Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:26, курсовая работа
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I. Фирманың кірістер мен шығыстар туралы жалпы түсінік.....................5
1.1. Кірістер мен шығыстардың мәні............................................................6
1.2. Кірістер мен шығыстардың есептілігі .................................................7
II. Кірістер мен шығыстар есептерінің ұйымдастрырылуы.......................9
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті......................10
2.2. Негізгі құралдардың кіріс есебі...........................................................12
2.3. Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі..............16
2.4. Кезең шығыстарының есебі................................................................18
Қортынды .............................................................................................................23
Қолдалынған әдебиеттер тізімі...........................................................................25
Келісімшарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.
Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:
Бұл шығыстар
тауар-материалдық қорлардың
Жалпы және әкімшілік шығыстары, шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік - шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады.
Үстеме шығыстары. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастрымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстарға, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты
- шығыстар
құрамында барлық экономикалық
Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясытына сәйкес көрініс табады.
Барлық кірістер кредитінде есептеліп, дебетінде жабылады. Ал шығыстар дебетінде есептеліп кредитінде жабылады.
2.1. Негізгі
құралдардың бухгалтерлік
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінін, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, керек-жарақтар, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін малдар, көп жылдық өсімдіктер енеді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылауышы экономикалық көрсеткіш болып табылады.
Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар,
денсаулық сақтау, спорт).
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігінде өтеді, олар тиісінше 2400 – 2410-шоттардғы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» суб-шотында ескеріледі.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады.
Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.
2.2. Негізгі құралдардың кіріс есебі
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.
Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтыралатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.
Негізгі құралдарғы толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріліді. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін
кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорыннның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дебет: негізгі құралдар шоты;
Кредит: ақшалар шоты;
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қарыз шоты;
Қоюшы мердігерлермен есеп айырсыу шоты;
Төленбеген капитал шоты;
Үкімет оргнадарының субсидиялары шоты деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен,яғни кіріске алынған негізі құралдар бұрын пайдалынып және оларға тозу сомасы есептелген болса, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дебет: негізгі құралдар шоты;
Кредит: негізгі құралдар тозуы шоты.
Кесте 2.2.1.
Негізгі құралдар
кіріске алынғанда бухгалтерлік
есепшоттары бойынша
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Ұйымның салынып жатқан құрылысы кіріске алынды |
121-126 121-126 |
641-643 641-643 |
2 |
Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу |
121-126 121-126 |
671 671 |
3 |
Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
4 |
Уақытша салынған құрылысты кіріске алу |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
5 |
Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға: -келісілген құнына -тозу құнына |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған негізгі құралдарғы: - қалдық құны бойынша:
- қосылған құн салығы сомасына |
121-126 121-126 |
641-643 641-643 |
7 |
Тәуелді, еншілес және
бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан
кіріске алынған негізгі
|
121-126 121-126 |
671 671 |
8 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
9 |
Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп түскен негізгі құралдарды кіріске алу:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
10 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (ақысыз, қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске алу: - қалдық құны бойынша; - тозу құнына |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
11 |
Тексеру немесе
түгендеу кезінде артық шыққан
немесе бұрын есепке алынбаған
негізгі құралдарды кіріске
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
12 |
Ұйымның өзінде өндіріліп, кіріске алынатын негізгі құралдар: - негізгі өндірістен - көмекші өндірістен |
121-126 121-126 |
8010 8030 |