Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:15, курс лекций
Нарық жағдайында қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
«ҚАРЖЫ» пәні бойынша
ҚЫСҚАША ЛЕКЦИЯЛАР КУРСЫ
Кіріспе
Нарық жағдайында қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциялары пайдаланылады. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады.
Қоғамдық өнім құнын бөлуге несие де қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер несие қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты несие қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.
Қазақстанда нарықтық экономика өріс алып, қоғамдық өндірісте меншіктің сантүрі бел алған жағдайда ішкі резервтер мен мүмкіндіктерді дұрыс әрі тиімді пайдалану барысында қаржы-қаражаттың рөлі мен ықпалы бұрынғыдан да арта түсті. Өйткені қоғам мен халыққа аса қажетті өнімдер шығарудың алуан процесіндегі еңбектің жемісі ерекше. Ал осы еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту жұмысында барлық өлшем қаржы арқылы айқындалады.
Ақша жеке тауар өндірушілерді еңбек пен нарықты бірыңғай экономикалық ағзаға қоғамдық бөлу арқылы байланыстыратын айналыс құралы болып табылады.
Нарықтық экономикадағы ақша рөлі жинақ ақшаның пайда болу тетігін құру мен кеңейтуден, барлық қаржы ресурстарын жұмылдыру және оларды кеңейтілген ұдайы өндірісте тиімді пайдалану үшін инвесторларға табыстаудан тұрады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бір буыны болып отыр. Ал қаржылық саясат санқырлы процесті бейнелейді.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық принципіне көшу практикасы қаржы қорларын пайдаланудың құрылымына, бағыт-бағдарына жаңа өріс ашты. Қаржылық қызметпен шұғылданатын басшылардың белсенділігі, іске деген жауапкершілігі күшейді.
Қаржымен басқару ауқымы қамтитын қаржыландыру мен қорлану мәселесіндегі шешуші бағыттың бірі - құнды қағаздарға қатысты ұйымдық шаралар. Құнды қағаздардың әрбір түрінің әрекет ету ықпалы өзіндік ерекшелігі қаржыландыру қызметі жағдайында айқындалады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құроайтын қатынстардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмысауға арналған мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс- қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттілігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады.
Ақша қорларының бкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшклігі сол, олар экономиканы басқрудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан аудрылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.т.), яғни баламасыздықпен сипатталады
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде – бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды.
1- Тақырып ҚОҒАМДЫҚ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТЕГІ ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ РӨЛІ
1. Қаржының мәні
2. Қаржының функциялары
3. Қаржының басқа экономиялық категорияларымен байланысы
4. Қаржы ресурстары және қалыптастыру көздері.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құроайтын қатынстардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмысауға арналған мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс- қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттілігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады.
2-Тақырып. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.«Қаржы жүйесі» туралы ұғым, оның құрамы.
2. Жалпы мемлекеттік қаржы.
3. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
1. «Қаржы жүйесі» туралы ұғым, оның құрамы.
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады. Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпы мәлім, әдетте тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Класикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген көрнекті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО –ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергіліекті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады. «Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерилері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс- қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржынының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық – экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалары үлгісі қойылған. Осы критериге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды.
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараттары.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны құрайды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қлыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
3-Тақырып Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
1. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары.
2. Қаржы механизімінің мазмұны мен құрылымы.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін.
Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизімі (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады;
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттыұқ шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстары белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігін туындайды.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың жалпы және жеке қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
4-Тақырып Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны.
2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.