Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:
Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

      Мерзімді депозиттік және жинақ  сертификаттары мерзімінен бұрын  төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Екінші деңгейлі банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігін, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

      Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарынан ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсуі ықпал етуде.

      Осындай жағдайда, екінші деңгейлі банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттары жинақтауда, екінші деңгейлі банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында екінші деңгейлі банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

  1. депозиттік  ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  2. депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  3. депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  4. салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

      Қазақстандағы банктік секторының  тартылған қаражаттар құрылысы  бойынша көрсеткішін 3-кестеден  көруге болады.

      Кесте көрсеткіші бойынша, соңғы  екі жыл ішінде тартылған қаражаттар үлесінің 80 % - ға жуығы депозиттер мен банкаралық несие үлесінде болмақ. Банкаралық несие көрсеткіші 2001 ж. 49,3 млрд тенгеден 2005ж. 576,8 млрд тенгеге дейін өсті.

      Екінші деңгейлі банктерінің  депозиттік міндеттеме портвелі бойынша құрылысының көрсеткіші  4- кестеде қарастырлған. Кесте бойынша, 2001-2005 жылдар аралығында заңды тұлғалардың депозиттеріндегі тұтас депозиттер үлесі  61  %-дан 76,3 %- ға дейін өсті. Екінші деңгейлі банктердің тартылған депозиттер түрлері өзгерді. 4- кесте де көрсетіліп тұрғандай, соңғы екі жылда жеке тұлғалардың депозиттері – 33,2 % -ға, заңды тұлғалардың депозиттері – 66 %-ға өсті, және барлық депозиттер сомасында   депозиттердің тұтас салмағы шетел валютасында 2004 ж. 

57,8% -дан, 2005 ж. 62,7 %-ға дейін, сонымен қатар жеке тұлғалардың депозиттері – 42,9 % –дан, 47,6 %-ға дейін, заңды тұлғалардың депозиттері – 62,4 %-дан , 67,4 %-ға дейін өсті.

      Депозиттік емес  тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен  тартылатын қаражаттары.

      Депозиттік емес банктік ресурс  көздері мен депозиттер өзара  ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық  емес, яғни банктің нақты клиенттің  атынан тартылмайды; екіншіден,  мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

      Депозиттік операциялар тартылған  ресурстарымен көбіне ірі екінші  деңгейлі банктер айналысады. Өйткені,  депозиттік емес қаражаттар ірі  сомада сатып алынатындықтан  да, оларды көтерме сипатына жатқызуға болады.

      Банк депозиттік емес ресурстары, банктің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау мақсатында тартылады.  Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық  банктің несиелері, банктердің  меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау, нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

      Банкаралық несие – бұл екінші деңгейлі банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспонденттік шотындағы қаражат қалдықтары.

      Депозиттік емес қаражаттардың  бір түріне Ұлттық банктің  екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір тұндік) және күндізгі заемдар.

      Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

      Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие. 

2.3. Инвестициялық  операциялардың үлесі 

      Банк қызметіндегі инвестициялаудың  өзіндік ерекшелігі бар. Кең  мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

     Ал, тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

      Сонымен қатар, банктік инвестициялау  банктің негізгі капиталға жұмсаған  қаражаттары  деп түсінуге  болады.

      Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

      Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

      Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

  1. Инвестициялық саясаттың басты міндеті;
  2. Баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;
  3. Инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
  4. Инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
  5. Бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің

         тиімділігі;

  1. Инвестициялар портфелінің диферсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
  2. Портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
  3. Пайдалар мен зияндардың есебі;
  4. Компьютерлік қамтамасыздандыру бағдарламалары.

      Банктердің инвестициялық қызметі  жаңа бағалы қағаздарға қаражат  орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай  бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

      Бағалы қағаздар бизнесіндегі  андеррайтинг – бұл бағалы  қағаздарды сатудан ешқандай  да төменгі ақшалай қаражаттың  келіп түспейтіндігі туралы эмитентке  кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

      Банктердің инвестициялық операциясы  бағалы қағаздармен жасалатын  операцияларды сипаттайды. Банктің  инвестициялық операция жүргізетін  бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық және кепілдік куәліктер).

      Қор бағалы  қағаздардың өзін  екі топқа бөледі:

  1. мемлекеттің бағалы қағаздары;
  2. мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.

      Мемлекеттің бағалы қағаздары  табыстылығына қарай үш түрге  бөлінеді:

  1. Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнын төменгі бағамен) сатылп, номиналдық құны бойынша өтеледі.
  2. Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.
  3. Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әекелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор – банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

      Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейлі банктердің инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің  басым бөлігі мемлекеттің бағалы  қағаздарға жұмсалып отырғаны  жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады және олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

      Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастырса болады. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  1. Акциялар;
  2. Облигациялар;
  3. Депозиттік және жинақ сертификаттары;
  4. Ипотекалық куәліктер;
  5. Депозитарлық қолхаттар.

      Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі де болса дами қойған жоқ.

      Акция – бұл акционерлік қоғамның  жарғылық капиталына үлес қосқандығын  куәландыратын және басқару ісіне  қатысуға құқығын беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

      Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына  байланысты  жай және артықшылықты  акциялар болып бөлінеді. Акциялар  шығару формасына қарай: құжатты  (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы) түрінде ажыратылады.

      Облигация – оның иесінің ақшалай  қаражат салғандығын куәландыратын  және эмитенттің осы қаражат  сомасы (номиналдық құны) мен пайызды  қайтарып беру туралы міндеттемесін  растайтын бағалы қағаз.

       Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. Купондық облигация – инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
  2. Дисконттық облигация – инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

      
 
 
 
 
 
 

Қосымша №1 

1 – кесте

ЕДБ – рдегі банктік  ресурстар құрамының  өзгертулері мен  динамикасы

                                                                                                                    (млрд тенге)

Ресурстар 01.01.02 01.01.03 01.01.04 01.01.05 01.01.06
сомасы % сомасы % сомасы % сомасы % сомасы %
1 Меншікті  капитал (реттегіш) 122,3 15 161,2 14 233,6 13,5 346,8 12,5 587,2 12,6
2 Міндетте-мелердің  жинақ портфелі 686,0 85 1010,4 86 1491,3 86,5 2418,6 87,5 4073,4 87,4
3 Барлығы 808,3 100 1171,6 100 1724,9 100 2765,4 100 4660,6 100

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы