Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:
Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

         Осылайша, лоро-шоты және ностро-шоты бойынша несие сальдосы банк балансында оның (банктің) иелігіне корреспондент банктен кеп түскен ресурстарды бейнелейді.

      Клиент пен банк арасындағы  келісімде қарастырылған қысқа  мерзімді несие (овердрафт) формасы  ретінде болатын шот бойынша  дебет сальдосы мен шот иесінің шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыс ретінде болатын клиенттің төлем тәртіптерін бұзуы, міндеттемелерді орындамауы және т.б. салдарынан пайда болатын шот бойынша дебет сальдосын (жағымсыз сальдо) бір-бірінен ажырата білу керек. Соңғы жағдайда банк клиентке қатаң санкция қолданады – атап айтқанда, дебет сальдосы бойынша өсім-ақы, айып-пұл өндіріп алады немесе бұл соманы жоғары пайызды өндіріп алумен мерзімі ұзартылған ссуданың есебіне жатқызады; шот бойынша төлемдерді тоқтатып, барлық түсімдерді банк алдында пайда болған берешектерді өтеу үшін клиенттің шотына бағыттайды және т.б. Банктің мұндай қадамға баруын ақтауға болады, өйткені, ол мұндай қадамға бармаса өзінің өтімділігі мен төлем қабілетіне қауіп төнеді.

      Көптеген екінші деңгейлі банктерде кездесетін талап етілмелі салым ақшаның тартылған қаражат құрылымындағы үлес салмағы жоғары. Бұл, әдетте, банк ресурсын қалыптастырудың ең арзан көзі. Талап етілмелі шоттардағы қаражаттың қалдығы тұрақты түрде жұмылдырылмайды, кейде шектен тыс өзгермелі болады. Қаражатын кез келген сәтте алуға құқығы бар шот иесінің мұндай мүмкіндігі банк айналымында өтімділігі жоғары активтердің (кассада, корреспонденттік шотта қаражат қалдығының) болуын қажет етеді. Өтімділігі жоғары активтер банк айналымында өтімділігі төмен, алайда жоғары табыс әкелетін активтердің үлесін кемітудің есебінен болады.

      Осы себептерге байланысты банк  талап етілмелі шоттағы қалдық  бойынша оның (шоттың) иесіне пайызды  аз төлейді немесе мүлдем төлемейді.  Алайда, талап етілмелі шоттағы қаражат қозғалысының жоғары

болуына қарамастан қалдықты кемітпей-ақ оның ең аз шамадағы деңгейін анықтауға  әрі оны тұрақты несие ресурсы  ретінде пайдалануға болады.

      «Мерзімді» депозит шотына аударуға (банкке қаражатын орналастырған  клиенттің табысын арттыру және банктердің несиеге беретін тұрақты ресурстарын қалыптастыру мақсатында болатын талап етілмелі шоттағы қаражат үлесінің есеп айырысуы мына формула бойынша жүргізіледі:

А =

, 

мұндағы   А  -     депозиттік шотқа  аударылуы мүмкін есеп айырысу және     

                             ағымдағы шоттарда жыл бойы  сақталған қаражаттың 

                             үлесі;

            О орт. -   есеп айырысу және  ағымдық шоттардағы қаражаттың  бір 

                            жыл ішіндегі орташа қалдығы;

           О нес.  -    ағымдағы және есеп айырысу шоты бойынша бір жылдың

                             ішіндегі несиенің айналымы.

      Мерзімді салым ақша – бұл банктің белгілі бір мерзімге тартқан депозиті. Өзіндік мерзімді салым ақша мен алдын ала хабардар етілетін мерзімді салым ақша бөліп көрсетіледі.

      Өзіндік мерзімді салым ақшада  қаражат банктің иелігіне келісім-шарт  бойынша белгілі бір мерзімге  және белгілі бір шарттармен  беріледі, ал оны мерзімі толған  соң иесі кез келген уақытта  өндіріп ала алады. Мерзімді салым ақша бойынша клиентке төленетін сый-ақының мөлшері депозиттің сомасына, мерзіміне және салымшының келісім-шарт шарттарын қалай орындағанына қарай белгіленеді. Салымшы салым ақшасын неғұрлым ұзақ мерзімге әрі көп сомаға салатын болса, оның сый-ақы мөлшері де соғұрлым жоғары болады. Қолданыстағы іс-тәжірибе мерзімді салым ақшаны 1, 3, 6, 9, 12 айға немесе одан да ұзақ мерзімге рәсімдеуді қарастырады. Мұндай детальдық градация (бірте-бірте) салымшыларды өз қаражатын ұтымды ұйымдастыруға және орналастыруға ынталандырады, сондай-ақ банктің өз

өтімділігін басқаруына жағдай жасайды.

      Алынатын мерзімі алдын ала  хабарланатын салым ақшада клиент  өз қаражатын келісім-шартта белгіленген  мерзімде (1-3, 3-6, 6-12 және одан да  көп айларға тең) өндіріп алатынын банкке алдын ала хабарлап қояды. Салым ақшаның пайыздық мөлшерлемесі алдын ала хабарланған мерзімге қарай анықталады.

      Мерзімді салым ақшаның сомасы  қомақты сомамен анықталады, әрі  келісім-шарттың әрекет ету мерзімі  ішінде өзгеріссіз қалады. Мерзімді салым ақша ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Егер салымшы  салым ақшаның сомасын өзгерткісі келсе, яғни, оны кеміткісі немесе көбейткісі келсе, онда ол қолданыстағы келісім-шартты бұзып, өз салым ақшасын алып, оны жаңа шарттарымен қайта рәсімдеуіне болады. Алайда, ол салым ақша бойынша қаражатын мерзімінен бұрын алатын болса, келісім-шартта қарастырылған проценттің бір бөлігінен немесе одан толық айырылуы мүмкін. Әдеттегіше, мұндай жағдайларда пайыздар талап етілмелі салым ақша бойынша төленетін пайыздық мөлшеріне дейін кеміп кетеді.

      Мерзімді салым ақшалар банк  басшысы мен клиенттің (салымшының) арасындағы келісім-шартпен рәсімделеді.  Банктер әрбір салым ақша бойынша  типтік сипаты болатын депозиттік  келісім-шарттың формасын дербес  әзірлейді. Келісім-шарт екі дана етіліп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі банктің несие немесе депозит бөлігінде (банкте бұл жұмыс кімге тапсырылғанына қарай) сақталады. Келісім-шартта салым ақшаның сомасы, оның (келісім-шарттың) әрекет ету мерзімі  біткеннен кейін салымшының алатын пайызы, салымшының міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен құқықтары, келісім-шартта айтылған шарттарды сақтаудағы тараптардың жауапкершілігі, дау-таласты шешудің тәртібі қарастырылады. Көптеген банктер өздерінің ұсақ, орташа немесе ірі клиенттеріне олардың деңгейіне қарай анықтайтын мерзімді салым ақшаның ең аз шамадағы мөлшерін    

белгілейді. Банк өз тарапынан келісім-шартта қарастырылған  барлық шарттарды уақытылы орындауға  міндеттенеді. Егер келісім-шарттағы шартты бұзатын болса, айталық, иесі қаражатын немесе ол бойынша пайызды уақытылы қайтармаса айып-пұл немесе өсім-ақы төлейді. Банк пен клиенттің арасында туындаған дау-талас төрелік сот тәртібімен шешіледі (егер салымшы жеке тұлға болатын болса).

      Мерзімді депозит пен талап етілмелі депозит арасындағы аралық жағдайға жинақ ақша салымы ие. Әдетте, бұл операцияны  жинақ ақша банкі жүзеге асыратын, бүгінгі таңда ресурстар үшін жүріп жатқан қатаң бәсекелестік күрес жағдайында бұл секторды екінші деңгейлі банктердің ссуда нарығы белсенді түрде игере бастады.

