Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 21:13, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтап, депозиттік салымдарды сақтандыру түрлері мен әдістерін, депозиттік салымдарды арттыру мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті- депозиттік операциялардың мәні мен мағынасын түсіндіріп, банктердегі депозиттердің тиімді, тиімсіз жақтарын қарастыру. Әр түрлі банктердің пайыздық ставкаларын салыстырып, тұрғындарға, студенттерге, зейнеткерлерге тиімді депозиттерді анықтап, оларды сақтау жолын шет ел тәжірибелерімен салыстырып талдау.
30 күнге дейінгі;
30-90 күнге дейінгі;
90-180 күнге дейінгі;
180 күннен 360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтініш талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Жинақ салымдары- олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін
1.2. Депозитпен
байланысты экономикалық
Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың дұрыс жолға қойылуы, депозиторлардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №169 Заңы қабылданды. Осы заң депозиторлар- жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және Қазақстан Респуликасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. Заң 5 тарау, 25 баптан тұрады. Олар:
3-бап.
Депозиттерге мiндеттi
мақсаттары мен принциптерi
1. Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк беру
Мыналар:
1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды,
банк шоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге
асыратын банктердiң депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк беру жүйесiне қатысу мiндеттiлiгi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi
азайту;
4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған
арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы
сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк
беру жүйесiнiң негiзгi принциптерi болып
табылады.
5-бап. Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге
асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен
функциялары
1. Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын
ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз
етуге қатысу;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған
жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер
депозиторларының құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi
жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн
орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк
берiлген өтемдi төлейдi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн
жүргiзедi;
3) өз активтерiн инвестициялайды;
4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған
арнайы резерв қалыптастырады;
5) конкурстық негiзде агент банктi таңдайды;
6) қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде
тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына
қатысады;
7) қатысушы банктен барлық банк операцияларын
жүргiзу лицензиясын қайтарып алу кезеңiнде
тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына
қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында
ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген
өтем сомасы бойынша берешектi өтеген
кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы
банктiң тарату комиссиясының құрамына
қатысады.
10-бап.
Банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк
беру
жүйесiне кiруi
1. Банк депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк беру
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiне кiретiн банк уәкiлеттi органның
жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға,
банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген
лицензиясын алған күнi депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiлерiнде белгiленген нысан бойынша
жасалған өтiнiш беру арқылы қосылу шартына
қосылуға мiндеттi.
23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi
жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы.
Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын
ұйымның арнайы резервiнiң қаражаты
депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем
төлеуге жеткiлiксiз болса және жетiспейтiн
соманы қатысушы банктердiң қосымша жарналары
есебiнен жабу мүмкiн болмаған жағдайда,
депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге
асыратын ұйым Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкiнен жетiспейтiн ақша сомасында
қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем
төлей бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе
отырып қарыз алу үшiн қажеттi мерзiмге,
бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату
туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен
бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын
мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
25-бап. Осы
Заңды қолданысқа енгiзу
1. Осы Заң 2007
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi
және Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктiк
шот және (немесе) банктiк салым шарттарынан
туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде
депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң
қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа
енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын
ұйыммен осы Заңда белгiленген тәртiппен
қосылу шартын жасасуға мiндеттi.
3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi
жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа
енгiзiлгенге дейiн қатысушы банктермен
жасасқан мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша
және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың
тартылған депозиттерi бойынша сыйақының
ең жоғары ставкалары және банктiң депозит
саясаты жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну туралы
шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгiленген
тәртiппен қосылу шартын жасасқан кезге
дейiн қолданылады.
1.3. Депозиттерді сақтандырудың шетел тәжірибелері
Қазіргі банктік тажірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос ақша қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік институттар-әмбебап коммерциялық банктерден арнайы жинақ институттарына дейін жекелеген немесе кез келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік өнімдердің әр түрлі түрлерін ұсынады. Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсеретті, яғни бұл шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мұндай шоттан кез-келген уақытта қолма-қол ақша алуы мүмкін.
Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі депозиттер және NOW-шоттары болып табылады. NOW шоттары –айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік дпозиттер. Олар Батыс коммерциялық банктерінде 80-жылдары таралған. Басында олар жинақ салымдары ретінде, ал 1981 жылдан чектік депозиттер ретінде жіктелінген.
Алғашқы кезде NOW шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі болған, оларды айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты NOW шоттарының енгізілуі, бірте-бірте АТS шоттарын нарықтан шығаруына әкелді. Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен: Ұлыбританияда, Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша нарығында депозиттік сертификаттар отандық банктермен де қолданылады. Ұлыбритания банктерінің депозиттік операцияларының ерекшеліктері. Көптеген мемлекеттерде салымдардың негізгі түрері мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар болып жіктеледі. Ұлыбританияда банктік статистика ағымдағы шоттар және депозиттік, жинақ шоттарын ажыратады. Ұлыбританияда ағымдағы шоттардың негізгі ерекшеліктері-шот иелеріне овердрафт нысанында қысқа мерзімді несие шотынан ақша аударуға, дәлірек айтқанда шоттарға қалдық сомасынан асып түсетін соммаға чек жазуға болады. Овердрафт AUTHORISED – рұқсат етілген болуы мүмкін, яғни алдын-ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген болуы мүмкін, яғни алдын ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген NOT AUTHORISED болуы мүмкін, яғни банктің рұқсатынсыз болса. Жұмыс күнінің соңында рұқсат етілмеген овердрафттар бойынша ведомость құрастырылады және әрбір жағдайда бөлімнің бастығы чекті төлеу үшін банктен сомманы беруі және бермеуі жөнінде шешім қабылдайды. Егер сауда берілетін болса, онда күн сайынғы пайыз соммасы банктің базалық қойылымынан 7-8% жоғары тағайындалады. Ал рұқсат етілген овердрафт бойынша ссудалық пайыз банктің базалық қойылымынан 2-3% жоғары болады. Айрықша атап өтетін болсақ, Ұлыбританияда депозиттік және жинақ шоттарының бірнеше түрлері бар:
Оның екі нұсқасы бар:
1.жинақ кітапшасымен
2.банктен
клиентке берілетін шоттан
Негізгі ерекшеліктері:
5.Пайыздық қойылымы өзгермелі депозит. Шот қысқа және ұзақ мерзімді соммаларды жинақтауға арналған. Салымның мерзімдері-7 күннен 18 айға дейін. Бірнеше жылы қойылым тіркелген болып келеді, келесі жылдары ақша нарығының қойылымдарына байланысты қалқымалы болып тағайындалады.
6.Ақшалай қорлар. Ең алғаш рет 1983 жылы енгізіліп, америкалық нау-шоттардың аналогы болып табылады: олар бойынша пайыз төленеді және чек жазуға мүмкіндігі бар. Ұлыбританияда әлі толық дамымаған, себебі көптеген банк клиенттері өздерінің жинақтарын депозиттік және жинақ шоттарынан осы шотқа аударуынан қауіптенеді. Негізгі ерекшеліктері: