Курстық жұмыстың тақырыбы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 21:13, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтап, депозиттік салымдарды сақтандыру түрлері мен әдістерін, депозиттік салымдарды арттыру мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті- депозиттік операциялардың мәні мен мағынасын түсіндіріп, банктердегі депозиттердің тиімді, тиімсіз жақтарын қарастыру. Әр түрлі банктердің пайыздық ставкаларын салыстырып, тұрғындарға, студенттерге, зейнеткерлерге тиімді депозиттерді анықтап, оларды сақтау жолын шет ел тәжірибелерімен салыстырып талдау.

Работа содержит 1 файл

макро курсовой.doc

— 400.50 Кб (Скачать)
  • Пайыз  ақша нарығының пайыз қойылымына байланысты;
  • Ең төменгі қалдық 1000 фунт  стерлингті құрайды
  • 7 күн бұрын ескеріп, 250 фунт  стерлингтен жоғары сомманы алдын ала алуға болады
  • Чектерді жазуға рұқсат беріледі

             7. Берілетін салымдық сертификат. Бұл құрал АҚШ –иағы сияқты ірі тинвесторлар, іскерлік фирмалар арасында кең тарлған. Негізгі ерекшеліктері:

  • Тіркеген пайыз қойылымы
  • Номиналдың ең төменгі мөлшері-5000 фунт  стерлинг, ең жоғарғы мөлшері-500000 фунт  стерлинг сертификат ұсынушыға шығарылады.
 
 
 

                                Ұлыбританияда банктік депозиттерді  сақтандыру.

   1979 жылы 1987 жылдары Ұлыбританияда Банктік  актілер қабылданған болатын. 1979 жылғы актіге сәйкес банктер  өз салымшыларына Ұлыбританияда  кризистік  жағдай қаупі төнгенде кепілдік берулері міндетті. Заңмен «Депозиттерді қорғау кестесі» бекітілген  болатын. Ол кесте банк үшін міндетті әрекеттерді қамтиды. Мәселен: әрбір банк және ДҚЛҰ ең төменгі мөлшері 5000 000 фунт  стерлингті құрайтын  арнайы сақтандыру қорларын  құруға міндетті.  Бұл қорлар Ұлыбританияда Банктік депозиттерді Қорғау  Кеңесінің бақылауында болды және болашақта оның құзырымен  пайдалана алады. «Депозиттерді қорғау кестесіне» әрбір  жеке салымшы кепілдік берілген сомманың 75% есептелген 10000фунт стерлингтен аспайтын салым бойынша сақтандыру төлемін алуға болады.

   20 000 фунт  стерлингті  құрайтын  соммаға депозит бойынша өтелімнің ең жоғағы соммасы 90% -ға өскен.

   Германиядағы  банктік депозиттерді сақтандыру

   Халықтың  жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық  несиелік мекемелері айналысады. Ең көп таралған салымдар: мерзімді салымдар; жинақ келісімді салымдары; ағымдағы шоттары болып табылады. Талап етуге дейін салымдар –бұл классикалық  пайызсыз депозиттер.  Мерзімді салымдар бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға бөлінеді. Мерзімді салымдар бойынша пайыздар салымның соммасына және мерзіміне байланысты бекітеді. Еуропаның басқа да жинақ және әмбебап коммерциялық банктері  сияқты Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен  жасалатын операцияларына да бағытталады. Осыған байланысты клиенттерге қаржылық кең ассортименті ұсынылады.

     Еуропаның дамыған мемлекетеріне  қарағанда АҚШ-та халықтың жинақтарын  тартумен, негізінен жинақ институттары  айналысады, олар жинақ банктерінен ссуда-жинақ ассоциацияларынан және несиелік кеңестерден тұрады. Сондай-ақ мұндай функция инвестициондық коммерциялық банктерге, брокерлік үйлерге, сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық компанияларға да тән. Негізгі депозиттер талап етуге дейінгі  салымдарға, жинақ және мерзімді салымдарға бөлінеді. Талап етуге дейінгі салымдар мен NOW-шоттарын, жоғарыда аталып өткендегідей, чектік салымдар деп атайды. АҚШ-та талап етуге дейінгі салымдарды салымшылардың өзі шоттан алуы мүмкін немесе банкті алдын ала хабарлауынсыз кез келген уақытта басқа тұлғаға аударылуы мүмкін. Банктік депозиттердің бұл категориясы ең өтімді болып табылады, өйткені олар есеп айырысу  төлем операцияларына  тікелей қатысады. Бәрімізге белгілі, АҚШ-тағы төлем айналымының 90 % -ы чектер арқылы жүреді. АҚШ-та NOW шоттарын ашудағы салымшылардың кейбір категориялары үшін шектеулер сақталған. Ал заңды тұлғаларда тек пайызсыз чектік шоттар ғана болуы керек, өйткені банк заңдылығы бойынша оларға  өздерінің ақша қаражаттарын NOW-шоттарында сақтауға тыйым салынған. АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар сондай шоттар түріндегі нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады. Нау-шотының  мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

    • Бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді
    • Бұл шот  жеке тұлғаларға немесе  пайда таппайтын ұйымдарға ашылады
    • Салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді

    Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит  түріне ақша нарығының депозиттік  шоты жатады.

