Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 21:13, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтап, депозиттік салымдарды сақтандыру түрлері мен әдістерін, депозиттік салымдарды арттыру мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті- депозиттік операциялардың мәні мен мағынасын түсіндіріп, банктердегі депозиттердің тиімді, тиімсіз жақтарын қарастыру. Әр түрлі банктердің пайыздық ставкаларын салыстырып, тұрғындарға, студенттерге, зейнеткерлерге тиімді депозиттерді анықтап, оларды сақтау жолын шет ел тәжірибелерімен салыстырып талдау.
Ақшасы
аз жинақталған клиенттер, яғни көпшілігі,
басты назарды депозиттер бойынша
пайыздардың шамасына және жинақталған
ақшаны басқа банкке аудару мүмкіндігін
«қарап шығуға» аударады.
3.2. Депозиттік пайыздардың салымдар үшін маңыздылығы.
Деректерге қарағанда шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы қысқара бастауымен доллардың құнсыздану үдерісі басталды. 2007 жылға дейін доллардың өсу үдерісі жүргеніне қарамастан 2007 жылы бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1% -ға азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы керісінше азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банкінің отандық төлем қаражатының тұрақтануы бойынша тиімді ақша-несие саясатын жүргізумен және жалпы экономикалық конъюнктураның жақсаруымен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында долларлық салымдардың тартымдылығы айтарлықтай төмендеді. Талдаушылардың көпшілігі доллар бағамының төмендеуі қысқа мерзімді деп ойлайды, егер АҚШ-тың экономикалық жағдайын ескерсек, теңгелік депозиттердің өсуі дегенмен ұзақ мерзімді сипатта болатын сияқты.
Жеке тұлғалар депозиттері үлес салмағының өсуі 44,3%-ға дейін көтерілуі, 2007-2008 жылдары жеке тұлғалар депозиттерінің өсуінен болды. 2007 жылы заңды тұлғалар депозиттері өсуі - 43%, жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі – 37,8% болды және тиісінше, заңды тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы - 2,2%-ға артты. 2009 жылы жағдай мүлдем өзгерді: заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі 21,9%-ға тең болды, жеке тұлғалар депозиттері 52,6%-ды құрап, 2 еседен аса өсті, тиісінше, олардың үлес салмағы айтарлықтай артты. 2002 жылы заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі біршама азайып 15,5%-ды, ал жеке тұлғалар депозиттері 22,7% болды, сондықтан да жеке тұлғалар депозиттерінің өсу деңгейі соншама жоғары емес.
Халық салымдарының құрылымында мерзімді депозиттер үлесі біртіндеп өсуде. 2008 жылдың соңында бұл көрсеткіш 78,93%-ды құрды, ал бір жылдан кейін -80,4%-ға тең болды.
Сыртқы нарықтардың ресурстарын тарту үшін шектеулі мүмкіндіктері бар орташа банкілер тобы, бірлесіп жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беретін жеке меншік қор құруы мүмкін деп шамалауға болады. Өйткені кепілдік берудің мемлекеттік қоры депозиттердің «сапасын» қорғауға емес, салымшылардың кең тобына бағытталған. Яғни ол, болжанбаған банкроттыққа ұшыраған жағдайда, 400 мың теңгеге (шамамен 3000 АҚШ доллары) дейінгі мөлшерде кепілдік береді. Жеке меншік қор депозиттердің мақсатты түрлері (мерзімділері, мерзімі бір жылдан асатындары) бойынша 5-7 мың долларға дейін кепілдік беру деңгейін кеңейтеді. Мұндай қорларға депозит көлемі 3000 АҚШ долларынан жоғары салымшылар назары өседі. Салымшылардың осы тобымен жұмысты жандандыру Қазақстанда салымдары көп емес орташа банктердің қаражатын инвестициялау мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді. Доллар бағамының құлдырауы, еуроның тұрақсыздығын, муниципалдық тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды және де жылжымайтын мүлікке салым салу болып есептеледі. Алайда жеке тұлғалардың депозиттерін тартатын банкілер, сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің шамасы бойынша, заңға сәйкес шектелген. Сондықтан олар салымды тарту үшін үлкен жарнамалық бюджет жұмсауға мәжбүр. Сонымен, жылдық қаржы есептемесі бойынша 2008 жылы жарнама мен маркетинг бойынша тек бес орташа банктікі – 1,2 млрд теңгені немесе 8 млн асатын АҚШ долларын құрайды. Әрине, банктің жарнамалық бюджетінің бір бөлігі активтік операциялардың жарнамасына, атап айтқанда – кредиттеуге, ал оның екінші бөлігі депозиттерді жарнамалау мен банк абыройын арттыруға жұмсалады. Бірнеше банктің қор құруы әрқашанда сәтті шыға бермейтін, яғни өзін өзі ақтамайтын жарнама компанияларына қарағанда арзан түсуі мүмкін. Сонымен бірге, әдеттегідей, белгілі бір кіріс әкелетін бағалы қағаздарға инвестицияландырылған кепілдік беру сомасының пайыздары қорда сақталады. Жеке меншіктегі қор банкке немесе банктер тобына бәсекелестікке акйтарлықтай артықшылығын тудырады. Мысалы, қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының (ҚЖТСКБҚ) салымдар бойынша орнын толтыру үшін резерв көлемі 2008 жылғы қаңтарда 5,1 млрд теңге, немесе сақтандырыған соманың 2%-ын құрды. Осы күнге үш ірі банктегі жеке тұлғалардың үлес салмағы - 68%, яғни бұл «теориялық тұрғыдан» ҚЖТСКБҚ қатысушы 28 банкке – 1,7 млрд теңгеден келеді. Сондықтан, біздің банкирлерге депозиттердің мұндай сақтандырылуы туралы ойлануға тура келеді.
