Кіріс пен шығыс есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:26, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I. Фирманың кірістер мен шығыстар туралы жалпы түсінік.....................5
1.1. Кірістер мен шығыстардың мәні............................................................6
1.2. Кірістер мен шығыстардың есептілігі .................................................7
II. Кірістер мен шығыстар есептерінің ұйымдастрырылуы.......................9
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті......................10
2.2. Негізгі құралдардың кіріс есебі...........................................................12
2.3. Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі..............16
2.4. Кезең шығыстарының есебі................................................................18

Қортынды .............................................................................................................23
Қолдалынған әдебиеттер тізімі...........................................................................25

Работа содержит 1 файл

кіріс пен шығыс есебі.doc

— 270.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

 

I. Фирманың кірістер мен шығыстар туралы жалпы түсінік.....................5

 

1.1. Кірістер мен шығыстардың мәні............................................................6

1.2. Кірістер мен шығыстардың есептілігі .................................................7

 

II. Кірістер мен шығыстар есептерінің ұйымдастрырылуы.......................9

 

2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті......................10

2.2. Негізгі құралдардың кіріс есебі...........................................................12

2.3. Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі..............16

2.4. Кезең шығыстарының есебі................................................................18

 

 

Қортынды .............................................................................................................23

 

Қолдалынған әдебиеттер тізімі...........................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда  ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Кірістің  сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі кәсіпорындарда кірістер мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. "Қосымша құн" мен "Пайда" категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара - бар. "Табыс" категориясының "Қосымша құн" категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.

Жалпы табыс  кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып  бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған  табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдык қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шарттарда анықталады.

Шығыстар  өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа, сатылған өнімнің көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Атап айтқанда:

  • жалпы және әкімшілік шығындары;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар - материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Үлестірмелі шығыстар - бұл амортизация және сақтандыру шығындары.

Оларға сәйкес активтер таза табыс әкеледі деп  күтілетін кезең ағымына да жүйелі үйлестіріледі.

Үстеме шығыстары  бұл өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды. Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты — шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстары тікелей белгілі бір бұйымға жатқызуға қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

Кірістер мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.

Жалпы кіріс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған кіріс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын кірісті көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Фирманың кірістер мен шығыстар туралы жалпы түсінік.

Жалпы, кірістер болып - белгілі бір мекеменің  немесе кәсіпорынның күнделікті өндірістен түсетін пайдасын қарастырамыз, ал шығыстар - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал - жабдықтары, материалдар және шикізатқа т.б. жұмсалынатын қаржылай активтер болып табылады. Кіріс дайын өнімдерді, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады. Ал, мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтері үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде тараптар өздерінің келісімшарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, яғни, екі жақты бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарлардан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады, табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғаны және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда, мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.

Көрсеткен қызметтен  және орындалған жұмыстан алынған кірістер, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субьект барынша  дәлдік деңгейде табысын анықтай  алады, ол мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясын әрбір тараптың құқығына қатысты мәмілелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді. Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады. Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған түрімен байланысты емес, кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауарлар мен материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

 

 

1.1. Кірістер мен шығыстардың мәні

 

Кірістер - бұл  есептік кезеңдегі активтердің  ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады.

 Яғни кіріс дегеніміз  - белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорының күнделікті өндірістен түсетін пайдасы болып табылады. Кіріс түрлері:

  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
  • дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.

Шығыстар  дегеніміз - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал - жабдықтары, материалдар мен шикізатқа, т.б. жұмсалынатан қаржылай активтері болып табылады.

Кірістер  мен шығыстар туралы есептілік мекеменің  қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындайды;
  2. Ақшалай ағымның өзгерісін болжайды.

Кірістер  мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі  болуы мүмкін:

  1. Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бұл жерде таза табыстар немесе зиян табыстардаң түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.
  2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен шығыстар тіркеледі.

2 бөлімде  кірістер мен шығыстар есебінің  бірнеше түрлерге бөлінуін қарастырдық.

Алынған табыстар түріне және бағытына байланысты мынадай  түрлерге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыстар;
  • негізгі емес қызметтен алынған табыстар.

Негізгі қызметтен алынған табыстары деп - кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндіріс шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Кәсіпорындармен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары деп – кәсіпкердің нақтылы негізгі қызметінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстары жатады.

Негізгі қызметтен  алынған табыстары мен негізгі  емес қызметінен алынған табыстарының қосындысы жалпы жиынтық табысты береді.

Өнімді өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады. Және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстары;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар—материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Жалпы және әкімшілік  шығыс. Шығыстың бұл түріне бүкіл  және өндірістік—шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстары жатады. Пайыз бойынша шығысқа - банк несиесі және жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады. Ал үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетімен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.

 

 

1.2. Кірістер  мен шығыстардың есептілігі

 

Кірістер  мен шығыстар туралы есептілік мекеменің  қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындау;
  2. Ақшалай ағымның өзгерістерін болжайды.

Осы есептіліктегі  кірістер 2 әдіс арқылы анықталуы мүмкін:

  1. Капиталға жету әдісіне таза активтерді қолданады;
  2. Келісімшарттар әдісі бойынша табыстар мен шығыстар шоттарын 
    қолдану арқылы пайдалармен зияндар белгіленеді;

Кәсіпорынның  қаржы шаруашылық нәтижелерінің  есептілікте тіркеген кезде келесідей халықаралақ стандарттары қолданылады:

  1. "Аралық қаржылық есепкерлік" - Қ.Е.Х.С. - 34.
  2. "Консолидацияланған қаржылық есепкерлік және туынды компанияларға жасалған инвестицияның есебі" - Қ.Е.Х.С. - 27.
  3. "Қаржылық есепкерлікті ашып көрсету" - Қ.Е.Х.С. - 1.

Аталған стандарттарға  сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есептілік келесі бөліктерден тұрады:

1. Сипаттамасы бойынша - екі жақты болады: кірістер мен шығыстар;

2. Функциялары бойынша - көрсеткіштердің категорияларына байланысты:

а) операциондық қызметтердің қорытындылары: Негізгі және негізгі емес табыстары мен шығыстары;

б) шығыстардың жіктелуіне байланысты: өндірістік шығыстар, өткізу бойынша, шығындар әкімшілік шығындар.

Келтірілген есептілікте реттелмейтін баптар көрсетіледі, оларға қосымша табыстар мен шығыстар қарастырылады және есептік мерзімнің соңында жиынтық табыс пен зиян шотына кіргізіледі.

Кірістер  мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі  болуы мүмкін:

1. Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бұл жерде таза табыстар немесе зиян 
табыстардың түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.

2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен 
шығыстар тіркеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Кірістер мен шығыстар есептерінің ұйымдастрырылуы.

 

Негізгі және негізгі  емес қызметтерден алынған кіріс  жылдық жиынтық табысты құрайды  және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Кіріс дайын  өнімдерден, сатып алынған тауарлардан  және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім - шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Информация о работе Кіріс пен шығыс есебі