Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:40, курсовая работа
Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады.
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. БАНК ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ--------------------------------------------------------------------------5
1.1. Банктің мәні және пайда болуы----------------------------------------------5
1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері----------------------------------------8
1.3 Нарықтық реттеудің түрлері мен әдістері тәсілдері--------------------11
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-----------------------------------------------------13
2.1 Банк жүесінің қызметін бақылау мәселелері------------------------------13
2.2 Банк жүйесінің қызметін реттеу әдістері ----------------------------------20
Банктік қадағалаудың мәні және әдістері-----------------------------22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ-----------------------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-------------------
І.
БАНК ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІ:
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ--------------------
1.1.
Банктің мәні және пайда болуы-
1.2.
Банк жүйесінің қалыптасу
1.3 Нарықтық
реттеудің түрлері мен әдістері тәсілдері--------------------
ІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ-------------------
2.1
Банк жүесінің қызметін бақылау мәселелері--------------------
2.2
Банк жүйесінің қызметін реттеу әдістері
------------------------------
ІІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БАНКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
МЕН ҚЫЗМЕТІ-------------------
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады. Заңмен Ұлттық банктің негізгі міндеттері, ақша айналымы, кредит, банктік есеп айырысу және валюталық қатынастарды ұйымдастыру, банк, кредиттік, есеп айырысу мекемелерінің салымшыларының және кредиторлардың, сондай-ақ валюта сатып алу, сату және ауыстыру операцияларын жүзеге асырушы мекемелер клиенттері мүдделерін қорғау.
1993
жылы қарашада Қазақстан
ҚР
Президентінің заң күші бар «Қазақстан
Респуликасының Ұлттық Банкі туралы»
жарлығына сәйкес указының ұлттық банк
Қазақстан Республикасының
Қазақстанда 1998 жылғы 1-ші қаңтарындағы мәлімет бойынша 2-ші деңгейлі 83 банк тіркелген, соның ішінде: мемлекетаралық-1, мемлекеттік немесе жарғылық капиталға 100% үкімет қатысуымен (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда)-20.
Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейлі банктерді капиталдандыру және өтемділік талаптарының өсуі банктерді тарату және бірігу процесін жеделдетті. 1997 жылы екінші деңгейлі 23 банк лицензиясы кері шақырылды, сонын ішіндегі жұмыстағы кемшіліктері үшін 17, ерікті таратылуға байланысты-1, және бірігуге байланысты-15.
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншікті капиталы 1997 жылы 1 желтоқсанда 33 млрд. теңге құрады.
1998
жылдың соңында республиканың банк
жүйесіне шетел капиталының қатысуын
шектеуді алып тастау туралы Ұлттық
банк көзқарасы сақталуда. 1998 жылдың соңына
қарай, бірінші топқа енгізілген банктер
капитал жетекшілігі, активтер сапасы
және тараптануы, менежмент деңгейі, бухгалтерлік
есеп, ақпарат беру және қорғау жағынан
халықаралық стандартқа сәйкестігіне
жетуі тиіс. Банк саласын сауықтандыру
мақсатында екінші деңгейлі банктерде
ішкі бақылау жүйесі енгізілді. Банкпен
берілген ақпарат шындығын және баланс
мөлдірлігін арттыру үшін банктерді шот
есептің жаңа жоспары бойынша мәліметтерді
автоматтандырылған өңдеуге көшіру жоспарланады.
І. Банк және банк жүйесі: қалыптасуы және эволюциясы
1.1. Банктің мәні және пайда болуы
Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқықтық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және Ресейде бұл үрдіс тым жылдам жүріп жатыр (Гарегин Тосунян. Банковское дело и банковское законодательство в России: опыт, проблемы, перспективы. М.: «Дело ЛТД», 1995, 12-бет). Алайда банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибе ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан инновациялар ағымын басқару аса қиын. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.
1987
жылға дейін банк жүйесі үш монополист
— банкті қамтыды;
Нарыққа өту жағдайында экономиканы басқаруды орталықсыздандыру экономиканы басқару механизміндегі банк жүйесінің рөлін өзгертуді талап етті. Оны қайта ұйымдастыру 1987 жылғы КПСС ОК және КСРО Министрлер кабинетінің 1987 жылғы 17 шілдедегі № 82110 қаулысы қабылдауымен басталды. Банк жүйесінің ұйымдық құрылымын өзгерту, банктердің рөлін арттыру, олардың халық шаруашылығының дамуына ықпалын күшейту, несиені әсерлі экономикалық тетікке айналдыру көзделді.
