Каржылык бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:49, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) Қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
3) Есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Содержание

Қаржылық бақылау 2
1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы 2
2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы 6
3. Аудиторлық бақылау (аудит) 11
4. Қаржылық бақылаудың әдістері. 16
5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру 20

Работа содержит 1 файл

каржылык бакылау.doc

— 152.50 Кб (Скачать)


ЖОСПАР

 

 

Қаржылық бақылау

1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы              6

3. Аудиторлық бақылау (аудит)              11

4. Қаржылық бақылаудың әдістері.              16

5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру              20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық бақылау

1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған  айрықшалық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтары реттелгенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.

Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1)         Қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);

2)         Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;

3)         Есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттар мыналар болып табылады:

бақылаудың реттелілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;

бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;

әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;

бақыладудың алаламаушылығы /біреуге тартпаушылық/;

бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.

Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:

      ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;

      қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістернің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;

      қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.

Бұл  деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.

Жиынтық қаржы жоспарлары /сметалары/, аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың /сметалардың/ және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.

Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемелкеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:

       кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;

       шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;

       қаржы ресуртстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;

       ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер /табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары/ оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

 

 

 

 

 

2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға,бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне /әдістеріне/ негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (6.1 сызбаны қараңыз). 

 

6.1. сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

 

Қ а р ж ы л ы қ  б а қ ы л а у

М е м л е к е т т і к

Қ о ғ а м д ы қ

 

 

Жалпы -

мемлекеттік

 

Ведомстволық

 

 

Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың,жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы

 

 

Ішкі –шаруашылық

 

 

Парламентік (депутаттық)

бақылау

 

 

А у д и т о р л ы қ   б а қ ы л а у

Мемлекеттік  қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.т. болып ажыратылады.

Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.

Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық /аналитикалық/ қызметтің мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсаттсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру.  Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен /бақылаумен/ кредит-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылаған.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау /қадағалау/ сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.

Информация о работе Каржылык бакылау