    Коммерциялық  банктердегі депозиттердің сыныптамасын жүргізуде мына тұжырымға сүйенеміз: қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың  шоттарының әр түрлері  кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға таратуға ұмтылуына жағдай жасайды. 
 
 
 
 

Бөлім 2. ҚР коммерциялық банктердегі салымдарды сақтандыру жүйесі.

2.1. Коммерциялық банктің депозиттік операцияларының түсінігі.

    Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық  банктердің  алғашқы  дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің  пассиві меншікті  капиталы мен  тартылған  қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің кредиттік  ресурстарының маңызды және ажырамас  бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын  құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда  қаржылық ресурстар құрамында  меншікті капиталдың  төменгі деңгейі болуы  мынадай  жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде де басқа кәсіпорындардың, мекемелердің  және халықтың уақытша бос  қаражаттар соммасын депозит түрінде  жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай – ақ олардың қаауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың  материалдық обьектілеріне орналастырған активтеріне қарағанда ыңғайлы, өтімді және  нарықта оңай өткізіледі.

    Осы жоғарыдағы көрсетілген  жағдайларға  байланысты коммерциялық  банктерге  басқа  кәсіпорындармен салыстырғанда  меншікті капиталдың тартылған ресурстарға аз қатынасында да өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне  мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдеріне шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктің қоғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның  жұмысының тиімділігін  қамтамасыз ету үшін  банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

    Жоғарыда  айтылып өткендей, банктер өздерінің  активтік операцияларын жүзеге асыру  үшін  тартылған қаражаттардың 90%-нан  жоғары  бөлігін  пайдаланады, сондай – ақ  банктер өз  клиентерінің  уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың  негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит деп -  банктің клиенттерінің  жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы айтылады. Банктердің ақшалай  қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру  жұмыстары депозиттік  операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің  кредиттік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

    Шетелдік банктік  тәжірибеде де талап ету  тұрғысынан қарағанда талап  еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және  жинақ салымдары деп ажыратылады.

    Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың  ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе  басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк  талап еткенге дейінгі  салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша  сыйақы  мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге  заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге  дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы  есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып, клиент  банкке өзінің  төлем  операцияларын  техникалық жүргізуге  сенім білдіреді. Талап еткенге дейінгі  шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай  пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде жабады, компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін  пайдаланылатын бұл шоттарда  тұрақты қалдық  қалады, оны банк пайда табу мақсатымен қарызға  беруі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан  қаражаттарды  үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл соммасын  толық алмайды. Бұл экономиканың циклдік айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120  күнге вексельге немесе нақты кредит бере алады.

    Депозиттердің  екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ  мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит  тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін  осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы  төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар  меншікті мерзімді салымдар және кері алу  туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып  бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар  шот иелеріне алдын ала белгіленген күні  қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша  иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні  соманы  кері алмаса, онда оны  сол күннен кейін ағымдағы шот секілді  пайдаланады, сондай – ақ ол өз ақшаларын кез келген  келесі күндерде  кері ала алады.

    Ескертуі  бар мерзімді депозиттерде салымшының  ақшалары кері  алу туралы арнайы  арызын банкке алдын ала түсіруі  талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері  - 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе  тәжірибеде алдын ала  ескертуге мерзімді депозиттер қолданылады.

    Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі  шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын  міндетті түрде ұсынуы тиіс. Депозиттердің басқа түрлеріне  қарағанда  жоғары пайыздарды  төлеудің  жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың  жинақтарын  банктерде сақтауды  ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі  жинақ салымдарын  кеңінен қолданады. АҚШ-та  корпорациялар, фирмалар  және басқа да коммерциялық  ұйымдар үшін шоттың шекті  сомасы 150 мың долларға  белгіленген.

    Халықтың  салымдарын  тарту мақсатында жинақтардың  түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға, мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен  бірге жүреді. Жинақ  шоттарының тұрақты мерзімі  болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.

    Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі –  мерзімді депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын  ақшалай құжат, олар компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге  100 мың доллардан кем емес  сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта  сатылуы және  басқа тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды  ұсыеу арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.

    Халықтың  көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге  ұсақ жинақ сертификаттары  шығарылуы мүмкін.

    Коммерциялық  банктер өз бастамалары  бойынша  депозиттік  емес  ресурстарды  жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған  қаражаттар немесе жай міндеттемелер  деп аталады. Оларға  банкаралық нарықтан займ алу бағалы  қағаздарды кері сатып алу  шартымен сату, вексельдерді  есепке алу және орталық банктен  қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды  эмиссиялау және т.б. жатады.

Информация о работе Курстық жұмыстың тақырыбы