Каржылык бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:49, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) Қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
3) Есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Содержание

Қаржылық бақылау 2
1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы 2
2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы 6
3. Аудиторлық бақылау (аудит) 11
4. Қаржылық бақылаудың әдістері. 16
5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру 20

Работа содержит 1 файл

каржылык бакылау.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметі сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып таблады.

Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (маслихаттар, депутаттардың жиналыстары) қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда–алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.

Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.

Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері, ведомстволары, жергілікті органдардың басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі ақшалай қаражаттардың орталықтандырылмаған қорлары болады.

Ішкішаруашылық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық службалары /бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с./ жүргізеді. Бұл орайда бас (аға) бухгалтер маңызды рөл атқарады. Мұнда субъектінің өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады. Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау – тексеріс бөлімдері, топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктерде және т.т.) ішкішаруашылық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.       

Қоғамдық қаржылықбақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады. Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығармашылық одақтардың, ғылыми, табиғатты қорғау, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объектісі – табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.

Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.

Басқарудың әкімшілік нысанынан нарықтық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары.

Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.

Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі , кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс.

мемлекеттік бақылауды нығайту;

тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;

түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;

бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.   Қаржы. Оқулық/ С. Құлпыбаев         Алматы,     2007 ж       

2.Ақша, несие банктер. Оқулық. / Ғ.С. Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001.

3.Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

4. Қазақстан Республикасының заңдары

5                    Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.

6                    Мельников В. Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: ФинЭко, 2001.

7                    Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Учебник для вузов. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.

8                    Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М:В: Романовского и др. – М.: Перспектива. «Юнити», 2002.

9                    Финансы. Под ред. А.Г. Грязновой, Е.В. Маркиной. – М.: Финансы и статистика, 2004.

10                Финансовый бизнес-план. Учебн. пособие под ред. В. М. Попова, Росс. экон. академия им. Плеханова. – М.: Финансы и статистика, 2000.

11                Вавилов Ю. Я. Государственный кредит. Учебн. пос.для вузов. –М.: Финансы и Финансовое право. Учебник / Отв. Ред. Н.И. Химичева. – М.: Юристъ, 1999.

12                Шуляк П.Н. Финансы предприятия. Учебник. – М.: Изд. дом         «Дашков и К», 2000.

13. Большаков С.В. Финансовая политика государства и предприятия. Курс лекций.     –     М.: Книжный мир. 2002.

 

28



Информация о работе Каржылык бакылау