Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:
Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

      Келесі қорға жекелеген банктік  операциялар бойынша тәуекелді  төмендету мақсатында құрылатын  арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

      Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

     Банктің меншікті капиталын ұлғайту  жолдарына мыналар жатады:

    1. банк пайдасы;
    2. акциялар шығару;
    3. құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
    4. облигациялар шығару жатады.

      Банктік капитал банктің дербестігін  қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық  тұрақтылығына кепіл болады және  банктің басынан кешетін әр  алуан тәуекелдердің зардаптарын  ретке келтіретін басты көзі  болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады: қорғаныс, шұғыл, реттегіштік, айналым, резервтік қызметтерін.

      Банктің меншікті капиталының  қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

      Банк капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

      Банк капиталының шұғыл қызметі – қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі, жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.

      Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызмет атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.

      Банктің меншікті капиталына  қатысты ережелер, оның ең төменгі  мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

      Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы  қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

      Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

      Банктердің төлем ресурстарының  мүмкін болар тапшылығына байланысты  міндетті түрде құрайтын резервтер  сияқты, активтік операциялары болатын  тәуекелдердің орнын толтыру  үшін арнайы меншікті капитал  резервін құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

      Банктің капиталының резервтік  қызметі тәуекел активтердің  болуына байланыссыз, банк капиталының  тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

      Банктің меншікті қаражаты әдетте  қаржылық ресурстың қажетті мөлшердегі  үлесін ғана жабады.

      Меншікті капитал банктің ресурстарының  негізіне қызмет етеді. Меншікті  капиталдың үш мөлшерін айтуға  болады: нарықтық, баланстық, регулятивтік. Нарықтық мөлшер – бұл банкті сатып алу үшін потенциалды инвесторды төлеуге арналған құн. Баланстық мөлшер – бұл банк балансының көрсеткішіндегі капитал мөлшері. Регулятивті меншікті капитал – уәкіл етілген реттеуші (қадағалаушы) органның әдістемесі бойынша анықталатын мөлшері. Бұл мөлшерлер абсалютті мағынада сәйкес келмеуі де мүмкін. Меншікті капитал мөлшері ерекше реттегіштік мағына береді. Ең төменгі капитал активтер портфелімен негізгі қызметтің сапа төмендеуіндегі зияндарын жоюға тиісті. Банк капиталы, осындай әдіспен банктік шығындарды жабуға және нәтижесінде банк салымшыларын қорғауға көмектеседі. Банк қызметкерлері және реттеуші органдар банктік капитал стандарттары туралы пікірде болады. Банктер ең кіші мөлшерлі капитал арқылы жетістіктерге жетуді  қалайды. Реттеуші органдар жүйе бүтінінде және жекеше банктердің қаражаттық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы меншікті капитал мөлшеріне және құрылымына жоғарғы жеткіліктілікті талаптылығын көрсетеді. Банк толықтай қаражатталынған ба, жоқ па, ол активтер портфелінің сапасына және де менеджменттік қызметтерге байланысты болып келеді.

      Жоғарыда айтылып кеткендей, екінші  деңгейлі банктердің меншікті  қаражаттарының элементтеріне мыналар  кіреді: төленген жарғылық капитал,  резервтер, өткен жылдың кіріс шоты бойынша жинақ, эмиссиялық табыс, қосымша капитал, қайта бағалау кезіндегі мүліктің өсуінен құрылған пайдасы, субординарлық міндеті. Меншікті капиталдың барлық компоненттері бірдей қорғау қасиеттеріне ие бола бермейді. Базельдік тәсілдерде негізделген дүниежүзілік реттегіштік тәжірибеде  капиталды өлшеумен анализ конвергенциясында банктің негізгі капиталын және қосымша капиталын белгілейді. Жинақ сипаттамасына және үлкен дәрежедегі қорғау қасиеттеріне жауап беретін негізгі капитал көздеріне мыналар кіреді: жарғылық капитал, қорлар, өткен жылдың таза табысы бойынша кіріс шоты, тартылмаған пайда.