1988 жылғы 26 мамырда қабылданған КСРО-ның «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы ерекше маңызды болды. (Бұл да сонда 124-бет). «КСРО-дағы кооперация туралы» заңды, оның елде басталған экономикалық қайта құрулары, оның ішінде, банк жүйесін реформалауды тереңдетудегі рөлі тұрғысынан бағалай отырып, мынаны атап өткеніміз жөн.
Кеңес билігінің бүкіл тарихы бойына жаңа экономикалық саясаттан кейін алғаш рет заң жүзінде жеке тұлғаның еңбек аясындағы еркіндік дәрежесі айтарлықтай кеңейтілді. Енді заң азаматтарға, олардың қалауы және қабілеттілігіне сәйкес кооперативтерге бірігуге және заңмен тыйым салынғандардан басқа қызметтің кез келген түрлері мен айналысу үшін кедергісіз шығуға рұқсат берді. (Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет). Мұнымен қатар заң мемлекеттік және кооперативтік органдарға кооперативтің шаруашылық қызметіне араласуға қатаң тыйым салынады, осылайша, кооперативке өндірісті жоспарлау және оны жүзеге асырудан бастап, өндірілген өнімді бөлу және сату және кооператив мүшелерінің еңбегін төлеу мәселелерін шешу арқылы көрініс тапқан толық шаруашылық дербестік берілді (Бұл да сонда 23-бап, 5-тармақ).
Осымен бір мезгілде заң азаматтарға берілген құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың әсерлі механизмін де қарастырды. Атап айтқанда кооперативтік меншікті және кооперативтердің сәтті қызмет етуінің жағдайларын нығайту және дамытудың заңдық кепілдіктері көзделді. Осы жағдайлардың қатарына елде кооперативтік банктерді құру туралы мәселені заң деңгейінде шешуде жатқызылады.
Заңның 23-бабына сәйкес, «кооперативтердің одақтары (бірлестіктері) шаруашылық-есептік салалық немесе аумақтық кооперативтік банктер құруға құқылы болды».
Сонымен қатар осы заңның бірқатар ережелері, әсіресе кооперативті банктерді және жалпы кооперативтерді құруға қатысты ережелері жедел жүзеге аса бастады және КСРО-дағы мемлекеттік емес банктер жүйесінің қалыптасуына және мемлекеттің банк қызметіне қатысты монополиясын жоюға бастау болды.
Осының
барлығы кәсіпорындар мен ұйымдардың,
олардың жоғарыдан
Осылайша, «КСРО-дағы кооперация туралы» заңының қабылдануы елде кооперативтік және коммерциялық банктердің туындауына мүмкіндік туғызса, ақша-несие қатынастары аясында жиналған проблемаларды шешудің күттірмес қажеттілігі бұл мүмкіндікті шындыққа айналдырады.
Уақыты брйынша соңғы болған, КСРО-ның мемлекеттік мамандандырылған банктерінің қызметін түбегейлі жақсартуға ұмтылыс 1989 жылдың басында жасалды. Ол кезде наурызда «КСРО-ның мемлекеттік мамандандырылған банктерін толық шаруашылық есепке және өз-өзін қаржыландыруға еткізу туралы» үкіметтік қаулы қабылданды. (Е.В.Осипов-мл научный сотрудник НИЦентра частного права Каз ГУЮ: Понятие банка и банковской деятельности в Республике Казахстан. Юрист справочная система. Юрист 4,0).
Сонымен қалыптасып жатқан, нарықтық қатынастарға бара-бар ақша — несиелік реттеу жүйесін қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік банктің мәртебесі мен оның ел экономикасындағы рөлі өзгертілді.
1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы
Біздің республикамыздың банк жүйесінің қалыптасу проблемасына толығырақ тоқталайық. Қаржы нарығының (ақша нарығы) қызмет атқаруынын ажырамас құрамдас бөлігі меншік иелерінің жинақ салымдары болып табылады: заңды және жеке тұлғалар және дамыған банк жүйесі. Басқа қаржы делдалдарымен қатар банктер тұрғындар жинақ қаражаттары, оларды ұтымды пайдалану әдістерін табатын қарыз алушы фирмалар және кәсіпорындарға бағыттайды.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарық шаруашылығы жағдайында көптеген жинақ салымдары жеке тұлғалармен жүргізіледі де, ал шығындар негізінен кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Капитал өндіріс қорлары бір саладан екіншісіне ауыса алмайды. Меншік иелері жинақтарынын қарыз алушыларға тікелей ауысуы тіке және жанама қаржыландыру әдісімен жүзеге асырылады. Тіке қаржыландыру бұл фирманың ақша қаражаттарын алып орнына инвестициялық жүзеге асыру үшін осы фирма меншігіне үлестік қатысу құқын беру, мүліктерін иелену, билік ету және баскару құқын жаңа ережелер дайындау.