Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:
Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

      АҚШ-тың жинақ ақша банктерінде  70-ші жылдары салымшыға мерзімді  салым ақша бойынша төленетін  пайызға қарағанда ең жоғары  пайызды  алуына кепілдік беретін  жинақ ақша шоты кеңінен тарады және өндіріп алу турасындағы айналымдағы бұйрық ретінде болатын чекке ұқсас төлем міндеттемесін қою  арқылы шотты есеп айырысу шоты ретінде қатар пайдаланудың мүмкіндігі де кеңінен тарады (negotiable order of withdrawal – Now). Нау-шоты атауын иеленген бұл шот проценті төленетін ағымдағы смета болып табылады.

      Одан ары АҚШ-тың екінші деңгейлі  банктері өздерінің іс-тәжірибесіне  клиенттерге өте қолайлы қызмет  түрін – жинақ ақша шотындағы  қаражатты ағымдағы шотқа (ең  аз шамадағы ақша қалдығын ағымдағы шотта ұстау, төлемдерді төлеу, овердрафты өтеу мақсаттарында) кедергісіз аударуға, сондай-ақ, қаражатқа деген ағымдағы қажеттіліктен асып түсетін соманы жинақ  ақша салымына қайтаруға мүмкіндік беретін САПС-ты (automatic transfer gervice – ATS) енгізді. Ағымдағы және жинақ ақша шотындағы баланстың сақталуына және  осыған орай, қаражат салымынан ең жоғары шамадағы табыстың алынуына мүмкіндік беретін, яғни, клиент үшін ең қолайлы тәсіл осылайша қамтамасыз етіледі.

      НАУ және САПС шоттарына ұқсас шотты, отандық екінші деңгейлі банктер, жеке және заңды тұлғалардың шотына қызмет көрсету процесінде пайдаланады. Бұл арада жинақ ақша шотынан аударымдарды аудару барысында жинақ ақша шоты бойынша ең аз шамада ұйғарылатын қалдықтың мөлшерін белгілеу мақсатқа лайықты болады.

      Депозиттік және жинақ ақша  сертификаттары – мерзімді салым  ақшаның әр түрі.

      Сертификат – бұл эмитент банктің ақшалай қаражаттың салымы туралы салымшының құқығын немесе заңды мирасқорының белгіленген мерзімі аяқталғанда салымшының салым ақша сомасын және ол бойынша есептелген пайызды  алуына мүмкіндік беретін құқықты айғақтайтын жазбаша куәлігі.

      Депозиттік және жинақ ақша  сертификаттарынан басқа салымшылардың  категорияларына қарай сертификатты  мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

  1. шығару тәсілі бойынша – бір жолғы тәртіппен немесе сериямен шығарылатын;
  2. рәсімделуіне қарай – атаулы, ұсынылмалы, айналыс мерзімі бойынша, мерзімді, талап етілмелі.

      Егер депозитті немесе салым  ақшаны алудың мерзімі ұзартылса, онда мұндай сертификат талап етілмелі құжат ретінде саналады және банк оны иесінің алғашқы талап етуі бойынша төлеуі керек. Банк мерзімді сертификатты сертификаттың сомасын және оның азайтылған мөлшерлемесі бойынша процентті мерзімінен бұрын төлеудің мүмкіндіктерін қарастырады;

  1. төлеу шарты бойынша: белгілі бір есеп айырысу кезеңі біткенше процент жүйелі түрде (дәйекті) төленеді; сертификаттың өтелетін күнінде процент төленеді.

      Сертификатты өтеу үш тәсілмен  жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. жаңа сертификаттарды шығару;
  2. басқа салым ақша түріне немесе талап етілмелі шотқа қолма-қол ақшасыз аудару;
  3. қолма-қол ақшамен (жеке тұлғалар үшін).

      Сертификаттарды шығаратын банктер  оны шығарудың шартын және  оны айналысқа енгізудің шартын  дербес анықтайды. Өз сертификаттарын шығарылған шартымен тиімді орналастыру үшін банктер мыналарды назарға алуы қажет:

