Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:37, курсовая работа

Описание работы

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.

Работа содержит 1 файл

сРС аЙНУР ГОТОВ!.docx

— 115.59 Кб (Скачать)
     

      Қызылорда облысы бюджетінің 2008-2010 жылдарындағы кірісі анықталған кассалық атқарылуымен салыстырғанда 182,7 % - ға орындалды. 2009 – шы жылды салыстырғанда 127,8 % -ға орындалды немесе 106307003,8 мың теңге болды.Яғни, оның ішінде салықтық түсімдер нақтыланған бюджетпен 2008-2010 жылмен салыстырғанда 174,5-% ға орындалды,яғни 13573067-ге артық түсті.  2009-шы жылды салыстырғанда 155,7 %- ға орындалды немесе 31788298 мың теңге артық болды. Ал, салықтық емес түсім 2008-2010 жылдары 349,9% немесе 754527,3 –ке өсті. Ал 2009- 2010 жылдарды салыстырсақ, салықтық емес түсім 311,5 %-ға немесе  717361,7 мың теңгеге орындалғандығын байқаймыз .

           Негізгі құралдарды сатудан түскен  түсімді қарастырсақ, 2008жылды 2010жылмен  салыстырғанда, 70,0%- ға кеміген, немесе  345244,9мың теңгеге. 
 

    1.     Бюджет кірістерін қалыптастыруды жетілдіру жолдары   
 
 

        2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық,шетелдің ірі банктерінің банкротқа ұшырауына және биржалық баға белгіленімінің түсуіне әкелген әкелген әлемдік қаржы нарығындағы кезекті сілкініс толқыны әлемдік экономиканың баяулауына және скерлік белсенділіктің  төмендеуіне ауысып кетті.Бұл,өз кезегінде,сұраныс пен тұтынудың қысқаруына себепші болды және мұнайға,металлдар мен басқа да ресурстарға әлемдік бағаның түсуіне алып келді.Тауар нарықтарынан алыпсатарлық капиталдың кетуі орын алды.

          Орта мерзімдік кезеңде әлемдік  қаржы дағдарысынан болған жаһандық  қаржы нарықтарын түзету,инвесторлардың  шығындарын азайту сақсатында  әлемдік капиталды қайта бөлу  болады.2009 жылы әлемдік экономиканың  құлдырауы болжанады.ХВҚ 2009 жылғы  әлемдік экономиканың өсімі бойынша  қаңтар болжамын 0,5 %-дан (-1,0) % - (-0,5) % құлдырау жағына қарай қайта  қарастырды.

          2010 жылдан бастап әлемдк экономиканың  өсу қарқынының біртіндеп жоғарылауы  болжануда.Әлемдік экономиканың  даму перспективаларын ескере  отырып,әлемдік тауар нарықтарында  бағалардың кұрт өсуі күтілмейді.

          АҚШ-тың Энергетика департаментінің  болжамдық деректеріне сәйкес 2008-2015 жылдар кезеңінде табиғи газ  бен көмірге әлемдік бағалар  үлкен өзгеріске ұшырамайды.Мұнайға  келетін болсақ,тұтастай алғанда  бұл шикізатқа бағаның елеулі  төмендеуі күтілмейді.

          2009-2010 жылдары,халықаралық қаржы  институттарының бағасы бойынша,әлемдік  қаржы нарықтарында өтімділік  тапшылығы мәселесі сақталады.

          Әлемдік экономиканың даму жағдайлары  және Қазақстан экномикасының  сыртқы даму шарттары әлемдік  экономиканың серпініне,мұнайға  әлемдік бағаның деңгейіне және  әлемдік қаржы нарықтарындағы  жағдайға байланысты дамудың  үш нұсқасын қарастыруға мүмкіндік  береді.

          1-нұсқада орта мерзімдік кезеңде  әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы  жағдайдың нашарлауы бөлігінде  тым пессимистік болжамдар болжанады.

          Бұл сценарий бойынша мұнайға  (Brent) әлемдік баға 2009 жылы барреліне  25 АҚШ доллары деңгейінде,ал 2010-2013 жылдары - 40 АҚШ доллары деңгейінде  болады.Металлдарға әлемдік бағалар  2008 жылдың деңгейінен 50 %-ға төмен болады.

           Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы  қарыз алу үшін жабық болады.

           2-нұсқада әлемдік тауар және  қаржы нарықтарында жағдай тұрақталады  деп болжайды.

          Мұнайға әлемдік баға 2009 жылы  барреліне 40 АҚШ доллары,ал 2010-2013 жылдары- 50 АҚШ доллары деңгейінде  болады.2009 жылы металлдарға әлемдік  бағалар орта есеппен 30-40 %-ға  төмендейді,кейіннен 2010-2013 жылдарда  әлемдік баға деңгейі 8-10%-ға  көтеріледі.Сыртқы қарыз алу жағдайлары  жақсарады.

        3-нұсқа бойынша мұнайға әлемдік  баға 2009-2013 жылдары барреліне 60 АҚШ  доллары деңгейінде болады.

        Әлемдік қаржы нарықтарындағы  жағдай жақсарады,әлемдік деңгейдегі  банктердің сыртқы қарыз алуына  кең жол ашылады.

        Әлемдік экономикадағы және әлемдік  тауар нарықтарындағы ағымдағы  жағдайды ескере отырып,2-нұсқа  ең ықтимал болып көрінеді.Экзогенді  өлшемдердің негізгі мазмұны  осы нұсқа бойынша дамудың  қалыптасқан үрдісіне жақын.

        Сыртқы даму жағдайларының әсерін  ескере отырып 2009-2013 жылдары экономика  мынадай факторлардың әсерімен  дамитын болады:

        -мұнай мен табиғи газ өндіру  салаларында және экономиканың  мемлекеттік секторында экономикалық  белсенділікті сақтау  және 2009 жылдан  бастап ірі инвестициялық жобаларды  іске асырудың белсенді фазасына  ену;

       - сыртқы қарыздарға  қызмет ету  бойынша негізгі соманы өтеу  натижесінде банктік секторды  сауықтыру және мемлекеттік қолдау  арқылы оның активтерінің сапасын  жақсарту,депозиттік базаның өсуін  ынталандыру.

        Алдыңғы жылдары қалыптасқан   даму урдстері,байқалған «голландтық  ауру» белгілері мен экономиканың  «қызып кету» белгілері,сыртқы  жағдайлар өзгерген кезде макроэкономикалық  тұрақтылық үшін қателерді сақтап  қалады.Әлемдік тауар нарықтарындағы  бағалардың өсуі,сондай-ақ тұтынушылық  және инвестициялық сұраныстың  кеңеюі кезінде экономикаға инфляциялық  қысым сақталады. 2009 жылы Қазақстан  ғаламдық экономикалық дағдарыс  және экономикалық белсенділіктің  баяулау кезеңіне енді, бұл экономикалық  саясатты түзетуді қажет етеді. Осы жағдайларда экономикалық өсу серпіні мен сапасы экономикалық саясат бағыты мен экономиканы мемлекеттік қолдау дәрежесін таңдауға байланысты болады. Сыртқы күйзелістер әсерінен болған экономиканың секторларын қалпына келтірудің жоғары шығындарын болдырмау үшін қазіргі жағдайда мемлекет тарапынан оны басқара отырып түзету қажет болады. Бұл ретте, мемлекеттік реттеу саясаты теңдестірілген, макроэкономикалық тұрақтылыққа зиян келтірмей экономиканың дамуын ынталандырушы болуы қажет. Мұндай тәсіл экономиканың құлдырап кетпеуіне, экономиканы «сауықтыруға», келешекте оның қайта «қызып кетуін» болдырмауға, инвестициялар сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық саясатты экономиканың өсуін қолдауға, 2009 жылы экономиканың құлдырап кетуін болдырмауға циклдық ауытқулардың әсерін қалыпқа келтіруді ескере отырып мүмкіндік беретін жылдамдатылған өсуден дамудың орташа қарқынына өту жолымен экономиканың сапалы, теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, экономикалық өсудің стратегиялық міндеттерін орындау үшін қажетті деңгейді қамтамасыз етуге бағыттау қажет».

         2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік  бюджет кірістері жаңа Салық  кодексінің экономиканың шикізат  секторына салық жүктемесін төмендетуді  қарастыратын ережелерін есепке  ала отырып, орта мезімді кезеңде  макроэкономикалық көрсеткіштердің  болжамды өлшемдері негізінде  айқындалды. Кірістер есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2009 және 2010 жылдары 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2009 жылы 3%-дан 4 %-ға дейін және 2010 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нәтижесінде әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2009-2013 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді. 
 
