Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:27, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық банктің жалпы мақсаты оның табыстылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекелдерді төмендету, несие қоржынын оптималдау (несиелік, депозиттік және т. б.), оның қызметінің бағыттары ұстанымы тұрғысындағы банк саясатының басымдылықтарын анықтауы керек. Банк әлеуметтік жүйе болып табылатындықтан, адамдар өз қызметінде өз мақсаттарын, мүдделерін, ойларын жетекшілікке алады, сондықтан да банк мақсаттары оның иелерінің жетекшілерінің, қызметкерлерінің, сонымен бірге банк клиенттерінің және банктік қадағалау органдарының жекелеген мақсаттарына негізделеді. Банк иелерінің маңызды мақсаты — банктің өсуі (активтердің, меншікті капиталдың клиенттердің, операциялардың, ең алдымен, табыстардың көбеюі және акция бағасының көтерілуі). Басқарушыларға кең ауқымды, әр түрлі мазмұнды мақсаттар тән, өйткені олар банктің бүкіл жұмысына жауап береді, яғни олардың жұмысының мақсаты пайданың өсімі болып табылады. Банк клиенттерінің, мақсаттары табыс алу ұстанымына байланысты әр түрлі болады, өйткені мүдделер қарама-қарсы, сөйте түра олар серіктесі ретінде сенімді банк болғанын қалайды. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты — ағымдағы табыстың деңгейін көтеру. Ал мемлекетті алдымен оның өнімділігі мен тұрақтылығы ойландырады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Несие және несие жүйесі 6
1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6
1.2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 15
1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері 22
2. Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру 31
2.1 “Тұран Әлем Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты 31
2.2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау 37
2.3 « Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері 45
3. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеу операцияларын жетілдіру жолдары. 53
Қорытынды 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61

Работа содержит 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

- осы уақытқа дейін  пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;

- Ұлттық   банк   жүйесінідегі   еңбек   ақының  төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы;

ә) Екінші деңгейдегі банктерге  байланысты:

- Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциялдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

- қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;

- шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беру туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;

- орта жене ұзақ  мерзімде ірі жобаларды дербес  түрде қаржыландыруды іске асыруға  мүмкіндік беретін, банктердің  капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;

-  прогрессивті қаржы  құралдарын және технологияларды  пайдаланып, игерудің баяулығы;

- банк қызметкерлерін  кәсіби жағынан даярлаудың жалпы  төмен деңгейде болуы.

Сонымен қатар, қаржы нарығының дамуындағы төлем жүйелерінің қызмет етуіндегі артта қалушылықтарда орын алды.

Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде келесідей маманданған мемлекеттік банктер құрылды:

1. Мемлекеттік даму  банкі - бұл банк экономиканың  маңызды саларында тиімді инвестициялық  жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді  жүзеге асыруға бағытталган Үкіметтің  қаржы-несие институты болып табылады.

2. Экспортты-импорттық  банк (Эксимбанк) - бүл Қазақстан  бүгін дәстүрлі емес, даму және  ғылыми сиымды ұйымдардың экспортын  қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк болып табылады.

3. Тұрғын-үй құрылыс  банкі - бұл тұрғын-үй құрылысын  коммерциялық құрылысшылар арқылы  несиелеуге, халық үшін тұрғын-үй  жинақ шоттарын қалыптастару, ипотекалық  несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банкті білдіреді.

4. Медетші банк (траст) - бүл Дүниежүзілік банктің ықпалымен «Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь» ретінде құрылған банк.

Бұл банктердің барлығы  бірдей бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды  қалыптастыру басты мәселеге айналды. Сондықтан да, бұл банктердің қазіргі уақытта Мемлекеттік даму банкі Эксембанктен бірігіп, Тұрғын-үй құрылыс банкі Центркредитбанкпен қосылып жұмыс жасауда. Ал Медетші банк, қазіргі күні Медетші қор етіп қайта түрлендіріліп, өз қызметін одан әрі жалғастыруда.

1991 жылы қабылданған  заңның негізінде Республикадағы  мемлекеттік банк Ұлттық банк  болып қайта түрлендірілді. Сонымен  бірге, Құрылыс өнеркәсіп банкісі  - акционерлік-коммерциялық банк  Туранбанк, Агроөнеркәсіп банкі  - акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкісі, Сыртқы экономикалық банкі - акционерлік-коммерциялық банк Әлембанк, Жинақ банкі - акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкісі болып қайта құрылды.

1993 жылы осы аталған  банктердің барлығы акционерлік  банк болып қайта түрлендіріліп,  Жинақ банкі - Халықтық банк болып қайта атауға ие болды.

Міне мұндай банктер  қатарының жаңадан нарықтық экономика  талаптарына сай пайда болуы, өз кезегінде, банктік жүйенің екі  деңгейлік құрылымын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру

2.1 “Тұран Әлем Банк” АҚ –  ның жеке тұлғаларға несиелердің  берілу тәртібі мен саясаты

«Тұран Әлем Банкі» АҚ 1997 жылы 15 қаңтарда «Алем Банк Казахстана» («Қазақстанның Әлем Банкі») АБ-мен  «Туран Банк» («Тұран Банкі») КАБ-нің қосылуы нәтижесінде құрылды.

 «Қазақстанның Әлем  Банкі» АБ 1990 жылы Внешэкономбанктің  (Сыртқыэкономбанкі) Қазақстандағы  филиалы ретінде құрылған және  бірнеше жылдар бойы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің мемлекеттік  кепілімен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі агенті болып келді. 1994 жылға дейін «Алем Банк Казахстана» АБ елдегі халықаралық операцияларды жүргізетін бірден бір жалғыз банк болды және Қазақстанның алдыңғы қатарлы қаржы институттарының бірі саналды. Ол SWIFT және REUTERS халықаралық банк жүйелеріне қосылған тұңғыш банк, VISA International және Master Card жүйелерінің бірінші қатысушысы болып табылады. «Туран Банк» КАБ тарихы республика аумағында 1925 жылы КСРО Промстройбанкінің бөлімшесі ашылған сәттен басталады. Банктің қызметі экономиканың индустрия секторының құрылуы және қалыптасуымен тікелей байланысты болды - банк құрылысты қаржыландырып, Қазақстанның ең ірі кәсіпорындарына қызмет көрсетті.

«Қазақстанның Әлем Банкі» АБ  мен «Туран Банк» КАБ-ы осы  банктердің 100% акциялар пакетінің иесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үікіменің келісімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының шешімінің негізінде қосылған. Қосылу туралы шешімнің қабылдануы 1996 жылдың соңында бірқатар индустриялық кәсіпорындардың қарыздарын төлей алмауы салдарынан туындаған кезде екі банктің де Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңыздылығымен байланысты. Ол КСРО-ның құлауынан кейін орын алған экономикалық құлдыраудың салдары болды. Бастапқыда банк 100% акциялар пакетін Үкімет иеленетін, жабық түрдегі акционерлік қоғам ретінде құрылды. Қалпына келтіруші банк- алдыңғы банктердің 61,9 млн. $ сомасы көлеміндегі қарыздарын өз мойнына алды. 1998 жылдың наурыз айында «Тұран Әлем Банкі» АҚ жабық аукционда толығымен жекешелендіріліп, онда банктің 100% акцияларын жергілікті жеке меншік компаниялардың консорциумы («Консорциум серіктестігі») сатып алды.

«Тұран Әлем Банкі» банкі  Қазақстан Республикасындағы 2-ші дәрежелі банк болып табылады және Қазақстан  Республикасының банк жүйесінің  екінші сатысын құрайды.

«Тұран Әлем Банкі» Қазақстан  Ресупбликасының басқа банктерімен  және басқа елдердің банктерімен  қатынастарда, халықаралық банктерде  және басқа да қаржы-несие ұйымдарында  клиенттің мүддесін білдіреді.

«Тұран Әлем Банкі» өз қызметін Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығымен құрады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №154-1 Заңы банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (банкроттық) туралы хабарлай отырып, банк операцияларын жүргізу лицензиясының күшін жойғаннан кейін Ұлттық Банк сотқа жүгінеді деп белгілеген11.«Тұран Әлем Банк» ХҚЕС-ке сай қаржылық есеп беруді құрайды.Банктің аудиторы- Ernst & Young Kazakhstan.

Қаақстанның жергілікті банктері бойынша   «Тұран Әлем Банк» рентабельділік бойынша  бірінші орында.2003-2005 жж. таза табыстың мөлшері қайтадын өсіп, 39,000 млн тенге  құрады. Бұл табыстардың улкен  бөлігін негізгі қызмет бойынша  табыстар құрды.

Банктің құрылғанына аз уақыт болса да, осы уақыт ішінде «Тұран Әлем Банкі» Қазақстанда бірінші болып клиенттерге барынша жақын болып келетін, кассалық-есеп айырысу бөлімшелерінің жүйесін дамытуды қолға алып, орасан жетістіктерге қол жеткізді, банкті бүкіл республика таныған. Бүгінгі таңда аймақтық жүйені дамыту масштабы бойынша «Тұран Әлем Банкі» республиканың алдыңғы қатарлы бес банкінің құрамына кіреді.

