Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:27, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық банктің жалпы мақсаты оның табыстылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекелдерді төмендету, несие қоржынын оптималдау (несиелік, депозиттік және т. б.), оның қызметінің бағыттары ұстанымы тұрғысындағы банк саясатының басымдылықтарын анықтауы керек. Банк әлеуметтік жүйе болып табылатындықтан, адамдар өз қызметінде өз мақсаттарын, мүдделерін, ойларын жетекшілікке алады, сондықтан да банк мақсаттары оның иелерінің жетекшілерінің, қызметкерлерінің, сонымен бірге банк клиенттерінің және банктік қадағалау органдарының жекелеген мақсаттарына негізделеді. Банк иелерінің маңызды мақсаты — банктің өсуі (активтердің, меншікті капиталдың клиенттердің, операциялардың, ең алдымен, табыстардың көбеюі және акция бағасының көтерілуі). Басқарушыларға кең ауқымды, әр түрлі мазмұнды мақсаттар тән, өйткені олар банктің бүкіл жұмысына жауап береді, яғни олардың жұмысының мақсаты пайданың өсімі болып табылады. Банк клиенттерінің, мақсаттары табыс алу ұстанымына байланысты әр түрлі болады, өйткені мүдделер қарама-қарсы, сөйте түра олар серіктесі ретінде сенімді банк болғанын қалайды. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты — ағымдағы табыстың деңгейін көтеру. Ал мемлекетті алдымен оның өнімділігі мен тұрақтылығы ойландырады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Несие және несие жүйесі 6
1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6
1.2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 15
1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері 22
2. Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру 31
2.1 “Тұран Әлем Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты 31
2.2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау 37
2.3 « Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері 45
3. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеу операцияларын жетілдіру жолдары. 53
Қорытынды 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61

Работа содержит 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

Несиенің берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

      • несиенің мақсаттылығы;
      • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
      • несиенің ақылылығы;
      • несиенің қамтамасыз етілуі;
      • несиенің сый ақылылығы6.

Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші  классты қарыз алушылар үшін жиі  қолданылады. Мұндай жағдайда несие, сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Сонымен қатар, бұл қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінін, негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді. Мерзімдік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің, ерекше бір белгісі. Бұл қағида, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық  қағидасы оны экономикалық категория  ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай  қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық - бұл несиенің ажырамас бөлігі.

Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданың қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін, бұл қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.

Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын  басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп  ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартты бұзғаны үшін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады, Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы - бұл қарыз берушінің қарыз  алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп кайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшік төлейтін пайызын - несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұдан да басқа жағдайда, несие үшін пайыз мөлшері экономикалық заңдылықтарға сай яғни банктің қызметінің экономикалық негізін жоғалтып алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз алушының қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғары мөлшерде емес, бірқалыпты жағдайда қалыптасуға тиісті. «Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.

Қазіргі банктердің несие  үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін  басты факторларына мыналар жатқызуға  болады:

- орталық    банктің    коммерциялық    банктерге    беретін    ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін пайыздың базалық мелшері;

- банкаралық несие  бойынша орташа пайыз мөлшері;

- өз клиентеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;

- банктің несиелік ресурстарының құрылымы (қаншалықты сырттан тартылған қаражаттар үлесі жоғары болса, соғұрлым несие бағасы қымбат болуға тиіс);

- несиеге деген сұраныс  (сұраныс аз болса, несие бағасы  арзан болады);

- несиенің сұралатын  мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;

- еліміздегі ақша айналысының  тұрақтылығы (қаншалықты инфляция  қарқыны жоғары болса, несие  үшін төленетін ақы да жоғары  болуға тиіс, себебі, мұндай жағдайда, банкте ақшаның құнсыздануынан  өз ресурсын жоғалту тәуекелі артады).

Сонымен қатар, пайыз  мөлшеріне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да өсер етеді. Бұл қатардағы басты факторлардын, біріне депозиттік пайызды жатқызуға болады. Шын мәнісінде, занды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбат түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.

Несиелеудің келесі бір  қағидасы, берілетін несиелердің  материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы  негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте

келе бұл қарыздардың  мазмұны толығымен өзгерген десе болады.

