Көкейіңде жатады екен.

                      Күннің өзі қимай  оны

                      Ұясына батады екен.

    
       Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

   Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

   Асқар тауын аспаныммен астасқан

   Қазағымның  мәртебесі деп білем.

                       
                                                 Қайда жүрсем атамекен

                      Көкейіңде жатады екен.

                      Күннің өзі қимай  оны

                      Ұясына батады екен. 
 

29-сабақ

     

ӘЛЕМДЕГІ ЭКОНОМИКА 

   

                                                                                                                                                                      

   Әр  дәуірдің өз міндеттері бар.

     Гейне 

                                                                                                                        

   Бұл әлемде ең бастысы – біздің қай  жерде тұрғанымыз емес, қандай бағытта 

   жылжып  барамыз – міне, сонда.

                                                               Холмз

! 

1-тапсырма. Мұны да біле  жүріңіз. 

   XXI ғасырда әлем елдері «биікті  бағындыру» жолында өзара бәсекеге  түскен сияқты. Басына қарасаң,  бөркің түсетін небір заңғар  ғимараттар, елдің экономикасын  паш ететін небір кереметтер  алдағы уақытта да бола бермек. Ендеше жер шарын аралап, ғалам  ғажайыптарын көзбен көрмесек  те, дүниені шырмап алған интернет  тереңіне сүңгіп, шолу жасай жүріңіз.  

    2-тапсырма. Берілген  тілдік тұлғалардың  синоним-дерін табыңыз. 

   Биік,

   Бәсеке,

   Паш ету,

   Жер шары,

   Шолу  жасау,

   Шырмап  алу,

   Ғалам ғажайыптары, 

     3-тапсырма. Шағын мәтіндерді оқып, сөйлем-дерден жалқы есімдерді табыңыз.

Жан басына шаққанда табысы ең көп ел 

   Ол  – Швейцария. Бұл елдің табысын  жан басына шаққанда әр адамға жылына 22,510 доллардан келеді екен. Ал Мозамбикте 70 доллар. Швейцариядан кейінгі орында – Люксембург, Жапония, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания, Исландия. АҚШ –  оныншы орында. 

Мадридтік Реал - әлемдегі ең бай  клуб 

   Оның  бір жылдық табысы 20 пайызға өсіп, осы жылы 351 миллион еуроға жеткен. Екінші орында ағылшындық клуб  Манчестер  Юнайтед болса, үшінші сатыда испандық Барселона. 

Ең  көп жалақы 

   Әлемдегі  ең көп жалақы алатын шенеунік –  Сингапурдың Премьер-министрі. Оның бір жылдағы кірісі 810 мың долларды құрайды. АҚШ президентінің айлығы сингапурлықпен салыс-тырғанда екі есеге жуық аз. 400 мың доллар шамасында.  

Әлемдегі  ең қымбат әрі ерекше турлар 

   Антарктида  жағалауы бойынша Аргентинадан басталып пингвиндер аралына дейінгі саяхат. Бағасы: 12 мың еуро (авиабилет бағасын  санамағанда)

   Екі апталық саяхат Перу мен Боливиядан басталып, туристер инктердің Мачу-Пикчу  атты жұмбақ қаласына барып тоқтайды. Бағасы: 3680 доллар (авиабилетті санамағанда)

   Енді  бірі – ұшақпен сафари, Оңтүстік Африканы айналып өтіп ең қымбат қонақ  үйлерге тоқтап, жарты жолды әуе  шарымен ұшып өтеді. Бағасы: 20 мың  еуро (авиабилетті санамағанда)

   Тағы  бір ең қымбат сафари – ОАР мен  Мозамбиктегі арыс-тандар мен қолтырауындарды аулау. Бағасы: 40 мың доллар. 