      Шетелдік іс-тәжірибе жинақ ақша  операциясын депозиттік операциядан  бөлек қарастырады: «Жинақ ақша  салымын айрықшалап көрсететін  ерекшелікке оның иесіне салым  ақшаның бар екендігін білдіретін  куәліктің, көбінесе – жинақ кітапшасының берілетіндігі жатады. Жинақ ақша депозиті ақшаны жинақтауға қызмет етеді. Бұл арада төлемдер шотына орналастырылған немесе белгілі бір мерзімге салынған ақша сомасы жинақ ақша салымына қатысты болмайды».

      Жоғарыда айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: жинақ ақша салымы ақшаны жинақтау мақсатында немесе ақшалай жинақты сақтау мақсатында  құрылады. Оның пайда болуы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады – ақшаны үнемдеу ақшаны белгілі бір мақсат үшін жинақтау мерзімді салым ақшадан түсетін табысқа қарағанда біршама төмен болса да, оның табыс деңгейі айтарлықтай жоғары болады. Отандық іс-тәжірибеде жинақ-ақша салымына ең алдымен халықпен жүзеге асырылатын операциялар, дәлірек айтсақ, тұрғындардың мерзімді жинақ ақша салымына және азаматтардың талап етілмелі шотына қатысты болады. Екінші деңгейлі банктер жинақ ақша банкісінің тәжірибесімен қаруланып клиентураға қызмет көрсетудің түрлерін көбейтті.

      Банктің балансында жинақ ақша  салымы мерзімді жинақ ақшадағы  баланс-шотта ескеріледі. Салым ақша мерзімді салым ақшаға ұқсас рәсімделеді немесе оның нақты салым ақша түрінің шартына қарай өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, талап етілмелі жинақ ақша шоты жинақ кітапшасы түрінде рәсімделуі мүмкін. Онда салым ақша бойынша барлық операциялар көрініс табады немесе келісім-шартқа сәйкес клиентке дербес шоттан жекелеген үзінді көшірме тұрақты түрде беріледі.

      Ресурстар үшін жүріп жатқан  бәсекелестік күресте банктердің  қолданатын маңызды құралына  әр түрлі пайыз саясаты жатады, өйткені салым қаражатынан алынатын табыс клиенттерді ынталандырады. Депозиттің пайыз мөлшерлемесін әрбір екінші деңгейлі банк ҚР Ұлттық банкінің есептік мөлшерлемесіне, ақша нарығының жағдайына бағдарланып әрі өздерінің депозиттік саясатына қарай дербес белгілейді. Депозиттік шоттың жекелеген түрлері бойынша табыстың шамасы салым ақшаның мерзіміне, сомасына, шоттың өзіндік ерекшелігіне, тиісті қызмет көрсетулердің сипатына ауқымына және клиенттің салым ақша шарттарын сақтауына қарай анықталады.

      Талап етілмелі шотты иесі ағымдағы операцияларды орындау үшін пайдаланады, бұл шот өзінде қалдықтың тұрақты түрде болмайтындығымен сипатталады және бұдан осы шот тобы табыстылығының аз болуымен айрықшаланады. Талап етілмелі шоттағы қаражаттың қалдығы бойынша ашсақ, заңды тұлғаларға пайыз мүлдем есептелмеуі мүмкін. Бұл жағдайда, әдетте, клиенттен кассалық есеп айырысу қызметі бойынша төлем алынбайды. Алайда, табыстың болмауы оның иесін талап етілмелі шотттағы қаражатын азайтып, артық соманы табысы көп салым түрлеріне (мерзімді салым ақшаға, құнды қағаздарға және т.б.) орналастыруға ынталандырады. Осы шот түрінен қаражаттың ағылуын (кетуін) болдырмау үшін көптеген банктер орташа хронологиялық кезеңдегі қаражаттың қалдығына (әдетте тоқсан сайын) аздаған пайыз есептейді. Кейбір банктер талап етілмелі шоттағы қалдықтың тұрақтылығы үшін шоттағы қаражаттың ең аз шамадағы қалдығына жоғары пайызды ұсыну арқылы немесе шоттағы қаражат қалдығын кемітпеуі үшін аса ірі сый-ақы төлеу жолымен клиенттерді ынталандырып отырады. Бірқатар банк қаражат қалдығының ең аз шамадағы мөлшеріне қарай пайыз мөлшерлемесін әр тараптандыра бастады.