 
 

         5 кесте -  ЖІӨ-ге мемлекеттік  бюджет кірістері %-бен 

            Атауы     2009ж.     2010ж.     2011ж.     2012ж.     2013ж.
    1     Кірістер     13,4     12,0     11,5     11,2     10,9
    2     Салықтық  түсімдер     12,7     11,3     10,9     10,6     10,3
    3     Салықтық  емес түсімдер     0,4     0,4     0,3     0,3     0,3
    4     Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер     0,3     0,3     0,3     0,3     0,3
 

           2009-2013 жылдарға арналған Ұлттық  қорға бағытталатын бюджетке  түсетін түсімдер көлемінің болжамы  макроэкономикалық көрсеткіштердің  болжамдаған өлшемдері негізінде  құралды: мұнай өндіру, мұнайдың  әлемдік бағасы, АҚШ долларына  теңге бағамы, сонымен қатар өткен  жылдарға түсімдер серпіні, ағымдағы  жағдайды талдау.

    2009 жылы Ұлттық қорға тікелей  салықтар түсімі ЖІӨ-ге 7,1%, 2010 жылы  – ЖІӨ-ге 7,1 %, 2011 жылы - 6,7%, 2012 жылы  – 6,1%, 2013 жылы – 5,6% деңгейінде  болжамдалады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    ҚОРЫТЫНДЫ 
 

    Қазіргі кезеңде, мемлекет алдында тұрған бірден-бір  күрделі мәселе -салық салмағын (айырмашылығын) халық арсында ойдағыдай етіп бөлу. Әзірше осы мәселе жөргінде екі  принцип барын білуіміз қажет.

    Біріншісі, тапқан (алған) игіліктерге негізделген  яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің бәрі оның азаматтарына кәдімгі тауар ретінде берілуге тиісті. Бірақ мемлекеттен алынатын игілгктердің сапасы әртүрлі болуы  мүмкін, ал сол үшін бәрі бірдей төлейді.Нарық  кезеңінің көрінісі ретінде, қоғамымызда  байлар мен кедейлердің пайда  болғаны баршаға мәлім. Сондықтан  мемлекеттен берілетін жәрдем ақыларды, субсидияларды тек табысы төмен, тұрақты табыскөзі жоқадамдарға беру қажет.

    Екіншісі, төлеу қабілеттілігі принцппіне негізделген. Бұл жерде салық  айырмашылығы салық төлеушілердің  нақты табыстарына және тұрмыс деңгейлеріне байланысты болады.

    Бюджеттің кірістері  салықтық және басқа міндетті  төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдер), ресми  трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде  берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын  және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып  табылады. Салықтық емес түсімдер -  бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми  трансферттерден  басқа, бюджетке өтеусіз негізде  берілетін ақша. Негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік  мемкемелерге бекітіліп берілген мемлекетттік мүлікті, мемлекеттік материалдық  резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан  немесе оларды тұрақты немесе жер  пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі  материалдық емес активтерді сатудан  түсетін ақшалар жатады. Ресми  трансферттердің түсімдері -  бұл  бюджеттің бір деңгейінен  екіншісіне ұлттық қордан бюджетке түсетін  трансферттердің  түсімдері, мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда,  кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

            Бюджеттің кірісі салық саясатын  қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық  саясат арқылы іске асырылады  Алайда жергілікті бюджет бірлігі   бюджет жүйесін құрудың маңызды  қағидаты болып отырған, оның  жеке буындарының дербестігін  жоққа шығармайды және әртүрлі  деңгейдегі бюджеттердің арасындағы  кірістері болудың, тұрақты нормативтерін  орнынықтыру және бюджет жүйесін  белгілеу арқылы құқығы қамтамасыз  етіледі Салықтың әрбір орыны  өз бюджетін жасайды, бекітеді  және оны атқарады.

            Қорыта айтқанда,мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарының деңгейін бірқалыпты ұстап,тапшылықты азайту - қаржы министрлігінің  ең бірінші мақсаты болып табылады.

Информация о работе Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны