Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:15, курс лекций
Нарық жағдайында қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы- бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін ететін көзі- қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессініңнегізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-комуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Экономикалық реформалар барысында пайд болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының- қоғамдардың, ассоциоциалардың, концерндердің, концерндердің, концорциумдардың және тағы сол сияқты көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтарды өзін-өзі басқарумен өзін-өзі қаржыландыруға көшуге мүмкіндік береді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық- экономикалық ерекшеліктерімен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарының және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке дара ауыспалы айналымының процессінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетінде болып отыр, мұны өзі қаржының ұдайы өндіріс процессінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын анықтайды. Ақшалай қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудыңбасты шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процес кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім - ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынғанқаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір ьбөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
5-Тақырып МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ
1. Мемлекеттің қаржы ұғымы және құрамы
2. Мемлекет табыстарының мәні.
3. Мемлекеттің шығыстарының маңызы.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан елуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функциаларын орындауға пайдалану қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет, бір жағынан жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылыды.
А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;
2)техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бұл:
1) орналастыру;
2) қайта бөлгіштік;
3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді.
Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктік тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсіл арқылы;
2) баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын үдемелі салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтар мен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
6-Тақырып САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.
2. Салық жүйесі.
3. Салықтарды алуды ұйымдастыру.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен, және функцияларымен айқындылыды. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін ( салық ауытпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) «қайыр көрсету» ( төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын А.Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А. Смитке «салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналармен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан табыстан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
7-Тақырып МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі.
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.
Қаржылық байланыстың орасан зор алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективтік сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды- жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, эконмикалық категория ретінде көрінеді.
Бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекет жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану мен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;