Ең  қымбат қалалар 

   MERCER HUMAN RESOURCE CONSULTING әлемдегі ең қымбат 10 қаланың тізімін жариялады (17.07.2008)

   
 
   1. МӘСКЕУ

   2. ЛОНДОН

   3. СЕУЛ

   4. ТОКИО

   5. ГОНКОНГ

   6. КОПЕНГАГЕН

   7. ЖЕНЕВА

   8. ОСАКА

   9. ЦЮРИХ

   10.ОСЛО

   
 
   РЕСЕЙ                     

   ҰЛЫБРИТАНИЯ

   КОРЕЯ

   ЖАПОНИЯ

   ГОНКОНГ

   ДАНИЯ

   ШВЕЙЦАРИЯ

   ЖАПОНИЯ

   ШВЕЙЦАРИЯ

   НОРВЕГИЯ

   
    

Ең  биік мұнара 

   Біріккен  Араб Әмірлігінің Дубай қаласында  әлемдегі ең биік ғимарат салынуда. 160 қабаттан тұратын зәулім мұнараның  биіктігі 800 метрге жетеді. Бұл ғимараттың іргетасының өзі жер астына 50 метр кіріп тұрған көрінеді. «Дубай мұнарасын» жүзеге асырушылар оны әлемдегі биік ғимарат қана емес, «бұл – мақсатқа жетудегі теңдессіз талпыныс!» немесе «шабыттан туған туынды» деп есептейді. 
 

15-тапсырма. Ой-отауға  үңіліңіз. 
 

    4-тапсырма. Берілген  күшейткіш үстеулермен  сөйлем құраңыз. 

Ең, аса, тым, кілең, орасан, тіпті, нағыз, нақ. 

     5-тапсырма. Берілген тақырыпшаларға сұхбат құрыңыздар. 

   Табысы  ең көп ел, ең қымбат турлар, ең бай  клуб, ең биік мұнара, биікті бағындыру, әлемдегі ең бай адамдар, аса қымбат қалалар. 

? 

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап  беріңіз.  

   1. Әлемдік бәсеке деген не?

   2. Табысы ең көп ел қай ел?

   3. Әлемдегі ең бай клубты атаңыз?

   4. Әлемдегі ең биік мұнараны  білесіз бе?

   5. Әлемдегі ең қымбат турларды  атаңыз?

   6. Әлемдегі ең қымбат қалаларды  санаңыз?

   7. Әлемдік экономикада болып жатқан  жаңалықтардан Сіз не білесіз? 

     7-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, сын есімнің шырайларын табыңыз. 

   Чикагода  АҚШ бойынша ең биік 115 қабатты  зәулім ғимарат бой көтереді. Биіктігі 610 метр, жоба құны 500 млн. долларды құрайтын ғимаратқа «Фордхем шыңы» деген атау беріліпті.

   Мәскеу  қаласында 87 қабаттан тұратын биік ғимарат бой көтермек. «Федерация»  деп аталатын бұл ғимарат Еуропадағы ең биік үй болмақ.

   Жапон сәулетшілері бір шақырымдық Sky City атты нысанның жобасын жасады. Аспанмен таласып, бұлтпен араласқан бұл  ғимараттың әр қабаты блоктардан тұрады. Онда «тірі» ағаштар мен гүлдер өсіп тұратын шағын бақтар болмақ. Sky City ғимаратының көлемі 800 гектарды құрайды. Мұнда күн сайын 100 мың қызметкер  мен қызметшілер келіп, жұмыс  істемек. Оның сыртында туристер бар. Яғни, бұл сәні мен салтанаты келіскен шағын қала болып есептеледі. 

    8-тапсырма. Берілген  сөздердің синонимдерін  табыңыз.  

   Сән, ...

   Биік, ...

   Жоба, ...

   Бәсеке, ...

   Ғимарат, ...

! 

   9-тапсырма. Біліп алыңыз. 

   Кез келген қоғамның экономикалық даму сипаты белгілі бір экономикалық жүйеге бағынады.  

     10-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз. 

   Экономикалық  жүйе – өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.

   Экономикалық  жүйенің басты мақсаты – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу.

   Басты міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономи-калық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.  

     11-тапсырма. Экономикалық жүйенің қасиеттерін көрсетіңіз. 

   Жүйелілігі

   Өзгергіштігі

   Тұрақтылығы

   Орнықтылығы

   Қозғалғыштығы

   Біртұтастылығы

   Қарама-қайшылығы

! 

12-тапсырма. Экономикадағы басты қайшылық-тарды біліп алыңыз. 

   Өндіру  мен тұтыну;

   Жинақтау  мен тұтыну;

   Материалдық, рухани қажеттіліктердің өсуі, оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері.

! 

Информация о работе Ұлттық байлық