Жеке меншік қорды құру қандай да болмасын банк тобына жеке тұлғалардың депозиттер нарығындағы тек өз орындарын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді. Және де оның «жұмылдыру» әсерін күшейтеді, яғни әрі салыстырмалы түрде отандық ірі салымшылар мен инвесторлар үшін, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердегі капитал иелері үшін тартымдылықты арттыра түседі.
Қолданыстағы
заңдар бойынша депозиттерге кепілдік
беруге жеке меншік қорларына тыйым
салынбаған. Бірақ, алайда олардың құрылуы
мен қызмет етуі заңдарды жазылмаған.
Атап айтқанда, 1995 жылғы 31 тамыздағы
«Қазақстан Республикасындағы банкілер
мен банк қызметі туралы» №2444 Қазақстан
Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес
депозиттерге міндетті түрде ұжымдық
кепілдік беру бойынша құқықтық мәртебесін,
ұйымның қызметін құру, реттеу және қадағалау
жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Проблема шешуді талап етеді, өйткені
жуық арада депозиттерге кепілдік берудің
жеке меншік қорын құру жөнінде сөз
болуы мүмкін.
Қосымша 1. 2008-2009 жыл
Депозиттік ұйымдардағы депозиттер (секторлар мен валюта түрлері бойынша),
|
01.09 | 02.09 | |
Барлық депозиттер | 3 890 142 | 3 918 743 | 3 967 557 |
оның iшiнде: | |||
ұлттық валютада: | 2 645 750 | 2 577 771 | 2 605 539 |
банктік емес заңды тұлғалардың | 1 741 443 | 1 693 977 | 1 701 806 |
жеке
тұлғалардың |
904 307 | 883 794 | 903 733 |
шетел валютасында: | 1 244 392 | 1 340 972 | 1 362 018 |
банктік емес заңды тұлғалардың | 716 101 | 790 054 | 810 311 |
жеке тұлғалардың | 528 291 | 550 918 | 551 707 |
Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде: | |||
банктік емес заңды тұлғалардың | 2 457 544 | 2 484 031 | 2 512 117 |
жеке
тұлғалардың |
1 432 598 | 1 434 712 | 1 455 440 |
Аудармалы депозиттер, | |||
ұлттық валютада: | 793 001 | 763 999 | 813 540 |
банктік емес заңды тұлғалардың | 657 862 | 642 918 | 685 107 |
жеке
тұлғалардың |
135 140 | 121 082 | 128 433 |
Басқа депозиттер, | |||
ұлттық валютада | 1 852 749 | 1 813 772 | 1 791 998 |
банктік емес заңды тұлғалардың | 1 083 582 | 1 051 060 | 1 016 699 |
жеке
тұлғалардың |
769 167 | 762 712 | 775 300 |
Аудармалы депозиттер, | |||
шетел валютасында: | 168 205 | 188 443 | 195 600 |
банктік емес заңды тұлғалардың | 143 255 | 159 536 | 173 106 |
жеке
тұлғалардың |
24 950 | 28 908 | 22 494 |
Басқа депозиттер, | |||
шетел валютасында: | 1 076 187 | 1 152 529 | 1 166 418 |
банктік емес заңды тұлғалардың | 572 846 | 630 518 | 637 205 |
жеке
тұлғалардың |
503 341 | 522 011 | 529 213 |
Қосымша
2. Алыну формалары
бойынша депозиттер
Қосымша
3. Корпорациялардың,
фирмалардың және басқа да коммерциялық
ұйымдардың депозиттері
Қосымша 4. Жеке
тұлға депозиттері
Қорытынды.
Депозит – бұл клиентпен банк мекемесіне қаражатты уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы. Банк үшін басқару тиімділігінің басты көрсеткіштері болып, неғұрлым аз шығын жасай отырып қаражатты тартуды басқару және қолда бар депозиттердің қажетті несие соммасынан қажетті көлемде болатын басқару табылады.
Депозиттің кез-келген банктің жұмысын атқаруда өз активтерін көбейтіп, салымшыларды тартуда маңызы зор. Ол үшін әрбір банк өзіне де салымшыға да тиімді келісім-шарт жасауды көздейді.
Уақытша бос ақша қаражаттарын банкте орналастыру салымды сақтаудың және пайыз түрінде кіріс алудың жолы болып табылады.
Қазіргі кезде барлық коммерциялық банктерде арнай депозиттер ашуға арналған бөлімдер ұйымдастырылған.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында депозитті реттеудегі коммерциялық банктердің рөлі баяндалады. Банктердің ақшалай қаражаттары салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстарының жүргізілу тәртібі туралы жазылады. Банктердің қаржы ресурстарын өзіне тарту, жинақтау депозиттік операциялардың жүруін қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың екінші тарауында коммерциялық банктердегі депозиттік салымдардың сақтандырылуы, салымдардың банк үшін маңыздылығы және депозиттік салымдарды арттыру мәселелері қарастырылады.
Курстық
жұмысымды қорыта келе депозиттік салымдар
жеке тұлғаларға тиімді кіріс әкеле
отырып, банктің ақша айналымында
маңызды орын алатынын жете түсіндім.
Осы курстық жұмысым депозиттік
салымдардың тиімділігін