      Орталық қадағалаушы органдар  меншікті капиталдың барабарлық  деңгейі және айқын абсолюттік  мағына тіреуі болғанын талап  етеді. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша меншікті капиталдың үлесі барлық банктік ресурстардың

10 % - нан 12 % - на дейінгі, ал тартылған  қаражаттары – 88 % - нан 90 % - на  дейінгі үлесін  құрайды. Бірақ  жеке банктерге немесе банктік  топтарға мұндай арақатынас маңызды  амплитудамен ажыратуға болады.

      Меншікті капиталдың жеткіліктілігі қаражаттық тұрақтылық пен банк сенімділігін анықтайды және екі көрсеткіш бойынша сипатталады. Негізгі жалпы түрде бұл көрсеткіштер меншікті капиталдың арақатынасы сияқты есеп айырысады, біріншіден, активтердің сомасына (k1), екіншіден, тәуекел дәрежесімен өлшенген активтер сомасына (k2), яғни банк  банктік қызметте өзінің белгіленген капитал сомасынан банктік тәуекелдікті жапқан кезде ғана ол толықтай жеткілікті  қаржыландырылған  болып есептеледі. Капиталдың жеткіліктілігі мен деңгейлілігі табысты операциялардың көлемін кеңейтудегі банктің мүмкіншіліктерін анықтайды.

     Меншікті капиталдың құрылысы (реттегіштік  деңгейі) 3 деңгейде қарастырылады:

     Бірінші деңгейлі капитал  құрамына: сатып алынған акциялар үлесіндегі төленген жарғылық қор; қосымша қор; өткен жылдың таратылмаған таза пайдасы; өткен жылдың таза пайдасынан ұйымдасқан қорлар мен резервтер және қаржылық мерзімсіз құралдыр жатады.

     Екінші деңгейлі капитал құрамына:  ағымды жылдың шығындары үлесіне есептелген ағымды жылдық пайдасының көтерме сомасы; негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау құны; бірінші деңгейлі капитал есебіне есептелмеген төленген қаржылық мерзімсіз құралдар, банктің өзінің субординарлық міндеттеме үлесіне есептелген бірінші деңгей капитал құнынан 50 % аспайтын субординарлық міндеттеме жатады.

     Үшінші деңгейлі  капитал: ол өшіргенге дейінгі екі жыл көлеміндегі алғашқы мерзімі бар  үшінші деңгейлі субординарлық міндеттемені ұсынады. 

    Ұлттық тәжірибе мінездеме негізінде екінші деңгейлі банктер капиталдарының жеткіліктілігі мына көрсеткіштерді ұсынады: k1 – 0,06 мөлшерінен аспауы тиіс. k2 – 0,12 мөлшерінен аспауы тиіс. Банк үшін, яғни банктік холдингтің қатысушы негізінде оның меншікті капиталының жеткіліктілік k1 коэфициенті, әрқашанда 0,05 мөлшерінен кем болмауы тиіс.

       Қазақстандағы екінші деңгейлі  банктердің  меншікті капиталы  мен тартылған қаражаттары арасындағы  арақатынасы бойынша өзгертулері  мен динамикасы  1- кестеде көрсетілген.

      1 – кесте көрсеткіші бойынша, екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының жинақ мөлшері бес жылдың ішінде, яғни 2002 ж. 122,3 млрд тенгеден 2006 ж. 587,2 млрд тенгеге дейін өсті.

