Экономиканы каржылық мемлекеттк реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:43, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі, оның пайда болу тарихы............................................................................................................6
2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері ...................................................8
3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіне талдау жасау..........................................................................................11
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Работа содержит 1 файл

реф эмкр.doc

— 156.50 Кб (Скачать)
lign="justify">   2. Қоғамның барлық  мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

   3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының

болуы.

   4. Шаруашылық қызметте қылықтың  нормасы мен ережесінен шегіністі  айқын және жедел сезінетін  елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

   Қаржылық  реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

   Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен  мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

   - материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстар-ының жалпы деңгейін реттеу;

   - өндірістік сферадағы монополиялық  қызметті экономикалық шектеу;

   - кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы  экономикалық қызметін реттеу, олардың  құқықтық және келісім шарт тәртібін қамтамасыз ету;

   - кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда  өндірісті дамытуды материалдық  жағынан ынталандырып отыру;

   - кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың  ақшалай ресурстарын бөлудің   ішкі өндірістік арақатысын реттеу;

   - ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады Мемлекеттік қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының қаржылық реттеу аса маңызды орын берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

   Мемлекеттік қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

   Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.

     Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу — ол макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

   Көптеген  шет елдердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы-бюджет ресурстарын және салық жинау механизмі болып  табылады. Осы механизмдердің маңызы мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану  мамандармен зерттеледі.

   Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық  шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі.

   Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі  үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. 

   Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдайлар  бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

   Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлі басымды механизмдерді қолдану арқылы, яғни үдемелі қарқындық пен мерзімділік арқылы, әр түрлі жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргізу керек. Міне осы тұрғыдан алға қойған міндеттерді шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердің тәжірибесін жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргізуге көшу.

   Қазақстанның  халық шаруашылығы және оның даму жоспары экономика саласын тікелей мемлекеттік реттеу және нарықтық реттеуі нарықтық қатынастардың субъектілері тауар және ресурс қозғалысын және  қызмет көрсетудегі түскен табыс, оларды бөлу мен пайдалану болып табылады.

   Бұл жердегі ең маңызды мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың  стратегиялық жоспарларына «сіңіруі» (салалары және әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ экономикасының денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасынкөрсетеді. Бұл табыс «қозғалысын» жоспардың орындалуы мен шаруашылық субъектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады. 

   Нарықты экономика мен оның салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы заңдылықтарын, теориялық-методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

   1. Әлемге әйгілі экономист-ғалымдардың адамзат тарихында таза нарықтық экономиканың болмағаны және жоқ екендігі туралы сенімді пікірлерін ресми түрде тану керек; сөз әр елдің табиғи-тарихи, геосаяси, этно-демографияляқ, экономикалық, техногендік, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылық жүргізудің жоспарлы және нарықты модельдерін жете үйлестіру туралы болуы мүмкін; шаруашылық жүргізу модельдерінің орнын ауыстыру эволюциялық жолмен жүргізілуі керек.

   2. Шаруашылық жүргізудің моделін,  әдістері мен экономикалық механизмдерін тандау олардың жағымды және жағымсыз салдарларын алдын ала болжауды және тыңғылықты ғылыми нақтылауды талап етеді. Осы талаптың орындалмауы, бір мезгілде жоспарлы басқарудан бас тарту және жедел түрде нарықты экономиканы құруға ұмтылу ақырында бұрынғы Одақтың республикаларының экономикасын терең дағдарысқа ұрындырды. Экономиканың, оның салалары мен аймақтарының дамуын жалпымемлекеттік жоспарлау қажеттігін түсіну, бізге экономикалық және әлеуметтік аспекті бойынша өте қымбатқа түсті.

   3. Мемлекеттің заң шығару және атқару қызметі мына бағыттарға бейімделуі тиіс: өндіріс құралдарын жекешелендіру мен нарықтық қатынастарды дамыту "төменнен жоғары қарай", яғни табиғи-эволюциялық жолмен жүргізілуі керек; жекешелендіру процесі әкімшілік жеделдету элементтерінен арылуы және меншік субъектілерінің өндірістік қызметіне бағытталуы тиіс; шетелдік инвестициялар өндірістік бағытта пайдалануы керек.

   4. Макроэкономикалық және оның салалық-аймақтық секторларының дамуын стратегиялық жоспарлауға деген жалпымемлекеттік көзқарас әлі өте төмен деңгейде және оны әдістемелік қамтамасыз ету жаңа қолға, алынуда. Дегенмен, бұл өте маңызды сфера өзінің ғылыми-теориялық, методологиялық, ұйымдастырушылық базасын құруды талап етеді.

   5. Шетелдік инвесторлардың қызметі мен тартылған инвестициялық қорларды тиімді пайдалануға ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси, институционалдық т.б. жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
 

1 «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан. Алматы: Юрист, 2004.

2 «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан. Егемен Қазақстан, 2007.

3 Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық/ - Алматы. Экономика, 2010-522бет.

4 Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. – Алматы. 2007.

5 Алимбаев А.А. Государственное регулирование экономики: Учебное пособие/ - Алматы,1999.

6 Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы, Қаржы-Қаражат, 1995.

7 Елубаева Ж.М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория практика и направления развития. Алматы: 2004.

8 Қазақстан Республикасының заңы. 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 
 

 

Информация о работе Экономиканы каржылық мемлекеттк реттеу