  1. инвесторға процент мөлшерлемесінің деңгейі тартымды болуы керек;
  2. салымшыға сертификаттың ең аз шамадағы шегі қолайлы болуы керек;
  3. проценттік мөлшерлемелерді қарастыратын тетік икемді болуы керек;
  4. шығарудың шарты стандартты (еселік атаулы құн, шығарылатын және өтелетін күндері қолайлы) болуы керек;
  5. атаулы құн төлемі үшін және проценттерді есептеу үшін берілетін кепілдеме сенімді болуы керек;
  6. сатып алушылар сертификаттың қандай шартпен шығарылғаны туралы ақпаратпен таныс болуы керек, яғни, ауқымды жарнама жүргізілуі қажет;
  7. жай депозит келісім-шартпен рәсімделген мерзімді салым ақшаға қарағанда сертификаттың артықшылықтары көп:
    1. сертификаттарды тарататын және айналысқа түсіретін қаржы делдалдарының көптігіне қарай инвесторлардың да қатары артып келеді;
    1. сертификатты қайталама нарықта иесі басқа тұлғаға оны (сертификатты) сақтағаны үшін біршама табысты алумен және мұнда банк ресурсының мөлшерін өзгертпей мерзімінен бұрын  сатуы мүмкін, сонымен бірге иесі мерзімді салым ақшаны мерзімінен бұрын алатын болса, бұл табыстың ысырапқа ұшырағанын, ал банк үшін – ресурстарының бір бөлігінен айырылғанын білдіреді;
    2. депозиттік сертификаттың иесі салық салынғанда өз табысының азғантай үлесінен айырылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II – БӨЛІМ. Банктің  ресурстарының қалыптастыру  сипаты

2.1. Банктің  меншікті капиталы

      Екінші деңгейлі банктердің меншікті  капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын  кәсіпорындар және ұйымдарға  қарағанда өзіндік еркшеліктерге ие.

      Банктің меншікті капиталы банктің  тұрақтылығын қамтамасыз етуде  маңызды роль атқарады. Банктің  бастапқы құрылуы барысында   меншікті капитал көмегімен банк  қызметіне байланысты алғашқы  шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті  капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

      Меншікті және тартылған екінші  деңгейлі банк ресурстары Ұлттық  банкте ашылатын корреспонденттік  шотта көрсетіледі. Бұл активтік  шот, сондықтан да дебеті бойынша  ресурстар, ал кредиті бойынша  несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір екінші деңгейлі банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

      Банктің меншікті  капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне

байланысты  және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

      Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

      Сонымен, қазіргі екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталы мынадай баптарды құрайды:

  1. жарғылық капитал;
  2. резервтік капитал;
  3. қосымша капитал;
  4. банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
  5. бөлінбеген банк пайдасы.

      Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

      Қазақстанда екінші деңгейлі  банктер төмендегідей екі ұйымдық  формаларда құрыла алады:

  1. акционерлік банк формасында;
  2. пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

      Пай қосу арқылы құрылған банктің  жарғылық капиталы құрылтайшылық  құжатта мөлшері анықталған пайшыларының  жарнасынан құралып, олар қосқан  жарналары көлемінде жауапты  болып саналады. Мұндай банктердің  жарғылық капиталын ұлғайту, тек  қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары  және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

      Меншікті капиталдың құрамдас  бөлігі – акционерлік капитал.  Бағалы қағаз (акция) шығару  есебінен құрылған банктің жарғылық  капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивидендт алуға және банкті басқару  ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

      Акционерлік капиталдың құрылымы  әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

  1. меншікті акционерлік капитал, яғни  бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
  2. банктік резервтер, яғни алдағы  уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
  3. банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

      Банктің жай акциясын иеленушілер,  банктің таза табысынан дивидент  алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің  жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.

      Банктің артықшылығы бар акцияларын  иеленушілер тұрақты пайыз түрінде  табыс алып отыруға, бірініші  кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

      Сонымен қатар, банктер қаражат  тарту мақсатында облигацияларды  шығарады.

      Жалпы, банктің акционерлік капиталының  құралуы төмендегідей кезеңдерден  тұрады:

  1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
  2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
  3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
  4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін  тіркеу.

      Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарады:

      - банктің акционерлік формада құру;

      - банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

      Банктің меншікті қаражатының  келесі түріне резервтік қор  жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

      Сондай-ақ, резервтік қор банктің  тұрақты қызмет етуін қамтамасыз  етеді. Резервтік қордың шамасы  заңды түрде жарғылық капиталға  белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

      Қосымша қорлар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

      Арнайы қорлар –  негізгі қорларды қайта бағалау негізінде,  валюталық

 қаражаттарды  қайта бағалау қоры, яғни  ұлттық  валюта мен шетел валюталары  арасындағы айырма нәтижесінде  құрылады. Валюталық қаражаттарды  қайта бағалау қоры шетел валютасында  жарғылық капиталды қалыптастыру  барысында маңызды.

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы