Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:43, реферат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі, оның пайда болу тарихы............................................................................................................6
2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері ...................................................8
3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіне талдау жасау..........................................................................................11
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23
Қазақстан Республикасында мынандай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті секілді бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (1 сызба).
1 сызба
Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотындағы шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол қойылды. Алғашқы заң 1996 жылы, 1999 жылдары қайта толықтырылып шықты. Ал 2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін біріңғай заң – Бюджеттік кодекс күшіне енді. 2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мына қағидаттарға сүйенеді:
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-құқықтық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді.
Бюджеттің толымдылығы қағидаты ҚР заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте және ҚР Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді.
Реалистік қағидаты бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік, параметрлеріне бекітілген (түзетілген), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі.
Транспаренттілік қағидаты – мемлекеттің немесе заңмен қорғалатын өзге құпия болып табылатын мәліметтерді, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылу туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, ҚР-ның Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау.
Дәйектілік қағидаты деп мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауын айтады.
Нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару.
Сабақтастық қағидаты - өткен кезеңдерде бекітілген әлеуметік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау.
Негізділік қағидаты – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау.
Касса бірлігінің қағидаты- бюджетке түсетін барлық түсімдерді біріңғай
қазынашылық шотқа есептеу және біріңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру.
Уақтылық қағидаты – республикалық және жергілікті бюджеттерге, ҚР Ұлттық қор шотына түскен түсімдерді есептеу және оларды Ұлттық банктегі Үкімет шотына аудару, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін қабылдау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылыр шоттарына аудару.
Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге қол жеткізу.
Жауапкершілік қағидаты – тура және түпкілікті нәтижелерге қол жетімдікке және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басларының ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы.
Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ҚР заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген.
Нарықтық
экономика жағдайларында
Бюджеттік үдерісте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Трансферттер
(нормативтік үлестік
өтеусіз
негізде нақтылы мақсаты
Бюджеттік
қаражаттарды тиімді басқару тікелей
бюджеттік үдеріспен
Бюджеттік үдеріс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзеті, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептемені, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау бойынша регламенттелегн мемлекеттік органдардың қызметі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өту сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынандай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтық есем түсімдер; негізгі капиталды
сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3)
таза бюджеттік кредиттеу:
4)
қаржылық активтермен
5) бюджет тапшылығы (профициті);
6)
бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану): қарыздар
түсімі; қарыздарды өтеу; бюджеттік
қаражаттардың пайдаланылатын
Қорытынды
Қазіргі кезеңдегі экономиканың мақсаты бүкіл халық шаруашылығын саналы түрде реттеуге саяды. Осы мақсат нарықтық шаруашылығы бар барлық дамыған елдердің экономикалық өмірінің фактісіне айналып отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі, қоғамда әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты, ғылыми-техникалық прогресті және т.б. қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын функциялары бұрын кездегі сияқты мемлекеттің нарықтың кемшіліктерін жою арқылы ұдайы өндіріс барысына жай ғана ықпал етуін ғана емес, сонымен бірге жаңа құбылыс, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықты саналы әрі тұрақты түрде реттейтінін растайды.
Мемлекеттік
реттеудің қажет екені
Экономиканың негізгі буыны қайсыбір өнімнің өндірісінде маманданудан күннен-күнге алшақтап, елдің бүкіл халық шаруашылығын және тағы да бірнеше елдің шаруашылығын қамтитын қоғамдастырудың нысандары пайда болса да мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге басқа құрылымдардың (ірі корпорациялардың) рөлі артып келеді. Негізгі буындардың сол немесе басқа өнім өндірісінің салдарынан саналы түрде ескеруді шаруашылық қызметтің ережесіне айналдырып келеді. Бүкіл экономиканы реттеуде мемлекет пен қатар корпорациялар ғана емес халықаралық құрылымдар да үлкен рөл атқара бастады. Алайда реттеу шаруашылықтың басты нысаны болып қала беретін нарықтық экономиканы реттейтінін көрмеуге болмайды. Бұл жағдай бүкіл экономиканы реттеудің қалыптасуы нарықтық шаруашылықты ығыстыру мен оның жоғалуын білдірмейтінін растайды.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін есепке алу.