      Сонымен қатар, жинақталған банк  ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттардың салыстырмалы салмағының үздіксіз тенденциясы белгіленеді. 2003 жылдан бастап,  банктердің меншікті капиталдарының жыл сайынғы өсу деңгейі, абсолюттік сандарда Қазақстан Республикасындағы банктік секторының даму тарихы бойынша ең үлкен көрсеткішті берді. Банк секторының қаржылану деңгейі толығымен жеткілікті болып жалғасуына қарамастан, 2003 жылдың (Қазақстанның даму банкісі бойынша берілген есебінсіз) меншікті капиталының активтерге деген қарым-қатынасы алдыңғы үш жылда 0,18 – ден 0,13 – ке дейін түсіп кетті. Көптеген Қазақстандық банктер капитал барбарлығының көрсеткіші бойынша бекітілген норматив шегінде орналасқан, және меншікті капиталды анағұрлым көбірек биік екпіні бойынша өсіру қажеттілігі, олар үшін басты мәселе болмақ. Банктер жарғылық капиталының, жиналған табыстар және субардинарлық міндеттемелерінің артуының нәтижесі негізінде өзінің меншікті капиталын жетілдіре алады. Бірақ, банктік секторының жарғылық капиталды жетілдірудегі мүмкіншіліктері үшін жеткілікті шек қойылған. Мұндай жағдайда банктерге негізгі ставка ағымды пайданың артуына және субардинарлық міндеттемелерге байланысты қойылады. Субардинарлық міндеттемелердің есебінде капиталды өсіруге не қатысатынын айта кетсек, ендеше, біріншіден, капитал құрылымындағы олардың үлесі бірінші деңгейлі капитал мөлшерімен шектеледі. Банктің меншікті капиталына қосылған банктің субардинарлық міндеттемесінің көлемі, бірінші деңгейлі капиталының жарты мөлшерінен аспайтын сома есебімен шектелген. Дәл осы шақта тұтас меншікті капиталда мұндай міндеттеме үлесі шамадан тыс, ал оның екінші деңгейлі капиталдағы ара салмағы 40 % үлесіндегі  шамасын құрайды. Екіншіден, субардинарлық міндеттемелерді мерзімі өткен кезде қайтаруға тура келеді.

      Сондықтанда, банктің қаражаттандыру  деңгейін өсіру мақсаттарында банктік кірісті көтеру міндеті өте актуальді түрде болмақ, бірақ сонымен қатар оның өзекті мәселелері де жеткілікті. Бір жағынан, кірістілікті көтеру мақсатында банк мүмкіншіліктері күшейтілген бәсекелерде және пайыздық ставкалар міндеттемелерінің түсуінде табыстылықтың төмендеуімен шектеледі, ал екінші жағынан банктік жүйеде тәуекелдіктер туындайды. Несиелік белсенділіктің жоғары дәрежесі топтастырылған активтер бойынша мүмкіндік шығындарға арналған резервтерді құрудағы шығындардың жоғарлап кетуіне және активтер тәуекелдіктерінің көтерілуіне әкеліп соқтырады.

      Қазақстандағы екінші деңгейлі  банктердің меншікті жинақталған  қаражаттары бес жылдың ішінде 5 есе жоғарлады. Тек қана  2005 жылы оның мөлшері 240 млрд тенгеге  өсті, немесе 69 % болды.

      Әрбір  екінші деңгейлі банктердің   қаражаттану дәрежесі  қабылданған 

стратегиялары мен банктік қызметтің өсу  қарқынының тәсілдері негізінде  өздігінен анықталады.

      Егер банктер сыртқы және ішкі  нарықта қатал бәсекелестік күрестерде  өз алдына банктік қызметті  кеңейту мәселесін жоспарлаған  болса, онда, әрине оның меншікті  ресурстары көтеріледі. Өз кезегінде  банктің меншікті ресурстарының  жоғары дәрежесі оның өзінің бәсекелестік позициясын және ішкі, сонымен қатар мемлекетаралық нарықтағы несиенің алар орнын анықтайды.

      Қазақстан Республикасындағы екінші  деңгейлі банктердің меншікті  қаражаттарының құрылысы тұтас  активтер портфелінің өсу құрамына  қарай жыл сайын өзгеруде. Бұл көрсеткіштерді 2- кесте көрсеткіштері негізінде байқауға болады.

 

2.2. Банктің  тартылған қаражаттары және депозиттері

      Банк ресурстарының құрылымында  тартылған қаражаттар үлесі меншікті  қаражаттармен салыстырғанда өте  жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

      Нарықтық қатынастардың дамуына  байланысты, сондай-ақ ескі банктік  жүйе үшін  уақытша бос ақшалай  қаражаттарды тартудың дәстүрлі  емес тәсілдерінің болуы, тартылатын  қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

      Банктік тәжірибеде барлық тартылатын  қаражаттарды жинақтау

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы