Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 06:29, курсовая работа
Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Сонымен қатар әрбір тұлғаның өзінің жеке кәсібімен шұғылдануына және де көптеген әлеуметтік қажеттіліктерге қол жеткізуіне жағдайы келе қоймайды
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Ипотекалық несиенің теориялық негізі.................................................................6
1.1 Ипотекалық несиелендіру ұғымы және оның ерекшеліктері........................6
1.2 Ипотекалық несиелендірудің Қазақстан Республикасындағы рөлі мен алғышарттары............................................................................................................12
1.3 Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесінің тұрақталуы..................14
2. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің даму тенден-циялары......................................................................................................................16
2.1 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің қазіргі кездегі жағдайы......................................................................................................................16
2.2 АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» ипотекалық несиелендіру деңгейін талдау 2008-2010 жж.................................................................................17
2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелендіру саясатының ерекшеліктері.......................................................................................19
3. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді дамыту жолдары.....................................................................................................................28
3.1 Ипотекалық несиенің даму перспективасы.....................................................28
3.2 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиені дамыту шаралары......31
Қорытынды......................................................
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ бағдарламалары бойынша несиелер банк-серіктестер арқылы беріледі. Осындай банктерге екінші деңгейдегі банктер және банк қызметінің жекеленген түрлерін іске асыратын ұйымдар жатады.
Ел экономикасының өсуінің жалпы тұрақтылығы, ішкі инвестициялық базаны кеңейту, сондай-ақ ипотекалық облигацияларды шығару нәтижесінде ипотекалық несие беруді дамыту үшін тартылатын инвестициялардың құнын азайтуға қол жеткізілді. Өз кезегінде бұл ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін біршама азайтуға және ҚИК бағдарламасы бойынша халыққа несиелердің қолайлы болуын көтеруге жол берді.
«ҚИК» АҚ қызметі банктердің арасындағы бәсекелестіктің өсуіне ықпал етті, ал бұл өз кезегінде несиелерді беру жағдайларын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан халқының көп бөлігінің несиелерді пайдалануына мүмкіндік берді. Мысалы, 2001 жылдың басында несиелер 3 жылдан аспайтын мерзімге ғана берілді, ал несиелер бойынша жылдық 28% жетті. «ҚИК» АҚ құрылған күннен бастап сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18-19%, ал несие беру мерзімі 10 жылға өзгерді. Бүгінгі таңда несие беру мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды, ал мөлшерлемелері жылдық 13,5% төмендеді.
«ҚИК» АҚ Арнайы бағдарламаның шеңберінде 146 100 млн. теңге; 2005 жылы - 34,9 млрд. теңге, 2007-2009 жылдарда - 111,2 млрд. теңге шамасындағы сомаға ипотекалық облигацияларды шығаруды және таратуды жоспарлайды. 2007-2009 жылдарда ҚИК облигациялары нарықтағы бүгінгі ақуалды түбегейлі өзгертеді деп пайымдауға болады.
2010 жылы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" еншілес ұйымы "ҚазИпотека" ИҰ» АҚ-мен қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы мәртебесін және тұрғындарға ипотекалық несие беруді тікелей жүргізу құқығын алды.
Қазіргі кезде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ Қазақстанның барлық аймақтарында өз қызметін іске асырады. Тұрғындардың басым көпшілігін қол жетімді ипотекалық тұрғын үй қарыздарымен қамтамасыз ету мақсатында пайыздық мөлшерлеме деңгейін төмендету және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының мерзімін 20 жылға дейін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілді. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам. ҚР Қаржы министрлігі атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі Компанияның акционері болып табылады.
Тұрғын үй сатып алуға басым құқық мыналарға:
1. Балалары бар жас отбасыларына;
2. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне;
3. Әлеуметтiк сала мемлекеттік кәсiпорындарының қызметкерлерiне беріледi.
2009 жылғы бірінші жарты жылдық ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 373 қарыз алушы бойынша 3 397 764 мың теңге сомаға немесе жоспардан 34% көп талап құқықтары сатып алынды (Компанияның ҚШҚ жоспары бойынша 1 жарты жылдыққа 2 540 742 мың теңге қарастырылған).
Несиені алу шарттары:
Несие беру валютасы – теңге;
Сыйақы мөлшерлемесі – 10% (несие берудің барлық мерзіміне тіркелген);
Алғашқы жарна – тұрғын үй құнының 10% кем емес;
Несие беру мерзімі – 20 жылға дейін.
2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелендіру саясатының ерекшеліктері
Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру мәселелерін шешу барысында еліміздің кейбір екінші деңгейлі банктері өз несие саясатын жүзеге асыруда. Олардың әрқайсыс өзіндік сипатқа ие.
1. «Халық Банкі»
Несиелік операциялар ХБ АҚ қызметінің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Банк Азиялық Даму Банкі, Еуропаның Қайта құру және даму банкі, Әлемдік банк секілді халықаралық қаржы институттарының несиелік желілерін ойдағыдай игеріп келеді.
Банк заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді (1 жылға дейін уақытқа) және ұзақ мерзімді (1 жылдан астам уақытқа) несиелер береді. Несиелік саясатты одан әрі іске асыру шараларын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ клиенттік базасын кеңейту мақсатында ҚХБ АҚ қолданыстағы бағдарламаларын дамытып, жаңаларын енгізуді жоспарлауда.
Қарызды пайдалану үшін сыйақының шамасы банктік қарыз келісімшартымен төмендегідей жағдайларды ескере отырып белгіленеді:
1) қаржы нарығының конъюнктурасы;
2) банктік қарыздар нарығындағы бәсекелестік деңгейі;
3) тартылған ресурстардың құны;
4) несиелік тәуекелді өтеу үшін және қажетті табыс алу үшін банк қарызға қызмет көрсету барысында жұмсаған шығындарын,
5) қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі.
Банктің аумақтық филиалдық желісін одан әрі дамыту несиелік нарықтың географиясын кеңейтуге, жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді.
ҚХБ АҚ жеке тұлғаларды тұтынушылық мақсаттарға несиелендіруін сипаттайтын көрсеткіштерді 1-кестеден көруге болады.
Кесте 2 - Ипотекалық несиелендіруді сипаттайтын көрсеткіштер
Тұтынушылық несиелердің түрлері | АҚШ долларындағы несие сомасы | Несиенің айлардағы мерзімі | Орташа есептелген пайыздық мөлшерлеме | Қамсыздандырудың түрі |
Ипотека | 100000 дейін | 240 дейін | 11 % | Жылжымайтын мүлік |
2-кестеге қарағанда, тұтынушылық несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиелендіруге келеді.
Кесте 2 - 2007-2010 жылдары аралығында берілген несиелердің көлемі, мың теңгеде
Көрсеткіштер | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Берілген несиелердің жалпы сомасы | 336116 | 896034 | 3570254 | 673483 |
Тұтынушылық несиелердің сомасы, барлығы | 128893 | 306559 | 3077446 | 825179 |
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Ипотекалық несиелендіру | 118250 | 220564 | 2856414 | 563215 |
Ипотекалық несие тұтынушылық ссудалар көлемінде үлкен орын алады, оны 1-суретте көрсетілген динамика арқылы байқауға болады.
Сурет 1 – АҚ «ҚХБ» - тің 2007 – 2010 жылғы ипотекалық несиелендіру.
Ескерту: автормен ақпарат көзінің негізінде құралған
Несиені «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ салынып жатқан пәтерді кепілге алу арқылы береді.
Ең төмен бастапқы жарнаның сомасы – 15%.
Несиелендірудің мерзімі – 7-ден 15 жылға дейін
Пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 11%-тен бастап (бастапқы жарнасына қарай).
Қарыз алушы Халық банктің депозитына бастапқы жарнасын аударады, одан кейін барып банк пәтердің 100 пайыздық құнына несие береді. Осы сомаға несие бойынша пайыздар есептелінеді.
Қарыз алушының қалауы бойынша несие табысты растаусыз және жылдық 7%, яғни нарықтық пайыздан екі есе төмен болып, тұрғын үйдің 100% сомасында беріледі. Ол үшін банктегі депозитке сатып алынатын пәтер құнының 50% салып қою қажет. Қарыз алушы өз несиесінің жартысын қайтарған сәттен екінші жартысы автоматты түрде осы депозиттің қаражаты есебінен өтеледі. Және де, мерзімінен бұрын өтеу үшін ешбір айыппұлдар салынбайды.
Банк ипотекаға ақшаны 7 және 11 жылдық пайызбен 15 жылға дейін береді. Тұтынушылар осы ұсыныстың артықшылықтарына көзі жетіп, осы бағдарламаны іске асырудың бірінші айының өзінде халыққа 30 миллион доллардан астам несие берілді. Айтпақшы, «Ипотека Lights» несиесін алған азаматтар несиені мерзімінен бұрын, айыппұлдық санкциялар қолданусыз жаба алады.
2007 жылдың қорытындылары бойынша «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық операциялардан түскен табыс көлемі банктің жалпы пайыздық табысының 7,7% құраса, 2009 жылдың қорытындылары бойынша олар 21,8% дейін жетті.
2. «БТА банкі»
2009 жылдың 2 ақпанындағы дағдарысқа қарсы шаралардың аясында ҚР Үкіметі ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 75,1 пайыз көлемінде «БТА Банкі «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларының бақылау пакетін сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Өтеуді төлеу банктің қосымша эмиссиясы арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде банк 251 319 485 теңге мөлшерінде қосымша капитал алды.
2009 жылы БТА тобы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтап, 37 млрд. теңгеден аса соманы игеріп, 10 300 заемшымен келісімшартты қайта жасады.
Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан БТА-ның үлесі 37 млрд. теңге немесе жалпы сомадан 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан аймақтарының займшылары көп белсенділік танытты.
Кесте 3 - «БТА банкінің» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы
Несиелеу бағдарламасы | Тұрғын үйді сатып алуға | Тұрғын үйді жөндеуге |
Заем валютасы | Теңге, АҚШ доллары |
|
Пайыздық ставкасы | Несиелеудің бүкіл мерзімі үшін белгіленген |
|
Заемның ең көп сомасы | Тұрғын үйдің бағаланған құнының 70%-на дейін | Тұрғын үйдің бағаланған құнының 60%-на дейін |
Несиелеудің ең көп мерзімі | 10 жылға дейін зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін (мүмкін 65 жасқа дейін) | 10 жылға дейін 20 жылға дейін |
Мерзімінен бұрын өтеу | Шектеулерсіз және айыппұлдарсыз |
|
Заемды қамтамасыз ету | Сатып алынатын және қолда бар мүлік | заемшыға/ортақ заемшыға немесе үшінші тұлғаға (зат кепілгеріне) тиесілі тұрғын үй |
Заемшының төлем қабілеттілігін растау | толық/жанама |
|
Қосымша артықшылықтар | Тұратын жеріне тәуелсіз, ҚР-ның кез келген қаласында тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі | банктегі ипотекалық несие бойынша кепілде тұрған тұрғын үйді жөндеу үшін несие алу мүмкіндігі |