Лекция по "Финансы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:15, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Работа содержит 1 файл

Лекция.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

13 -Тақырып  ҚАРЖЫ РЫНОГІ.

 

1.            Қаржы рыногі туралы ұғым

2.            Бағалы қағаздар рыногі

3.            Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары

4.            Қор биржасы

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономиакдан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етеді. Қазақстанда қаржы рыногі бұрын-соңды болған емес.

Қаржы рыногі- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы рыногі қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногі, сондай-ақ кредит рыногі түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы рыногі экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногі ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктерін қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.

Ақша рыногі дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногі.

Кредит рыногі несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен кредит рыноктері, әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал рыногінде қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы рыногінде сатып алу- сатудың объектісі айрықшалақты тауарлар- ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Қор құндылықтарының- бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногі деп те атайды.  «Қор рыногі» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәмле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің- қор биржасының атымен байланысты.

Функционалдық тұрғыдан қаржы рыногі- бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктің жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Рыноктің барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногінің жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оларға мыналар жатады:

1)                  реттелген тауар рыногінің болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

2)                  Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады.

3)                    Кредит рыногінің жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокке орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын,ашық ақша рыногінде операциялар  жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Қаржы рыногінің жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1)                  бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2)                  қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмысалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедмостволық қайта бөлудің азаюы;

3)                  шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстардың өсуі;

4)                  бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногінің маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.  

 

 

14 -Тақырып   СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ.

1.                  Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы

2.                  Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

3.                  Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

4.                  Елдің төлем балансы         

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының  ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизімі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында  мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.

Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы эеонмикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;

халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;

халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1) сыртқы сауда;

2) шетелдік инвестициялау: бірлеске кәсіпкелік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, меншікті жалдау.

3) Елдің халықаралық қаржы- кредит ұйымдарына қатысуы: сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер  мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;

4) Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;

5) Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігін шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа объектілер салу құрайды; алайда, қызметтің бұл түрі республикада іс жүзінде қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың қасы.

Арнаулы экономикалық аймақтарды- айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызмет болып табылады. Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізінен қойылған.

Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.

Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 61% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60% құрайды. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда. Экспорттың тиімділігі оның қүрамын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар, химия өнімдері, металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадайбаптар болып табыладлы.

Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктегі тапшылығы кезінде көп алады.  Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.

 

15 -Тақырып   ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.

 

1.                  Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы

2.                  Инфляцияға қарсы саясат шаралары

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.

«Инфляция» термині ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда  бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы- тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:

айналысқа артық ақшаның шығарылуы;

       қолайсыз төлем балансы;

үкіметке сенімнің жоғалуы.

Ұзақ уақыт бойы инфляциянгы монитарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұсында түсіндіріліп келеді. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Инфляцияның көріну нысандары:

тауарлар мен қызметтерг ебағаның өсуі, оның үстіне бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;

ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі;

ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары- бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік- саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы- бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар, басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляциясының сыртқы факторлары болып табылады.

Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;

инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

мемлекеттік берешектің көлемі.

Бірінші фактор- мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.

Екінші фактор- табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизімі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктегі бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор- бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары.

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.

Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.

Сөйтіп қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне,мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады.  Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. Қаржы қатынастары мен  инфляциялық процестердің бір бағыты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады.

Информация о работе Лекция по "Финансы"