Қазіргі таңда «Тұран Әлем Банкінің» жарғылық қоры 1 млрд. 300 млн. теңгеге  (643 миллион доллар) өсті. Банктің клиенттері 200-ден 350 000 адамға көбейді. «Тұран Әлем Банкі» Қазақстан Республикасының банк жүйесінде айтарлықтай жағдайды иеленіп, елдің ең ірі банктерінің қатарына кірді. 1999 жылдың желтоқсанында астаналық «Ақмола-банк» «Тұран Әлем Банкінің» құрамына кірді.  «Тұран Әлем Банкі» жыл сайын жетістіктерге қол жеткізуде. Мысалы, 2006 жылдың 1 шілдесінде банктің 5 филиалы, 50 кассалық-есеп айырысу бөлімшелері мен 107 қолма-қол шетел валюталарын айырбастау пунктері болды. Ал қазіргі таңда оның 27 қалада 22 филиалы, 196 КЕБ бар.  Банк жыл сайын әлемнің «үлкен бестігіне» кіретін халықаралық аудиторлық компаниялар мен бірлесе отырып, аудиторлық тексерулер жүргізеді. 2005 жылы KPMG халықаралық аудиторлық компаниясы банктің қызметіне ерекше баға берді, ал 2006 жылдың қорытындылары бойынша Deloitte & Touche тәуелсіз аудиторлық фирмасы «Тұран Әлем Банкінің» бухгалтерлік есептері мен есеп беру жүйесін  аудиторлық тексеруден өткізді. Бұл тексеру банктің сенімділігін тағы бір дәлелдеп берді. Осылайша, 2006 жылы банк халықаралық стандарттарға өтудің барлық көрсеткіштерін орындады. «Тұран Әлем Банктің» филиалдар  жүйесі, яғни тұтынушылар салымдарынан тұратын кең ресурстық база,өте маңызды рөл атқарады, әсіресе банкаралық несиелеу жүйесі жоқ  жерлерде.Соңғы кездері инвесторлар қаражаттарын жоғарғы кластағы активтер тобына аудару және экономиканың өтімділік дәрежесінң өсуі әсерінен банк ресурстарды тарту қызметі айтарлықтай жеңілдетілді. Бірақ осыларға қарамастан «Тұран Әлем Банктің» «клиент депозиттері» деген  көрсеткіші едәуір төмендетілді. Банк соңғы екі жылдың ішінде  бөлінбеген пайда арқасында өзінің базалық капиталын екі есе өсірді. Банктің тұрақты рейтингі  -  ВВ-/тұрақты/В. Банктің рейтингтері келесідей бөлінеді:

-ағымдағы рейтингтер;

-Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтері.

Ағымдағы рейтингтер мәліметтерін 1 кестеде, ал несиелік рейтинг-терді иемдену тарихы 2 кестеде көрсетілген.

 

      Кесте  1

ҚР «Тұран Әлем Банкінің» ағымдағы рейтингтері

Контрагенттің несиелік рейтингі

BВ-/тұрақты/В

Депозиттік сертификаттар рейтингі

BВ-/В

Бірінші дәрежелі қамтылмаған  міндеттемелер рейтингі

ВВ-


*Ескерту: қайнар көзі  “ТұранӘлемБанк”  АҚ жылдық есебі 2006 ж.

Кесте 2

ҚР «Тұран Әлем Банкінің» несиелік рейтингтерді иемдену тарихы

11.04.2005ж.

ВВ-/В

04.12.2003 ж.

В+/В

17.12.2002 ж.

В+/С

18.12.2000 ж

В/C


*Ескерту: қайнар көзі  “ТұранӘлемБанк”  АҚ жылдық есебі 2006 ж.

 

Қазақстан Республикасы өзінің жекеше рейтинг жүйесіне ие, және оның рейтингтері басқаларға қарағанда  ерекшеленеді.Оны 3 кестеден байқауға болады.

Кесте 3

 

Ұлттық валютада

ВВB/Тұрақты/А-3

Шетел валютада

ВВВ-/ Тұрақты /А-3


*Ескерту: қайнар көзі  “ТұранӘлемБанк”  АҚ жылдық есебі 2006 ж

 

Рейтингке әсер ететін негізгі факторлар:

Позитивті факторлар:

         -банктің корпоративті және жеке  қызмет нарығында жақсы    көрсеткіштердің болуы

    -негізгі қызмет  бойынша үдемелі табыс көрсеткіштердің  деңгейі; 

     -бақылау  және тәуекел-менеджмент жүйелерін  дұрыс ұйымдастыру. 

