Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:27, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық банктің жалпы мақсаты оның табыстылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекелдерді төмендету, несие қоржынын оптималдау (несиелік, депозиттік және т. б.), оның қызметінің бағыттары ұстанымы тұрғысындағы банк саясатының басымдылықтарын анықтауы керек. Банк әлеуметтік жүйе болып табылатындықтан, адамдар өз қызметінде өз мақсаттарын, мүдделерін, ойларын жетекшілікке алады, сондықтан да банк мақсаттары оның иелерінің жетекшілерінің, қызметкерлерінің, сонымен бірге банк клиенттерінің және банктік қадағалау органдарының жекелеген мақсаттарына негізделеді. Банк иелерінің маңызды мақсаты — банктің өсуі (активтердің, меншікті капиталдың клиенттердің, операциялардың, ең алдымен, табыстардың көбеюі және акция бағасының көтерілуі). Басқарушыларға кең ауқымды, әр түрлі мазмұнды мақсаттар тән, өйткені олар банктің бүкіл жұмысына жауап береді, яғни олардың жұмысының мақсаты пайданың өсімі болып табылады. Банк клиенттерінің, мақсаттары табыс алу ұстанымына байланысты әр түрлі болады, өйткені мүдделер қарама-қарсы, сөйте түра олар серіктесі ретінде сенімді банк болғанын қалайды. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты — ағымдағы табыстың деңгейін көтеру. Ал мемлекетті алдымен оның өнімділігі мен тұрақтылығы ойландырады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Несие және несие жүйесі 6
1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6
1.2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 15
1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері 22
2. Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру 31
2.1 “Тұран Әлем Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты 31
2.2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау 37
2.3 « Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері 45
3. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеу операцияларын жетілдіру жолдары. 53
Қорытынды 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61

Работа содержит 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

 

Ипотекалық капитал нарығында  банктер маңызды рөл ойнайды. Бұл банктер несиені қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып береді. Дамыған капиталисттік елдерде ипотекалық банктер банк жүйесінде маңызды орын алады. Кейбір банктер мемлекетке қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып ссудалар береді.

Тұран Әлем Банкінің ипоткалық  несиелерінің ставкалары 12-кестеде  көрсетілген.

Мысалы, А.Б. Нұртаев деген азамат 50000 АҚШ тұратын ипотекалық несиені 240 айға (20 жылға) алды, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11,8 пайыз. Ол кісінің таза табысы 2000 АҚШ доллар, және кепілге жылжымайтын мүлікті қояды. А.Б. Нұртаевтің төлем қабілетін былай бағалаймыз:

НҚАТ –негізгі қарыз  төлемінің айлық мөлшері;

СМАТ –сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері;

ННҚ –нақты несиелік қабілеті.

НҚАТ = 50000/240=1388 доллар

СМАТ = 50000*11,8% /12 =5900/12= 492 доллар

НҚАТ = 1388+492 = 1880 доллар

ННҚ = 1880/2000 = 0,94 (94%)

Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие  беруге болады.

Мысалға, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсыналады. Оның нарықтық құны 60000 доллар тұрады. Банк тарапынан  бағалаушы мамандар көмегімен осы  пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының 70 пайызынан аспауға тиіс.

Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:

    1. Пәтердің тозу коэффициенті. Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу коэффициенті) = 60000* 0,03= 1800 доллар
    2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендету тәуекелі. Пәтердің нарықтық құны * 15% (төмендетіу коэффициенті) = 60000*0,15= 5000 доллар
    3. Пәтердің бағалау құны. Пәтердің нарықтық құны -пәтердің тозу коэффициенті –пәтердің бағасының төмендету тәуекелі

                   = 60000 -1800 -9000= 49200 доллар

    1. Пәтердің кепіл құны. Пәтердің бағалау құны * 60% = 49200*0,60= 29520 доллар.

  Бұл көрсеткіш  сұралатын несиенің кепілмен  қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.

Ал соңғы жылдарда еліміздегі банктердің алдыңғы шебінде  келе жатқан банк «Тұран Әлем Банкін» ел экономикасы мен әлеуметтік қызметтер аясындағы істерді жан-жақты меңгеріп отырған банктердің бірі ретінде қарастырады. Атап айтқанда, аталмыш банк тарапынан берілетін несие, қаржының басым бөлігі экономиканың маңызды секторларына жұмсалуда десек 2005 жылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін 243 миллион АҚШ доллары көлемінде несие берілген. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 70 миллион АҚШ долларына жетеді деп болжануда. Сонымен бірге, банктің рынокта беделін арттырып отырған саланың бірі соңғы жылдарда ипотекалық несие жүйесі болып отыр. «Тұран Әлем Банкінің» ипотекалық бағдарламасы негізінде көптеген қазақстандықтар өзінің тұрғын үй мәселесін шешіп, баспанаға қол жеткізді деп айтуға болады.