80-ші жылдардың аяғына  дейін КСРО-да несиені материалдық  жағынан қамтамасыз етілуі тек  қана тауарлы материалдық бағалылықтармен  жүзеге асырылып келді. Бұл әрине кезіндегі экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік қағидаларына сай негізделуімен банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген бағалылықтардың иесі мемлекет болғандықтанда, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек кағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілуі формасы ретінде: кепіл кепілдеме, тапсырма, сақтандыру мінедеттемелері қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтеріменен қаматамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ та кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы дамыған  елдерде, қарыз алушынын, жағдайы жақсы болып келген жағдайларда, несие қамтамасыз етусіз беріледі.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ен, тұрақты формасы ретінде  келесідей шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерінің қосылғандағы сомасын, сондай-ақ кепілді іске асыру және оны ақшаға айналдыру үшін қажетті уақытты дұрыс анықтай білу қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім-шарт жасаған кезде, барлық зандылық жақтарын, құқылығын міндеттілігін тексере отырып, кепілдің тұрақты және заңды қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, қазіргі жағдайға байланысты қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын және құндылығын бақылап отыру кажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да, байланысты болуы мүмкін. Кейбір активтерді анықтауда қарыз алушылар алдында нақты мәселелер тұрады. Сондықтан да, кепілге берілетін активтердің мынадай сипатта болуы шартты:

Біріншіден, кепілге несие  беру туралы шешім қабылданғанға  дейін жеңіл бағаланатын және қайта бағаланатын болуға тиіс.

Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін

үнемі тексеріп отыру  қажет.

Үшіншіден, кепілдің өтімділік  дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.

Төртіншіден, кепіл туралы келісім-шарт жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе маральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тезірек жоғалтады.

Кепілдеме - қарыз алушы  төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді.7

Бұл жағдайда кепілдеменің заңдылығы туралы қарыз берушіге қарыз алушының, атынан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілдемені ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілдеме берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.

Кепілдеме - бұл күрделі  экономикалық кұрал ретінде келесідей  түрлерден тұрады:

Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.

Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілдеме  бойынша, кепілдеме беруші бір қарыз  алушының барлық қарызын бір қарыз  берушіге төлей алмайтындығына кепілдік береді. Мұндай кепілдемелер қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме, бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілдеменің мұндай түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.

Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік  кепілдемелер. Жеке кепілдемелер жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілдемелері басқа бір корпорациялардан алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілдемелерде дамыған елдер тәжірибесінде кеңінен қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілдемелеріне банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.

Берілетін несиелерді қамтамасыз етудің келесі жолы - бұл сақтандыру. Бұл үйреншікті болғанымен де, оның қолданылуы барысында мәселелерде  жеткілікті. Оған нақты мысал ретінде, несие нарығына өзінің қызметін ұсынушы сақтандыру компанияларының кейде өздері де, тұрақсыз қарыз алушының несиесін қайтарудың орнына, керісінше олардың қаржылық жағдайлары да болмай немесе жеткіліксіз болып жатады.

1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері

Революцияға дейінгі  дамуы (1917 жылға дейін). Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып  келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір  жағынан, Ресейдің және әлем нарығының  тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.

Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

Банк капиталының Қазақстанга  енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп уақытты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының, несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.

Ресейдің мемлекеттік  банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған.

Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Қызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады.

Мемлекеттік банк бөлімшелері  болмаған аудандарда, қарапайым операцияларды  жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу; жәй және шартты ағымдық шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды:

- вексельдерді есепке  алу;

- тауарларды кепілге  ала отырып, ссуда беру;

- тауар құжаттарын  кепілге ала отырып, ссуда беру;

- ауыл шаруашылыққа  ссуда беру;

-  бағалы   қағаздарды   кепілдікке   ала   отырып,   ссуда беру;

-  қайта есеп жүргізу;

-вексельдер үшін арнайы  шоттар ашу;

-  бағалы қағаздарға  арнайы шоттар ашу;

-  ұсақ несие мекемелеріне  ссуда беру;

- барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;

- меншікті бағалы қағаздар  шығару;

- салымдық және ағымдағы  шоттар ашу8.

Қалалық қоғамдық банктер. Қалалык қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдары сияқты, тауар өндірісінің өсуі және сауда-өнеркәсіп буржуазияларының арзан банк иелігіне деген сұранысынан туындады. Қалалық   қоғамдық    банктердің   өзара    несие    беру    қоғамдарынан айырмашылығы, олардың ұйымдастырылу құрылымына байланысты қалыптасты.

Осындай банктердің бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық капиталы бар 1871 жылы Қызылжар қалалық  қоғамдық банкі құрылды. Оның басты  операцияларына: салымдар қабылдау; вексельді есепке алу; бағалы қағаздар, тауарлар, бағалы заттар және жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып ссуда беру жатты. Банктің негізгі клиенттер қатарының: 78,6%- саудагерлермен мен өнеркәсіпшілер, 25,1%- үй иеленушілер, сол сияқты, 21,4%- ауыл шаруашылығы клиенттерінің үлесіне тиді.9

Ұсақ несие беру мекемелері және жинақ кассалары. Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға өтуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда болды.

Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп қарауға болады:

Информация о работе Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беру