Негативті факторлар:

    -күрделі экономикалық  жағдайларда несие қайтарымдылығының төмен дәрежесінде берілген несие көлемнің өсуі

-базалық капиталдың  жеткіліксіз мөлшері;

    -банктің қызметі  мен экономикалық аямен байланысты  туындайтын тәуекелдер.

Қазақстан Республикасының АҚ «Тұран Әлем Банкінің» рейтингтері оның корпоративті және жеке қызмет нарығында жақсы көрсеткіштерді және оның негізгі қызметі бойынша үдемелі рентабельділік мөлшерін көрсетеді.Басқа жағынан несиелеуің жоғары дәрежесі банк капиталына үлкен қысым жасап, рейтингке кері әсерін тигізеді.Бұған қоса, Қазақстан Республикасының экономикалық және банк секторларындағы жағдай несие қызметтің диверсификасыясына жол бермейді.

Соңғы жылдары басқа  банктер сияқты «Тұран Әлем Банктің» тез өсу әсерінен ол экономикалық тоқырауларға өте тәуекелді болып  келеді.Бірақ несие қайтарымдылық деңгейін дұрыс анықтау және қайтарылмайтын несиелердің төмен деңгейі бұл тәуекелді едәуір төмендетеді.Ашылған жылдан бастап «Тұран Әлем Банк» рентабельділік бойынша Қазақстан банктердің ішінде жетекші орында. Сонымен қатар банк табыстардың құрамында негізгі қызметтен түсетін табыстар үлесі едәуір артты, бұл төтенше табыстардың және салық жеңілдіктердің жойылуымен түсіндіріледі.Комиссиялық табысты құрайтын несие көлемінің өсуі және тауар мен қызметтің көбеюі  банктің қаржылық келешегін жақсартады.

«Тұран Әлем Банк » жетекші универсалды банктердің бірі болып, нарықта банк қызметтерімен қатар қаржылық қызметттерді көрсетеді. «Тұран Әлем Банк» жаңа инновациялық қызметтер мен тауарлар арқылы жеке тұлғаларды  несиелеу нарығында жетекші орын алатын «Халық банкке» негізгі бәсекелес көрсетеді. Бұл нарық «Тұран Әлем Банкті» сенімді бірінші дәрежелі ресурстармен қамтымасыз етеді.2003 жылдан бастап «Тұран Әлем Банктің» балансы банк жүйесіндегі өтімділіктің  жоғары құйылу салдарынан салымдардың үдемелі өсуінен кеңейеді.Шетел инвесторлардың қатысуы банк саясатына оң әсерін тигізеді: тиісті эксперттік білімдер, ресурстарды тарту және бизнестің кеңеюі. FMO грантымен қаржыландырылған RZB компаниясымен серіктестік келісімшарт шеңберінде жүргізілген «Твиннинг» бағдарламасы 2005 жылы бітіп, «Тұран Әлем Банк» өнімдерін  және жүйелерін жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл жаңартулар алғашында банктің неселеу, маркетинг және халыққа қызмет көрсету сияқты бағыттар бойынша жүргізілді.Шетел инвесторлармен жасалған серіктестік келісімшарт шеңберінде 2001 жылы «Тұран Әлем Банктің» Директорлар кеңесіне RZB және  ЕБРР-дың екі өкілдері қосылды. Және банк шетел инвесторлардың қатысуымен тәуекелдерді басқару, ішкі аудит пен бақылау, саудалық және жобалық қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізуде.    

2006 жылы  клиенттерге берілген қарыздар мөлшері 2004 жылға қарағанда 3 есе өсті, және оның мөлшері 1,343,433 миллион теңге құрды. Несиелеу көлемінің қарқынды өсу дәрежесі мемлекеттегі қалыпты экономикалық жағдайды көрсетеді. Бірақ, «Тұран Әлем Банктің»  несие көлемдерінің едәуір мөлшері долларға байланысты және шетел валютасына теңестірілген болғандықтан банк активтерінің нашарлауына әкелуі мүмкін.   

Қарыз алушыға байланысты несие формасының 4 формасы бар;   Мемлекеттік несие- бұл мемлекет тарапынан нақты мерзімге анықталған несие. Шаруашылық несие- бұл несиелік қатынас жабдықтаушы түрде бола алады, яғни сатып алушы тауарды алған кезде міндетті бекітілген кезде (тауарлық қана емес) өтейді. Қазіргі шаруашылықта бір біріне тауарлық қана емес, сондай-ақ ақшалай несие береді. Тауар түрде беретін несие - коммерциялық несие, ал банктік түрде несие - ақшалай несие беріледі.

Информация о работе Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беру