Ұлттық байлық

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 10:18, реферат

Описание работы

Ұлттық байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барлан-ған табиғи ресурстар жатады. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.

Работа содержит 1 файл

book.docx

— 523.30 Кб (Скачать)

   Экологиялық сараптама – негізінен табиғат құрамдас бөліктерінің өзгеруін, өнімдердің барлық түрлерін сол сияқты адамдардың денсаулығына тигізетін зиянды зардабын анық-тайды. 

   Экологиялық мониторинг – қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарын тұрақты бақылау мен тексеру жүйесі. Ол 3 сатыдан тұрады: негізгі жағдайды бақылау, бағалау, алдын-ала болжау. Экологиялық мониторингтің түрлері ұлттық, аймақтық, жергілікті деп жіктеледі.

   Маркетинг – кез келген шаруашылық саласынан пайда табуды жүзеге асыратын шаралар жүйесі. Маркет сөзі ағылшынша нарық және өнімдерді сату мен сатып алу деген ұғымды береді.

   Экологиялық маркетинг – табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың барлық жаңа технологиясын сақтай отырып экологиялық таза өнім өндіруді жүзеге асыратын экологиялық бизнес жолы. Экологиялық маркетингтің негізгі мақсаты – тауарларды сату мен сатып алу барысындағы барлық іс-әрекеттерді экологияландыру. Ал оның шешуші міндеттері – жаңа қоғамның талабына сай экологиялық таза өнімді өндіру мен сатудың тиімді жолын ұсыну.

   Экологиялық бизнес. Бизнес – жекелеген немесе бір топ адамдардың өздерінің ынтасымен пайда табудың мол көзін іздестіру. Бұл мәселеде де табиғат ресурстары бизнестің көзіне айналады. Соның нәтижесінде, жекелеген табиғат ресурстары жойылып кетуі мүмкін. Осыған орай, табиғат байлығын бизнес көзіне айналдыру бұрынғыдай емес экологиялық талапқа, заңға сәйкес жүргізілуі тиіс. Экологиялық бизнеспен қатар табиғатқа нұсқан келтірмеу, оны бұрынғы қалпына келтіру қарастырылады. Оны бақылауды қоғамдық және мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады. Экологиялық бизнес жүйесі төмендегідей құрылымнан тұрады.

   Экологиялық нарық (рынок). Экологиялық нарық – тұтынушыларға экологиялық жағынан сапасы жоғары өнімдерді сату мен сатып алуды жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Экологиялық нарық – экологиялық өнім мен экологиялық қызметтен тұрады. Экологиялық өнімдер табиғат ресурстарын пайдаланудың әртүрлі қоршаған ортаға зиянсыз жолдарын қарастырады. Ал экологиялық қызмет өз кезегінде зат өндіру барысындағы барлық технологияны сақтау шараларына бақылау жасап отырады. Соның нәтижесінде табиғатқа көп шығын келтіруге жол бермейді. Ол негізінен байқау мен айып салу арқылы жүзеге асады.

   Экологиялық менеджмент. Экологиялық бизнес талаптарын орындау менеджмент шегінде ғана жүзеге асуға негізделген. Ол экологиялық маркетинг ережелері мен талаптарына сәйкес жүргізіледі. Менеджмент – барлық бизнес жүйесіндегі жұмыстарды үйлестіруші. Ал оны жүргізуші адамды – менеджер дейміз. Менеджер – өз ісінің шебері болумен қатар, білікті маман әрі экологиялық сауаты болуы керек. Өйткені ол бүкіл экологиялық маркетинг жүйесіндегі пайда табудың көзін қоғамның экологиялық-экономикалық мүддесіне лайықтап жүргізетін елінің патриоты болуы тиіс.

   Бүгінгі ғаламдық-экологиялық мәселелердің ядросы адам баласының материалдық  және моральдық қажетін өтеу  болып  табылады. Ол үшін табиғат  ресурстарын тиімді пайдаланудың маркетингтік жүйесі іске қосылды. Оны өз деңгейінде түсінуіміз және нарықтық жағдайдағы бизнес екенін білуіміз керек.

3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс  істеңіз. 

   1. Мәтінді мазмұндап беріңіз.

   2. Мәтінге сұрақтар дайындаңыз.

   3. Экологиялық апаттар туралы әңгімелеп  беріңіз.

   4. Еліміздің экологиялық ахуалы  туралы айтып беріңіз.

   5. Қазақстан экологиясының ертеңі туралы топ болып пікір алмасыңыздар.

? 

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап  беріңіз. 

   1. Экологияның негізгі салаларына  не  жататынын айтыңыз?

   2. Экологиялық  бизнес   жүйесіне  не  жататынын  көрсетіңіз?

   3. Экологиялық  маркетинг, экологиялық   менеджмент  дегеніміз не? 

   4. Адам өз іс-әрекетімен қоршаған  ортаға, табиғатқа қалай әсер  етеді?

   5. Өз қалаңыздың экологиялық жағдайы туралы не айтасыз? 

    5-тапсырма. Берілген тіркестермен  сөйлем құраңыз.

    

   Экологиялық мүдде, экологиялық нарық, экологиялық  өнім, экологиялық қызмет, экологиялық  бизнес, экологиялық мәселе, экологиялық  шығын. 

    6-тапсырма. Терминдерді  аударыңыз. 

   Экология, экологизация, экологическая служба, экологичность продукции, экологическая эффективность средозащитных затрат, экологическо-экономический паспорт предприятия.

