Экономиканы каржылық мемлекеттк реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:43, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі, оның пайда болу тарихы............................................................................................................6
2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері ...................................................8
3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіне талдау жасау..........................................................................................11
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Работа содержит 1 файл

реф эмкр.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе.....................................................................................................................3  

1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі, оның пайда болу тарихы............................................................................................................6 

2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері ...................................................8  

3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіне талдау жасау..........................................................................................11 

Қорытынды............................................................................................................18

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе 
 

   Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі  ұйымдастыру және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы экономикасын жеделдетіп жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға қабілетті үкімет басқарушылары қажет екені өткір сезіледі.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

   Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

   Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

   Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген. 
      Экономиканы мемлекеттік реттеу ұзақ тарихты қамтиды - Еуропада орталықтандырылған бақылау бағаларға, тауарлар мен қызметтер сапаларына, пайыздық мөлшерлемелер мен ішкі сауда-саттыққа ерте капитализм кезеңінен де бар. Қазіргі заман жағдайларында әрбір мемлекет, өзінің ұлттық экономикасына реттеуді әр алуан дәрежелермен экономикаға мемлекеттік араласуды жүзеге асырады.

   Қазіргі заманғы экономикалық жүйенің қалыпты  жұмыс істеуін қамтамасыз етуінде  мемлекет маңызды рөл атқарады. Мемлекет міндеттері, пайда болу тарихымен  қатар, тәртіпті қалыптастыру, заңдылық, ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастырудың бәрі экономика сферасында белгілі қызметтерді атқарды.

   Қоғамда мемлекеттің экономикалық рөлі экономикалық функциялармен ғана экономика субъектілерінің қызметі мен олардың экономикалық мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын өзінің қызметінің нысандары мен әдістерінің жиынтығымен де қамтамасыз етіледі. Ол мемлекет пен экономика өзара ықпалдасатын негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш бағыттардың арасынан келесі бағыттар ерекше бөлінеді: біріншіден, мемлекет пен оның институттарының тікелей қатысуымен ұлттық экономиканың даму стратегиясының негізгі бағыттары әзірленіп, еліміздің экономикалық бағыты қалыптастырылады; екіншіден, мемлекеттің экономикалық саясатының сипаты мен мазмұнын анықтаудың өзі – мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Экономикалық саясаттың нысаны мен мазмұнын анықтауда мемлекет өзінің даму кезеңінде шешуі тиіс ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді міндеттерінің арақатынасының маңызы артады; үшіншіден, экономиканың қызметін институционалдық қамтамасыз ету – еліміздің Конституциясында бекітілген мемлекеттік билікті ұйымдастырудан туындайтын мемлекеттің экономикалық қызметінің бағыты. Мемлекетің өзі күрделі институционалдық организм болып табылады. Мемлекеттік биліктің экономикаға қатысты нақты органдарының рөлі мен функциялары билік органдары жүйесіндегі олардың мәртебесінде белгіленген. ҚР-да республикалық деңгейде оларды ҚР Парламенті Мәжілісі мен Парламенті Сенаты қарастырады. Қазақстан Ресупбликасының министрліктері, қызметтері мен агенттіктерінің атынан республикалық атқарушы билік органдары экономиканы нормативтік-құқықтық реттеу, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың заңдар мен басқа да нормативтік актілерді орындауын бақылап, қадағалау, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі практикалық қызметті жүзеге асырады. Осы және бірқатар басқа да функциялар мемлекеттік биліктің күрделі жүйесін құрып мемлекеттің экономикалық рөлін институционалдық қамтамасыз етеді; төртіншіден, экономиканы реттеудің әдістері мен нысандарын анықтау. Мемлекеттің экономикалық қызметінің осы бағыты екінші және үшінші бағыттың негізінде дамиды. Тікелей және жанама, әкімшілік және экономикалық әдістердің арақатынасы, мемлекеттің осы әдістерді реттеуі – мемлекет экономикаға ықпал ететін аса маңызды бағыт. Мемлекет әдістер жүйесі мен қысқа мерзімді кезеңде оларды реттеу арқылы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына, өнімге қойылатын техникалық талаптарға, сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігіне ықпал ете алады; бесінші, мемлекеттің экономикалық қызметке әр түрлі нысанда қатысуы. Бұл мемлекеттің ең алдымен мемлекеттік бюджетті бөлуге және қайта бөлуге қатысуы. Мемлекеттік бюджеттің есебінен тауарлар мен қызметтер мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады, трансферттер жүргізіледі, қоғамдық игілікті құру жүзеге асырылады және т.б. Мемлекет акционерлік қоғамдардың мүлкіне қатысуы, сонымен бірге мемлекеттік қорлардың, бірлестіктердің, даму институттардың және т.б. экономикалық қызметіне тікелей араласуы экономикалық қызметкеараласуының бір нысаны болып табылады. Қазіргі жағдайда осы бағыт мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің (МЖӘ) әр түрлі нысандарында кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мәні және ұйымдық -     әдістемелік  негіздері
 