      Жеке тұлғаларға ашылған талап  етілмелі шот бойынша пайыздар  іс жүзінде міндетті тәртіппен  белгіленді, алайда, ол бойынша табыс  мерзімді салым ақшаға қарағанда көп төмен болмақ.

      Мерзімді салым ақша бойынша  пайыздық мөлшерлемелердің мөлшерін  белгілеу кезіндегі анықтаушы  факторға қаражаттың қанша мерзімге  орналастырылғаны жатады: қаражат  неғұрлым ұзақ мерзімге орналастырылса, пайыздық мөлшерлеменің деңгейі соғұрлым жоғары белгіленеді.

      Банк салымшылардың қаражатын  тарту үшін есептеу мен пайызды  төлеудің әр түрлі тәсілдерін  пайдаланады. Олардың бірнешеуін  қарастырып көрейік.

      Табысты есептеудің дәстүрлі  түріне жай пайыз жатады: есеп  айырысудың негізгі ретінде салым ақшаның нақты қалдығын және белгіленген кезеңділігі пайдаланылады.

      Пайыз, келісім-шартында қарастырылғандарға  қарай салым ақша бойынша табыс  төленеді және есеп айырысу  жүзеге асырылады.

      Табысты есептеудің өзге түріне  күрделі пайыз жатады (пайызға пайыз қосу бойынша). Бұл жағдайда есеп айырысу кезеңі аяқталғанда салым ақшаның сомасына пайыз қосылады және алынған шама салым ақшаның сомасыман біріктіріледі (қосылады). Осылайша, келесі есеп айырысу кезеңінде пайыз мөлшерлемесі бұрын есептелген табыс базасының жаңа,

 өскен  сомасына қолданылады. Күрделі   пайыздарды табыстың нақты төлемі  салым ақшаның әрекет ету мерзімі  біткеннен кейін төленетін жағдайда  ғана пайдаланған дұрыс болады.

      Салымшыларға қаражаттың салымда болатын нақты уақытына қарай үдемелі түрде өсетін процент мөлшерлемелері тартымды болады. Табысты есептеудің  мұндай тәртібі салымшыларды өз қаражаттарын банкте неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға ынталандырады, әрі салым ақшаны инфляциядан қорғайды.

      Кейбір банктер инфляциялық ысыраптық  өтемақысы ретінде процентті  мерзімінен бұрын төлеп қояды.  Бұл жағдайда салымшы белгілі  бір мерзімге қаражатын орналастыру  барысында өзіне тиесілі табысты  сол сәтте (бірден) алады. Егер  келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылатын болса, банк салым ақша бойынша процентті қайта есептейді және артық төленген сома салым ақшаның сомасынан ұсталады.

      Салым қаражатын  тарту үшін  екінші деңгейлі банктер шетелдік  тәжірибені қосымша пайдаланады,  оның ішінде:

  1. халықтың қаражатын тарту бойынша әр түрлі бағдарламаларды әзірлеу; салымшылар мен клиенттерге кең ауқымды, оның ішінде, банк сипатындағы қызметті (мәселен, медициналық қызмет көрсетудің элементі ұшырасатын) көрсету;
  2. «тыныш» мақсатты жарнаманы (пошта,телефон арқылы) пайдалану;
  3. салым ақша мерзімі аяқталғанда сый-ақысы төленетін инвестиция сипатындағы салым ақша бойынша жоғары процент мөлшерлемесін пайдалану;
  4. тұрақты салымшыларға «банкке адалдығы үшін» сый-ақы төлеу;
  5. банк пен клиенттің экономикалық мүдделерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін НАУ және САПС сипаттарындағы аралас шотты пайдалану.

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы