Каржылык бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:49, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) Қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
3) Есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Содержание

Қаржылық бақылау 2
1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы 2
2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы 6
3. Аудиторлық бақылау (аудит) 11
4. Қаржылық бақылаудың әдістері. 16
5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру 20

Работа содержит 1 файл

каржылык бакылау.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

Аталынған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар бойынша жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.т. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.

Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық, пайдалық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақтамалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау, бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.

Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас мәліметтері, т.т). Жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.    

Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып /визуалды/ тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.

Кейінгі  қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс /ревизия/. Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.

Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық - қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.т.

Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары - банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.

Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында  қаржылық қызметтің жеке жағымен /учаскесімен/ танысу жолымен бір мәселе /тақырып/ бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі /келесі/ бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғурлым толық қарап шығу. Тексерісті

әртүрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық /жаппай/, іріктемелі (ішінара) тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.

Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары /шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар/ тексеріледі.

Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.

Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілерің бүкіл қызметін тексеруді айтады.

Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына /мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру/ бағытталады.

Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақты ақша қаражаттарын тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер.

Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтежиелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.т.

Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.

Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.

Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтежиелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі /анықтамасы/ – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерлетін объекті жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатындат нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.

 

 

 

 

5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Призиденттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар /депутаттардың жиналыстары/, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.

Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауы жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі – парламенттік /депутаттық/ бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:

мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;

бюджеттегі шығыстарды қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі;

бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:

бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық органының да үнемі пайдалануына; ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп тастау;

мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;

арнаулы қорлар қаражаттарының пайдалануына;

әртүрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға. 

Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жасалуына тексеріс сметаларға қамтылған цифралардың дұрыстығын  белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі /келесі/ бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентінде екі Палатада – Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары- экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң - жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы-бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржы-бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға – министрліктерге, ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.

Ел басының жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық- бақылау бөлімі бар. Жалпы Президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар жасайды; Президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарламауына мүмкіндік тұғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақапараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.

Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің негізгі міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:

1) республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау;

   2) республикалық бюджеттің атқарылуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау;

    3) республикалық бюджетке қаражаттардың түсуін және оның пайдаланылуы заңдылығын бақылау;

4) республикалық бюждеттік бағдарламалардың орындалуына және мемлекеттің қажеттіліктерін қаржыландыруға бөлінетін республикалық бюджеттің қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасау;

5) Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті тапсыру.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, аймақтардың даму бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процесіндеалдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымы, мезгілдігі, атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.

Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік – экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының заңдылығы мен мақсатқа сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.

Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңды тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.

Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар  сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға  Қазақстан Республикасының Қаржы полициясының органдары да қатысады. Олар заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтаға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

Қаржы полициясы органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

2) салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қаржы полициясының көліктегі тиісті бөлімшелері қаржы полициясының мамандырылған органдары болып табылады.

Қаржы полициясының аумақтық және мамандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

Информация о работе Каржылык бакылау