Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:49, курсовая работа
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) Қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
3) Есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Қаржылық бақылау 2
1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы 2
2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы 6
3. Аудиторлық бақылау (аудит) 11
4. Қаржылық бақылаудың әдістері. 16
5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру 20
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар - бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала, сессияғса дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау - тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылық бақылау яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруышылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысна баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылық бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану жөнінідегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржы тәртібін бұзуды алдын-ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.т. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде, шаруашылық- қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттарды жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау - қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі және шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшалай қаражаттарды пайдаланғаннан кейін және т.т.) жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.
3. Аудиторлық бақылау (аудит)
Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік /қаржылық/ есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктік комиссиясы аттестаттаған “аудитор біліктілігінің берілуі” туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық- құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсиби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиты деп оған үәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржы есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметтін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда “Міндетті аудит туралы заң” шықты. Францияда мұндай заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-сыншы қарашасынан бастап “Аудиторлық қызмет туралы заң” жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
тәуелсіздік;
объективтілік;
кәсіби біліктілік;
құпиялық.
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың /аудиттелетін субъектілердің/ қаржылық есептемесін тексеру /аудит/ болып табылады.
Аудиттің түрлері – міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногінде қызмет істейтін ұйымдар, сақтық ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар жатады.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектіні бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүгізіледі:
жоспарлау /тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен/;
аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
аудит рәсімін жүргізу;
аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудитор - бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы- шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:
аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілетін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объекті арасындағы байланыстар көлденең, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде тік, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлық қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді. Тексерістерді жоғары орган немесе мемлекет төлейді;
аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық тұйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым - “Қазақстанаудит” компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету,бағалау және оны саралау, кедеңдік кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары – компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі осындай. “Қазақстанаудит” компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.
4. Қаржылық бақылаудың әдістері.
Қаржылық бақылау әртүрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объекті мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспенция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қағидалау (кәсіпорында дүркіндік тексеру), қағидалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені, шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.