Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:40, курсовая работа
Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады.
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. БАНК ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ--------------------------------------------------------------------------5
1.1. Банктің мәні және пайда болуы----------------------------------------------5
1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері----------------------------------------8
1.3 Нарықтық реттеудің түрлері мен әдістері тәсілдері--------------------11
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-----------------------------------------------------13
2.1 Банк жүесінің қызметін бақылау мәселелері------------------------------13
2.2 Банк жүйесінің қызметін реттеу әдістері ----------------------------------20
Банктік қадағалаудың мәні және әдістері-----------------------------22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ-----------------------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------
Банктер тұрғындарға сыйақы сомаларын төлеу арқылы инвестициялық, зейнетақы және сақтандыру шоттарын ашу жіне дивидиенттер мен проценттерді капиталға айналдыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы қызметтік кен спектрін ұсыну да, банктердегі тұрғындардың жинақ салымының ұлғайғанына ықпал жасайды.
Банк жүйелері атап айтқанда ресейлік банк жүйесі Европадағы универсалды банк жүйесіне көшетіні әбден ақиқат, өйткені американдық немесе жапондық үлгі жоғарғы деңгейлі сипатталады.
Ресейдің банк жүйесінің дамуына сыртқы сондай-ақ ішкі факторлар да әсер етті. Ішкі факторға жататындар ең алдымен елдегі жалпы экономикалық ахуал. Банк жүйесі жоғарғы информация және бүкіл макроэкономикалық ортаның аса тұрақсыздығы кезінде қуатты импульс алды, бұл банктерге уақытша өз активтерін және пассивтерін көлемінің тез өсуіне мүмкіндік береді.
Көптеген
Халықаралық тәжірибеде жеткілікті ірі меншікті капиталы бар банк ірі банк болып есептеледі.
Қазір республикада меншікті капиталы 1 млрд тенгеден астам екінші деңгейлі 8 банк қызмет атқарады. Бұл «сегіздікке мына банктер» кіреді: Казкомерцбанк, Халықбанк, Туранәлембанк, АВN, AMROBANK, Темірбанк, Евразиялық банк, Эксимбанк, Казагроөнеркәсіпбанк .
Екінші деңгейлі банктерді күштеп тарату механизмі де дұрыс даңгейде әрекет жасамағанын атап өткен жөн, әйтседе Қазақстан Республикасы банктерді және банк қызыметі туралы» (63-68) бапта банктерді күштеп тарату процедурасын қолданудан құқықтық негіздері айқын баяндалған.
Сонымен қатар
екінші деңгейлі банктердің
Төлемсіздік дағдарысын шешудің жолдарының бірі республикада бірінғай вексель бағдарламасын енгізу және осы негізде өзара есеп айырысудан вексельді нысанын дамыту.
Банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау және кредит механизмін жетілдіру мақсатында мынандай проблемалар шешуі қажет:
Жоғарыдағы көрсетілгендермен қатар, клиенттер көрсетілетін банк операцияларының дәстүрлі емес түрлері «трасталық», «лизинг», «фактоинг», «инженеринг» және кеңес беру қызыметтерінің санын ұлғайту қажет.
Дамыған елдердің коммерциялық банктерінің кірістерін 60% жуығы валюталық процентті, фьюгер операциялары, мәміле сияқты қаржы туындыларын қолданудан баланстан тыс операциялардан түскен түсім есебінен қалыптасатынын атап өткен жөн. Мұндай мәмілелер әсіресе банк тәуекелділігін басқаруда маңызды орын алады.
Бұл
көрсетілген операцияларды
1.3
Нарықтық реттеудің
түрлері мен әдістері
тәсілдері
Нарықты реттеу әдістері - бұл нарық механизімінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің элементтері алғаш рет бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті-дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Біздің елімізде бөліп үлестіру методологиясына негізделген шаруашылық жүйесінен бас тарту экономиканы реттеу әдістерінің мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Нарықты құру - жаңа экономикалық қатынастарға көшу, соның ішінде, халық шаруашылығың жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымынан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді Нарық мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтың тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай-тікелей және жанама деп классификациялауға болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістерінен төлем қабілеті бар жиынтық сұранымды құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын орталықтандырылған тәсілдер жатады. Бұл жерде әңгіме .мемлекеттік атқаратын жалпы қызметі жөнінде болып отырған жоқ, текі қана нарықтың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатыны қолайлы әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік тәсілдер туралы болып отыр. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестіктен дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.
Нарықты
жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз,
бірақ барлық шаруашылық субъектілері
үшін міндетті болып табылады. Олардың
қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің
шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты.
Тікелей жәке жанама әдістердің арасындағы
айырмашылық, белгілі бір дәрежеде, шартты
түрде ғана болады. Нақты өмірде олар бір-бірімен
тығыз байланысты және әсер ету объектісі
ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп
әртүрлі тіркесте қолданылады. (1-ші суретті
қара).
1-Сурет.
Нарықты реттеу
ІІ. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қызметін ұйымдастыру
2.1
Банк жүйесінің қызметін
бақылау мәселелері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттың банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандың банктік жүйенің не-бары 13 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандың құрамы 1-кестеде берілген.
90-шы
жылдың, басында банктердің саны
200-ден асты, әрине бұл олардың
экстенсивті жағынан дамуын
ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қылмысты жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса темендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылың шарт (түпнұсқа);
■ банктің жарғысы (тұпнұсңа);
■ банк жарғысын қабылдау және банк орғанын сайлау тур-лы хаттама;
■ құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);
■ құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
■ құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлың қорытынды;
■ егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның президенті болмаса, ондай жағдайда сол мемлскеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;
■ егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
■ банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;
■ жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
■ жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
■ жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің, өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
■ жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
■ тапсырылған бизнес жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;
■ нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
■ басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттың банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезенде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
— ұйымдастырушылық – техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
— жарияланган жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.