 

Кесте 12

2006 жылғы жағдай бойынша  «ТұранӘлем  Банкі» АҚ-да ипотекалық несиелеудің тәртібімен шарттары

Белгіленген шарттар  пакеті

Бастапқы

салым,

%

Мер-зімі

жыл

Жылдық

ставка, %

Мерзі-мінен бұрын  қайта-

руға рұқсат

беру

Объект

Несие сомасы,  теңге

Валюталық-индекстеу

теңге

БЮДЖЕТТІК

15-30

1-20

14.2

12.6

12

шаршы

6 00 000-ға дейін

30-50

13.9

12.4

50 және одан жоғары

13.5

12.2

ХАЛЫҚТЫҚ

15-30

1-20

15.0

12.8

6

шаршы

6 000 000-ға дейін

30-50

14.8

12.6

50 және одан жоғары

14.5

12.4

КӘСІБИ

15-30

1-20

14.8

12.8

6

шаршы

шектелмеген

30-50

14.6

12.6

50 және одан жоғары

14.3

12.4

ЭЛИТАЛЫ

15-30

1-20

14.2

   

шаршы

/үй

6 000 000 жоғары

30-50

13.9

12.2

50 және одан жоғары

13.5

 

ӨЗІНІҢҮЙІ

30-50

1-20

18.0

 

6

шаршы

/үй

шектелмеген

     

50 және одан жоғары

16.0

 

ЖӨНДЕУ

талап етілмейді

1-20

шаршы – 14.5

шар.- 13.7

6

шаршы

/үй

шектелмеген

үй – 17.5

үй  -

16.7

ЕРКІН

30+қосым.

кепілдік

1-20

15.5

-

6

шаршы

/үй

шектелмеген

50 және одан жоғары

15.5

-

ЖЕР УЧАСКІСІ

(жеке тұлға)

30-50

1-10

19.5

-

12

жер

7 500 000 дейін

50 және одан жоғары

18.5

-

ЖЕР УЧАСКІСІ

(заңды тұлға)

30-50

1-7

20.0

-

12

жер

10 000 000 дейін

50 және одан жоғары

19.0

-


 

* Ескерту: қайнар көзі  веб-сайт  АО «БТА Ипотека»: www.ipoteka.kz.

 

Банк деректері бойынша  ипотекалық несие өмірге енгізілген сәттен бастап, «Ипотека ТӘБ» арқылы тұрғын үй жайын қамдағандар үш мыңнан асады екен. Банк және «Ипотека ТӘБ» компаниясы тарапынан берілген несие көлемі биылғы жылға дейінгі мерзімде 90 миллион АҚШ долларын құраса, ал келесі жылға берілетін несие көлемі 140 миллион АКШ долларына жетеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде ипотекалық несие жүйесінде банктің алатын үлесі 20 пайыздан асады.

Жоғарыда тоқталып өткен  көрсеткіштер, яғни пайыздық көрсеткіштің төмендеуі мен қарызды өтеу мерзімінің ұзартылуы аталмыш банкте де байқалады. «Қазақстанның ипотекалық компаниясының» шарттарында көрсетілген. Яғни, аталмыш компания келісім жасаған банктер ипотека жүйесін іске асырады. Айырмашылық әрине, әр банктегі пайыздық көрсеткіштің әр түрлілігінде болып отыр. Бірінде жылдық өсім 13 пайыз болса, келесі бірінде 12,8 пайыз дегендей.

 «Тұран Әлем Банкі»  қызметінің 2004-2005 жылдар кезеңінен  бастап ең маңызды мақсаты  қол  жеткізген әмбебап банк  позициясын тұрақтандырып, банк  қызметтерінің халықаралық нарығын біртіндеп зерттеп, игеру болып табылады.

12-кестеде көрініп  отырғандай 15 жылға берілген ипотекалық  несие ай сайынғы төлемі 27991,74 теңгені құраған.

 Шетелдік  (резидент  емес) клиенттермен банк операцияларын  жүргізген (мәмілелер жасасқан) кезде  Банк пен Клиент қолданыстағы республика заңдарын, сондай-ақ жалпы қабылданған (унификацияланған) халықаралық ережелер мен әдет-ғұрыптарды, Қазақстанның клиенттің іс-әрекеті қарауына жататын мемлекетпен қол қойылған, халықаралық шарттардың ережелерін басшылыққа алады.

Ал соңғы жылдарда еліміздегі банктердің алдыңғы шебінде  келе жатқан банк «Тұран Әлем Банкін»  ел экономикасы мен әлеуметтік қызметтер  аясындағы істерді жан-жақты меңгеріп отырған банктердің бірі ретінде  қарастырады.

13- кестеде «Жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету бойынше несие желісі» өнімі бойынша 2006 жылы барлығы 215 000 мың АҚШ доллары көлемінде беріліп,  оның 23,7 пайызы Алматы бойынша, 14 пайызы Астана қаласы бойынша берілген. Қалған облыстар бойыншща несие желісі біршама артта қалып Оңтүстік қызықстан, шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында 9,3 пайызды құрап тұрғанын көруге болады.

«Тұран Әлем» өз қызметінде Конституцияны, «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкті туралы», «Қазақстан Республикасындағы  банктер мен банк қызметі туралы»  Заңдарды, республиканың басқа да нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін басшылыққа алады.

 

Кесте 13

«Жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету бойынше несие  желісі» өнімі бойынша “Банк  Тұран Әлем” АҚ көрсеткіштері (2006)*

Филиал 

Несие желісі

 

Портфель көлемі, мың $

Үлесі %

Алматы

51 000

23.7%

Астана

30 000

14.0%

Қостанай

-

0.0%

Ақтөбе

-

0.0%

Оңт Қазақстан

20 000

9.3%

Солт Қазақстан

7 000

3.3%

Маңғыстау

7 000

3.3%

Жамбыл

5 000

2.3%

Көкшетау

10 000

4.7%

Талдықорган

-

0.0%

 Кызылорда

-

0.0%

Караганды

20  000

9.3%

Жезказган

3 000

1.4%

Теміртау

3 000

1.4%

Шығыс Қазақстан

20 000

9.3%

Семей

8 000

3.7%

Павлодар

5 000

2.3%

Экибастұз

4 000

1.9%

Батыс Қазақстан

7 000

3.3%

Аксай

-

0.0%

Атырау

15 000

7.0%

Кульсары

-

0.0%

Барлығы

215 000

100%


* Ескерту: қайнар көзі: «БанкТұран Әлем» АҚ-ның мәліметтері  бойынша 2006ж

Қазіргі уқытта екінші деңгейдегі банктер мен арнайы мамандандырылған банктік емес қаржы институттары тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын  мүлікті сатып алу, жөндеуге ипотекалық несие беру жөнінде белсенді қызметті іске асырады, ипотекалық несиелерді қорғау бағдарламалары іске қосу үшін жағдайлар жасалып, Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы құрылып, қызмет етуде. Қазақстанның Ипотекалық Сақтандыру Компаниясын құру жұмыстары белсенді жүргізіліп, зейнетақы жинақтарын ипотекалық облигацияларға салу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған және т.б. Бір айта кететіні, осы бағытта жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстарға қарамастан Қазақстанның ипотекалық несиелеу нарығы дамудың бастапқы сатысында тұр және Қазақстан Республикасы экономикасының осы бір маңызды сегментінің қалыпты қызмет етуіне кедергі жасайтын көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр.

 

 

Кесте 14

«ТұранӘлемБанкі» ипотекалық несиені  төлеу көрсеткіштері *

Несие сомасы, теңге

Мерзімі (ай)

Жылдық пайыз көрсеткіші

Ставка*100 %

Ай сайынға пайыз көрсеткіші

2000000

15

15

0,15

0,0125

айлар

Негізгі қарыз қалдығы

Негізгі қарыз

Қосылған құн

Ай сайынғы төлем

1

2000000,00

2991,74

25000,00

27991,74

2

1997008,26

3029,14

24962,60

27991,74

3

1993979,12

3067,00

24924,74

27991,74

4

1990912,12

3105,34

24886,40

27991,74

5

1987806,77

3144,16

24847,58

27991,74

6

1984662,62

3183,46

24808,28

27991,74

7

1981479,16

3223,25

24768,49

27991,74

8

1978255,90

3263,54

24728,20

27991,74

9

1974992,36

3304,34

24687,40

27991,74

10

1971688,02

3345,64

24646,10

27991,74

11

1968342,38

3387,46

24604,28

27991,74

12

1964954,92

3429,81

24561,94

27991,74

24

1920846,37

3981,16

24010,58

27991,74

36

1869647,18

4621,15

23370,59

27991,74

60

1741234,21

6226,31

21765,43

27991,74

84

1568216,85

8389,03

19602,71

27991,74

120

1189741,44

13119,97

14871,77

27991,74

180

27646,17

27646,17

345,58

27991,74

Информация о работе Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беру