Сонымен осы
бөлімді қорытындылай келе, қор
нарығын мемлекеттік реттеу-де
арнайы нормативтік құқықтық
актілер арқылы, нарық қатысушыларына
міндетті талаптар жиынтықтарын қолдану
арқылы, негізгі процедуралар мен нарыққа
қатынасушылар тарапынан қолданыста жүрген
заңдарды сақтауға мемлекет тарапынан
бақылау арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік
реттеу механизмдері болып, қор нарығын
дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге
асыру, кәсіпқой қатынасушылар мен клиенттер
үшін бағалы қағаздар нарығының қауіпсізігін
қамтамасыз ету болып табылады.
2.2 Қазақстан
Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының қалып-
тасуы
Бағалы
қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық
саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі
егемен Қазақстанда ба- ғалы қағаздар
нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы
заңдарының негізін де 90-жылдардың
басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы
қағаздар нарығы әдеттегі тауар ақша қатынастары
және меншік қа-тынастары жағдайында дамуы
мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру
арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта
дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру
жүрді. Әсіресе ол Англияда шапшаң қарқынмен
өтті. Бірақ Батыс елдерінде жекеменшіктендіру
өркендеген нарық экономикасы жағдайында
жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген
кәсіпорындардың акция саны қанша көп
болса да өркендеген нарық жағдайында
оларды орналастыру өте оңай болды. Ал
тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы
(ТМД) елдердің жайы өзгеше. Бұл елдерде
бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып
келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды
жекеменшіктендіру оларды акцияландыру
арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген
кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа
құбылыстар арқылы ғана нарыққа кең көлемде
қатынасуға мүмкіндік алады.
Қазақстан
Республикасының жоспарлы экономикадан
түбегйлі жаңа, нарық-тық, мемлекет
реттейтін экономикаға өтуі елімізде
қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз
ететін институттардың құрылуын талап
етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат.
Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде
иә қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы,
яғни жеке коммерциялық және инвестициялық
банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары
болған жоқ.
Нарықтық
экономика- адамзат өркениеттілігінің
ең жоғарғы жетістігі және
өндірісті ұйымдастырудың ең
тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің
көпшілігінің өркендеу
тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты
жүргізудің жаңа әдістеріне өте-тек ашық
нарыққа өту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік
экономикалық саясаттағы субъективизмнен
бас тарту. /3, 257б/
Қаржы нарығында
біріне-бірі байланысты және бірін-бірі
толықтыратын үш нарық қызмет етеді. Соның
бірі ─ бағалы қағаздар
нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері
КСРО-да қазан революциясына дейін болғанмен,
соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі
болған жоқ. Ал 90 жылдардың басында ТМД
елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, басталған
нарық қатынастары даму және одан әрі
жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі,
нарық меншік қатынаста-рын және мемлекет
пен жергілікті басқару органдарының
қаржы саясатын өзгертуден басталады.
Бағалы
қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша
қорын жасауына жол ашуда. Бағалы қағаздар
нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын
өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді.
Ол өзгеше тауар ─ бағалы қағадар.
Бағалы қағаздар
нарығының құрылуы мен оны
дамыту республика үшін нарықтық экономикаға өтуге мүмкіндік
береді. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев-тың
Қазақстанның қаржы Конгрессінде айтқан
сөзінде: «Бағалы қағаздар нары-ғын дамыту
мемлекет үшін басым міндет және нарықты
жетілдіруге бар үлес қосуымыз біз үшін
мақсат болып табылады.»,-деген.
Бағалы
қағаздар нарығының ел ішінде
негізгі қалыптасуы 1991-1994 жыл- дарды
қамтиды. Бұл кезең шаруашылықтың
әлеуметтік жүйесінің нарықтық
экономикаға өтуін сипаттайды.1994
жылдың көктеміне дейін қазақс
танның заң щығару органдары қор нарығының басты төрт субъектілерін
атап көрсетті. Олар: эмитенттер, инвесторлар,
қатысушылар және қор биржасы
болып табылады және осы уақытта бағалы
қағаздардың акционерлік қоғамдардың
оларды шығару құқығы жоқ, кәсіпорын акциялары
шығарылды. Атап өтетін бір жайт бұл кезең
эмиссиялық бағалы қағаздарды мемлекеттік
тіркеудегі немқұрайлылықты сипаттайды.
Аталған кезеңнің бағалы қағаздар нарығын
мем
лекеттік реттеу органы
болып Қаржы Министрлілігі есептелді.
