Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:40, курсовая работа
Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады.
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. БАНК ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ--------------------------------------------------------------------------5
1.1. Банктің мәні және пайда болуы----------------------------------------------5
1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері----------------------------------------8
1.3 Нарықтық реттеудің түрлері мен әдістері тәсілдері--------------------11
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-----------------------------------------------------13
2.1 Банк жүесінің қызметін бақылау мәселелері------------------------------13
2.2 Банк жүйесінің қызметін реттеу әдістері ----------------------------------20
Банктік қадағалаудың мәні және әдістері-----------------------------22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ-----------------------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
— заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
—сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру;
— ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
— төлем карточкаларын шығару;
— банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
— шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
— чек кітапшаларын шығару;
— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
— аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
— ақшалай формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
— брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
— дилерлік — мемлекеттің және езге де бағалы қағаздармен;
— кастодиандық;
— клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бІрнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруга құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
— Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
— Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
— Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік банктердің қР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.
Банктің өкілдігі — банктік операиияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің, тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің, құрылымдык бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттың банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:
— өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
— өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
— ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
— өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
— аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдың есебі;
— өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
-—
өкілдікте жұмыс жасайтын
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) — ҚР аумағында банктік операциялардын жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің, аумақтық бөлімшесі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін;
— банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
— банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
—- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
— мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытына дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
— банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
— мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 0/0 - дан астам бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 0/0-ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.
Жарияланған
жарғылық қордың 50 0/0-ның ақшалай
түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік
шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары
бірлескен түрде бағалануына байланысты
банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында
акті бойынша қабылданады.
Қазақстан Республикасы екіпші деңгейдегі бапктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» К,Р заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі баиктердің қаржылық тұрақтылығыи қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін ңорғау, сондай-ақ республикадағы акша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
■ пруденциялық нормативтер белгілеу;
■ банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
• банктердің қызметін тексеру;
■ банктің қаржылык жағдайын сауытандыруға байланысты ұсыныстар беру;
■ банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
■ банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.
Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар банктердің пруденциялық норматинтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивидендтерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттың банк белгілейді.
Банктер
жүргізетін операцияларының түрлері мен
көлеміне қарай өздерінің қызметінің
сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету
үшін Қазақстан Республикасындағы банктер
туралы заңға сәйкес, Ұлттың банк бекіткен
тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға
қарсы арнайы провизиялар құру арқылы
берілген несиелер мен басқа да активтерді
жіктеуге міндетті.
2.3
Банктік қадағалаудың
мәні және әдістері
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі — бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл — қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан
қадағалау әдісі — бұл
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттық негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты — енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.