Халықаралық есеп айырысу формалары

Автор: k*****@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 06:29, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатары банктерде олардың қызмет сипатына сәйкес ағымдағы және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін халықаралық төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде халықаралық төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.
Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3
І-БӨЛІМ. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
1.1.Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі.....................................7
1.2.Есеп айырысу операцияларының формалары мен құралдары...................................................................................................10
ІІ-БӨЛІМ.Халықаралық төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.1.Халықаралық төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі............................................................................................................15
2.2.Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі............................................................................................................17
2.3.Чекпен есеп айырысу есебі................................................................18
2.4Аккредитивтік есеп айырысу есебі....................................................20
Қорытынды.............................................................................................22
Қоданылған әдебиерттер тізімі............................................................23

Работа содержит 1 файл

халықаралық есеп айырысу.doc

— 165.00 Кб (Скачать)

                                                          3 

              

    1-сурет.  Халықаралық төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін халықаралық төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

    1 – тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 – халықаралық төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 – бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау. 

    Ақша  аударымы резидент емес бенефициар есебіне  жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші  банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында  ақша аударуымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген халықаралық төлем құжаты бболып табылады.

    Алушы банк ақша аударымына жазылған халықаралық төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

    Ол  Қазақстан Республикасы заңдылығына  сәйкес, халықаралық төлем тапсырмасы мен аударысға өтініштен тыс халықаралық төлем негізін дәләлдейтін басқа да құжаттарды талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша халықаралық төлем  тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін 1  көрсетеді.

    Халықаралық төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:

    1. Егер  ақша жөнелтуші мен бенефициарға  бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің  ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші

Кт 2203 «Клиенттердің  ағымдағы есепшоттары» бенефициар 

    2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға  әр түрлі банкте қызмет көрсетілсе, олардың есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:

    Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

    Кт 1051 «Банктің Қазақстан республикасының  Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»

    Немесе

    Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоты»

    3. Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссииялық ақы ұстайды:

    Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

    Кт 4601 «Банктің аударым операциялар  бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелегн комиссиялық кірістер» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.1.Халықаралық төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі 

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасы – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда халықаралық төлем талабы және төле мтапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол халықаралық төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде халықаралық төлем туралы банке келісімін беруі тиіс.

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген халықаралық төлем талап-тапсырмасы үш күннен отыз күн аралығында №1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны үш күн ішінде банкке хабарлайды. Соөйтіп халықаралық төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелеу бенефициарға қайтарылады.

     Халықаралық төлем талап-тапсырмасы бойынша еспе айырысудаға құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі.

                                                                1

       

                                                                         2                  3                  4

                         6

                                                                      5

          

5-сурет. Халықаралық төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырсудағы құжат айналымының сызбасы

1- тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2- халықаралық төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жіберіледі; 3- есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4- төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5- бенефициардың банкіне қаражатын аударып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6- бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасымен еспе айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

    Халықаралық төлем талап-тапсырмасын толыө немесе жартылай төлеуге келісім берілген жағдайда, жөнелтуші оның барлық данасын банктік шоты жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы және мөртаңбасымен рәсмідейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:

  • бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз юолады және операция аяқталған соң банктің құжаттарына орналастырылады;
  • екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;
  • үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмет, орныдалған жұмыс үшін халықаралық төлем жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттармен қоса жөнелтушіге қайтарылады.

    Халықаралық төлемнің сома бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен жіне сөзбен жазылуға тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2.Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі 

    Инкассалық  жарлық – заң актілерінде көзделген  жағдайда ақшаны жөнелтушінің келесімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу  үшін пайдаланылатын халықаралық төлем құжаты.

    Инкассалық  жарлық салық және кеден органдарына  төленбеген халықаралық төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да халықаралық төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндай салық және кеден органдарының инкассалық жарлықнан басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы , қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

    Инкассалық  жарлық халықаралық төлемінің тағайындалуы ақшаны аударышының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық берілетін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

    Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық жарлық сомасы аударушының  шотындағы қаражат көлемінде  төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген  белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық жарлықтар шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше  жағдай ол шоттағы қаражаат қозғалысына тиым салынады. Мұндай халықаралық төлем басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

    Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарының  талаптарына және жөнелтуші мен  алушы-банк арасындағы келісімге қайшы  келетін бұйрықты қайтару туралы жарлықтарды қабылдамауы тиіс. Алушы-банк немесе бенефициар банк халықаралық төлем тапсырысын қайтару туралы жарлықты уақаталы алмаса ақша аударымын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты орындауды тоқтата тұру туралы жарлық жөнелтушінің жолдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.3.Чекпен есеп айырысу есебі 

    Чекті есеп айырысу барысында халықаралық төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырсудың қолайлылығы  мынада:

    • егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы  төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда ;
    • сатушы бегісіз болған жағдайда.

    Еліміздегі  чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен №266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

    Айтылған  ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Кепілдеген чек – чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің кепілін көрсететін чек.
  • Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;
  • Қамтамасыз етілгенн чек – банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек.

    Ережеге сәйкес, чек – бұл чек берушінің  чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстауға төлеу туралы бұйрығы.

    Чектің  өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері  болады:

  1. «чек» -  деген атауы;
  2. чек номері мен сериясы;
  3. Чектің қызмет ету мерзімі;
  4. Чек берушінің аты жөні,
  5. Чек берушінің СТТН-і,
  6. Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі,
  7. Чек ұстаушының аты-жөні;
  8. Чек ұстаушының СТТН-і,
  9. Чекті төлеуге міндетті чекті беруші банктің атауы,
  10. Чек беруші банктің жеке банктік коды;
  11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;
  12. «Халықаралық төлемнің тағайындалу» кестесі;
  13. Чекті халықаралық төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушыынң белгі соғатын орны;

    Чектер  қолма-қолсыз халықаралық төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақша алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгедегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отырады. Чекті пайдалану банктен алынатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапше алуға өтініш жасайды.

    Чектің  қызмет ету мерзімі тоқтатылған  күнді есептемегенде 10 күнді құрайды.

    Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың  келесі коррреспонденциясы жүргзіледі:

    1. Егер чек беріші мен чек  бір банкте қызмет көрсетілсе:

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2203 «Клиенттердің  ағымдағы есепшоттары»

    2. Егер чек беруші мен чек  ұстаушыға әр түрлі банктер  қызмет көрсетсе, чек беруші банкте:

Дт 2221  «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»

Информация о работе Халықаралық есеп айырысу формалары