   

7-тапсырма. Өлең оқыңыз. 

   Экология!

   Бөтен сөз,

   Бір туғаның бірақ та.

   Білгенге  бұл көсем сөз,

   Мәңгі қалар құлақта.

   Өз  үй – өлең төсегің

   Табиғат боп қалады.

   Оған  атқан кесегің,

   Өз  басыңды жарады.

   Эко ... эко – Үй, Отан,

   Ежелден-ақ грекше.

   Сөз патшасын ұнатам,

   Жүрегіме  гүл ексе.

   Ақ  тілеулі көңілдің.

   Бұл көгершін жыры еді.

   Экология  – өмірдің,

   Соғып тұрған жүрегі.

   Ей, табиғат балаңмын,

   Ертеңіңе  алаңмын ...

   Денсаулығы  ғаламның – 

   Денсаулығы  адамның!

                                                            М. Әлімбаев

   

8-тапсырма. Жоғарыдағы өлеңді  өз сөзіңізбен  әңгімелеп беріңіз. 

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ

(сабақтың  жалғасы)

   

     
 
 
 

! 

1-тапсырма. Біліп алыңыз. 

    Табиғат  пен оның байлықтары Қазақстан  Республикасының халықтарының өмірі  мен қызметінің, олардың тұрақты  әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

         Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биология-лық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

   

2-тапсырма. Берілген тілдік  тұлғалардың мәнін  түсіндіріңіз.

   Әл-ауқат, жер  қойнауын, шаралар жүйесі, құрамдас  бөліктері, қанағаттандыру, шаруашылық жай-күйін, бақылау, зиянды, қатерлі ахуалдар, әлеуметтік, алуан түрлілік, ұтымды  пайдалану, бағытталған.

   

3-тапсырма.  Мәтінді   оқыңыз. 

Қазақстан Республикасының  қоршаған

ортаны  қорғау туралы заңы 

   Заңда мынадай негізгі  ережелер ескерілуі  тиіс:

   Қоршаған  орта-табиғи нысандардың, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

   Қоршаған  ортаны қорғау-табиғат пен адамның  өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен  молықтыруға бағытталған мемлекеттік  және қоғамдық шаралар жүйесі;

   Қоршаған  ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.

   Табиғи  ресурстар – қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

   Қоршаған  ортаның мониторингі – адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін  бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі  ахуалдар туралы ескерту. 

    4-тапсырма.  Мәтіннен  термин сөздерді  теріп жазыңыз. 

5-тапсырма. Қоршаған орта туралы Заң ереже-лері орындалып жүр ме? Пікір білдіріңіз. 
 

6-тапсырма. Мәтінді  оқыңыз. 

Қазақстандағы экологиялық денсаулықты  сақтау саласындағы  заңдар 

   ҚР  Конституциясында адамдардың келесі экологиялық  құқықтары жазылған:

    • адамның өміріне қажетті таза, пайдалы және жағымды қоршаған ортаға құқығы;
    • азаматтардың антропогенді әсерлерге байланысты қоршаған ортаның зиянды әсерінен денсаулығын сақтауға құқығы;

   «Қазақстан  Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының № 69-бабында былай жазылған: «Төтенше экологиялық жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен, сонымен қатар экологиялық апатты аймақтарында тұратын азаматтар одан шеккен зардабын өндіру, яғни өтемақы алу, жеңілдіктер және басқа да әлеуметтік қорғаудың түрлерін алуға да құқығы бар».

   Төтенше экологиялық жағдайлар нәтижесінде  зардап шеккендер қатарына азаматтарды  жатқызу және оларға берілетін әлеуметтік қорғау түрлері заңдарменен анықталады.

   Қоршаған  ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың  нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен мүліктеріне келген залал  еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін, оны емдеуге және денсаулықты қалпына келтіруге кететін шығындарды толық өтеп беруі қажет. Сонымен қатар, заңда қоршаған ортаны қорғау және оларды реттеу тетіктері анықталған.

? 

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап  беріңіз.

    

   1. ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау  туралы заңының негізгі ережелерін  атаңыз?

   2. Қоршаған ортаны қорғау нысандарына  не жатады?

   3. ҚР-ның конституциясы мен заңдарында  азаматтардың қандай экологиялық  құқықтары жазылған?

   4. Қоршаған ортаның мониторингі  дегеніміз не?

   5. Адамның табиғатқа қатысты әрекеттері  қандай болу керек?

    8-тапсырма. Берілген  тілдік тұлғалармен  сөйлем құраңыз. 

   Экологиялық құқықтары, жағымды, ақтауға, заң, бап, төтенше жағдайлар, зардап шеккен, апатты аймақ, өндіріп алу, өтемақы, жеңілдіктер, әлеуметтік қорғау, мүлік, еңбекке жарамдылығы, реттеу тетіктері. 

9-тапсырма. Берілген  сөйлемдерді басшы-лыққа ала отырып, табиғат туралы сұхбат құрыңыздар. 

   Тіршілік  тірегі – табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Ең бірінші, табиғатты туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған  ұлыңдай қорғауың қажет. Осы үш ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат  пен адамзат дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын ажырамас бөліктері.

   

10-тапсырма. Берілген ұғымдардың  мәнін түсін-діріңіз. 

   Туған анаңдай түсіну;

   Туған ұлыңдай қорғау;

   Туған бабаңдай табыну;

Информация о работе Ұлттық байлық