 

   Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы «оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады». Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

   Классикалық үлгі. Бұл үлгі бойынша, экономикалық жүйе нарық үстемімен  жұмыс істейді, түпкі евусепте - тұтынушы. Кейде, бұл әсерге нарықтың жауапты реакциясы жеткіліксіз немесе жетілмеген болып жатыр. Сонда мынандай қажеттілік туындайды, ортақ мүдделердің оңтайлы сәйкестігі үшін мемлекет үстемдік әсерді түзетеді немесе жауапты реакцияны толықтырады.

   Ұқсас тұрғыны, А.Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде қарастырды. А.Смиттың көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мулде көздеген нарық жүйесі өзін - өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінді.  А.Смит іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А.Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет,-деп есептеді.[4]

   Фридрих Август фон Хайек (1899-1984жж.) экономикадағы нарықтық ойлаудың басты жақтаушылардың біреуі болды. 30-шы жылдары ол нарықтық экономикаға мемлекеттің кірісу керек деп сөз сөйлеген Кейнсті және басқа экономисттерді сынады. Хайектің негізгі тезисінде, мәліметті беру кезінде делдалдықта бағалардың жүйесі шешуші рөлді атқарады және  де экономикада шешімдер қабылдаған кезде процесстің децентрализациясында құралады деген.

   Экономикада мемлекет рөлін анықтасақ, экономикалық мәселелердің көпшілігі нарықтық механизмнің  талаптарымен сәйкестікте орындалуға тиісті екенін классикалық үлгі айқын айтады. Мемлекетке тек арғы рөл беріледі де былай деп болжанады, мемлекеттік кірісуді жақтаушылар өз позицияларын негіздеуге сенімді дәлелдер ұсынуға тиісті болады. Басқаша айтқанда, нарықтың талапына сай дербес фирмалармен орындалатын мәселелерге қарағанда, мемлекетпен атқарылатын мәселелер өз мәні бойынша екіншідеңгейлі болады. Классикалық мектептердің экономисттері әр түрлі текті тарифтерге жан-жақты қарсы, баға деңгейінің қолдауына, техникалық өнертабыстарды қолдану жолдарындағы бөгеуілдердің жасалуына, үкіметтік қолдауды еске түсіретін немесе монополияның қызметімен үндемей

келісітіндердің барлығына қарсылық білдіреді.

   Осылай, кәсіпкерлік қызметті  қорғап отыра, бұл экономисттер нарықтық механизмге кірісуге қарсы шығады және дербес мүдделерді қамтамасыз ету мақсатымен қоғамдық қолдауды белсенді іздеуде болады.

   Неоклассикалық  үлгі. Соңғы 60-70 жылдарда мемлекеттің кейпіне, классикалық үлгіде іске асырылған, мемлекетпен сәйкестікте экономикаға әсерін реттейтін қоғамдардың қажеттіктерін көрсететін жаңа пішіндер келді. Бұл тұрғы бәрінен бұрын, 30-шы жылдардағы ұлы депресияға дейінгі экономикалық жүйе, барлық неоклассикалық бағыттармен өздігінен реттелінетін, нақты өздігінен түзетілетін сияқты болып, шартты түрде қаралды . Әрине, жұмыс жасауда уақытша бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі бар, бірақ жүйенің негізгі тенденциясы, барлық қызметкерлеріне адал еңбек етіп, қажетті өндіріс көлеміне жетуінде болатынды. Бұдан әрі қарай барлығы оңай. Алынған табыс барлық қайта құрылған құнды сатып алуға шығарылды.

   Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы  мен даму барысы, сондай-ақ, олардың  арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың заңды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады. Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.

   2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері 
 

   Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына  оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, түрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды. Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесінде әсер етумен байланысты.

   Енді  экономикалық процестерге әсер ету  үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреуін калай қолданады, осыған қысқа тоқтала  кетейік:

   1) Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметгік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады .

   Салықтық  реттеу фискалдық саясаттың маңызды  бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

   а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар  мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет  селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар да өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;

   ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра  отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту.

Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың  мерзімін өзгерту жатады;

Информация о работе Экономиканы каржылық мемлекеттк реттеу