Лекция по "Финансы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:15, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Работа содержит 1 файл

Лекция.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үұкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

 

10-Тақырып  Үй шаруашылықтарының қаржысы

                            1.Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары

                            2. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары және бюджеті

3. Үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстары

 

1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары

Үй шаруашылықтары қаржысы, жалпы қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақша қатынастары болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржы қатынастарының жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.

Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін ол орындайтын мына функцияларда табады:

1) отбасының қажеттіліктерін ақшамен қамтамасыз ету;

2) бөлу.

Бірінші функция бұл отбасы мүшелерінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті.

Тауар-ақша қатынастарының, рыноктық пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:

1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;

2) үй шаруашылығы ақшасының жасалуы және өсуі;

3) ақша қорының – материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табыстарының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржы қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:

1) жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстарды жасай отырып, осы шаруашылық бірлігі мен қаржы жүйесінің басқа буындары арасындағы (мемлекеттің қаржысымен-бюджет пен бюджеттен тыс қорлар және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы) қатынастар;

2) оқшауланған ақша қорларын жасай отырып, қаражаттар бөлігіндегі және оқшауланғандағы үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.

Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану.

Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.

 

2. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары және бюджеті

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары – бұл отбасы қарамағындағы жиынтық ақша. Үй шаруашылығы мүшелерінің өндірістік қызметі нәтижесінде жасалынған ол қоғамның ұлттық табысының бір бөлігі болып келеді. Үй шаруашылығының ақша қорының көлемі шаруашылықтағы әркімнің күш салуына байланысты.

Үй шаруашылығының қаржы ресурстары, әдеттегідей, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақша қорлары түрінде болады. Екі негізгі қор жасалды:

тұтыну қоры, ол осы ұжымның – отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары);

жинақ ақшалар (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) қоры, ол келешекте қымбат тұратын тауаларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал ретінде.

 

 

11-Тақырып  САҚТАНДЫРУ.

1.                  Сақтандырудың экономикалық мәні

2.                  Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

3.                  Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру

Сақтандыру- қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.

Сқтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізілген субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материялдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол- табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.

Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымда – сақтық төлемдерді төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Сақтықө ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскелерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Эконмиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкелік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді.

өтрпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, сақтандыру механизімін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкелік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан эконмикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді  қамтамасыз етеді.

Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:

қоғамдық қорғаудың жүйесі;

әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;

жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру- қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы  қорғау «Сақтық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;

сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1)           қатынастардың ынтымақтық сипаты;

2)           қатынастардың төтенше сипаты .

сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

Міндеттілік дәрежесі бойынша- ерікті және міндетті;

Сақтандыру объектісі бойынша- жеке және мүліктік;

Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша- жинақтаушы және жинақтаушы емес.

 

 

12 -Тақырып  ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ.

1.            Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің  түсінігі

2.            Макроэконмикалық тепе-теңдік және қаржы

3.            Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда- өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен  сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлееттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікрті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1.                 Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу.

2.                 қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады.

3.                 көзқарастарды білдіретін демокртиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің,әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4.                 шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегінісі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнаммалық жүйенің болуы.

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

Материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарның жалпы деңгейін реттеу;

өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

кәсіпорындарда, ұйымдарда фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатынасын реттеу;

ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық процестерді реттеп отыру.

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мемшігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені кәсіпкерлікті дамыту;

в) жоғарыда аталған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістікті шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Информация о работе Лекция по "Финансы"