Сонымен
қатар, бұл өтпелі кезеңде Қаржы Министрілігімен бағалы қағаздар нарығына
делдалдық қызметтерді лицензиялау басталды
және ол бойынша 1994 жылдың соңында заңды
тұлғаларға 98 лицензиялар, жеке тұлғаларға
1460 лицензия берілді. 1994 жылдың соңына
қарай бағалы қағаздар нарығының жал-пы
инфрақұрылымы нақты көрсетілді. Республика
Президентінің 1994 жылғы 20 наурыздағы “Бағалы қағаздар
нарығының құрылу өлшемі” туралы
жарлы- ғында сипатталды және соның нәтижесінде
ҚР-ның бағалы қағаздар нарығы- ның Ұлттық
комиссиясы құрылды. Берілген жарлыққа
байланысты бағалы қағаздар бойынша Ұлттық
комиссия тарапынан Орталық депозиторииліліктің
құрылу сауалдары қарастырылды; 1994 жылдың
3 қазанындағы бағалы қағаздар туралы
уақытша ережеге сәйкес ұйымдық және кәсіпорын
акцияларын шығару мүмкіндігін бөлінді.
1995 жылдың алғашқы жартысында бағалы
қағаздар қызметін реттейтін Ұлттық Комиссия
өз жұмысын бастады. Бағалы қағаздар
нарығының кәсіби қызметтерінің түрлері
клирингтік, бағалы қағаздар портфелін
басқару қызметте рімен, бағалы қағаздарды
ұстаушылар үшін реестрлер кірістіру
қызметімен, бағалы қағазды сақтау қызметтерімен
толықтырылды.
Сонымен
қатар, мемлекет қор нарығы
инфрақұрылымының әлі де болса
жетілмегендігін және болашақта
нарықтың дамуына түрлі шаралардың
қолданы луын қажет ететіндігін
болжады. Аталған мақсатқа байланысты Үкімет
тарапы-нан 1996-1998 ж.ж арналған Қазақстан
Респуликасының бағалы қағаздар нарығын
дамыту бағдарламасы құрылды.
Сол уақыт
аралығында брокер-дилерлік ұйымдардың
жалпы саны 1995 ж сәуір айында 21
болса, 1996 жылдың соңына дейін 93-ке жетті. Бағалы қағаздар
нарығының жұмысына қызмет ететін мыңдаған
мамандарды дайындайтын тір-кеу орындары
мен ғылыми орталықтар пайда бола бастады.
Сонымен қатар, ба-ғалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушыларының алғашқы ассоциациясы
құ-рылды.
1996 жыл бағалы
қағаздар нарығында басты екі
қор биржаларының құрылуы-
мен, яғни Ортаазиялық
және Қазақстандық қор биржаларының
пайда болуымен сипатталады.
1997 жыл бағалы
қағаздар нарығының инфрақұрылымының
түпкілікті өзге- руіне әсер етті. 1997 жылдың наурыз айында қор нарығын
реттеуші болып табылатын басты екі заң
қабылданды. Олар: “Бағалы қағаздар
туралы” және “Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздарын тіркеу
туралы” заңдар болып табылады. Сонымен
бірге “Қазақстан Республикасының
инвестициялық қоры туралы” заңы
шықты. Алайды бұл заң 1999 жылдың қараша
айына дейін жұмыс тық күшіне ене алмады.
1997 жылдың жазында “Бағалы қағаздардың
орталық деплзиторийі” атты ЖАҚ құрылды.
1997 жылдары брокер-дилерлердің құрамы
мемлекеттік тұрғыдан реттеуден өтті.
Бағалы қағаздар нарығы қызметтерінің
басқа да кәсіпкерлік қызмет түрлерімен
және жеке капи-талдың минимальды деңгей
крийтерийлерімен байланысына деген заңдылық
шектеулердің қоюлуы нәтижесінде брокер-дилерлік
ұйымдардың саны 93 тен 1 шілдеде оның саны
43ке жетті. 1997 жылдың екінші жартысынан
бастап брокер-дилерлердің өсу қарқыны
басталды және ол 1999 жылға дейін созылды.
Өсу қарқындылығының негізгі себебі
болып “Көгілдір фишка” атты бағдарлама
болып табылады. 1997 жылы қараша айында
Қазақстан Республика-сының Президентімен Бағалы қағаздар
нарығы бойынша Ұлттық комиссияның құрамы түгелімен өзгертілді.
1998 жыл нарықтық
заңдылықтың жетілдірілу жылы
болып табылады. Осы жылдың жазында
акционерлік қоғамдардың қызметтері
мен реттемелеуші процесстердің құрылуын, корпоративті басқару мен
акционерлердің құқығын қорғау мақсатында “Акционерлік
қоғам туралы” заң қабылданды.
1998 жылдың
көктемі Ортаазиялық қор биржасының
лицензиясы болып табылады және
бұл биржа Қазақстанның негізгі
қор биржасы болып қалыптас ты. 1998 жылы зейнетақы активтерін
басқаратын 8 компания құрылды, оның құрамына
13 жинақтаушы зейнетақы қорына қызмет
көрсететін, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорына зейнетақылық активтерді инвестициялық
бағыттау ретінде қызмет атқаратын Ұлттық
Банк кірді.
Ресейдің
қаржылық күйзелісі Қазақстанның
брокерлер мен дилерлерді иемденетін
бағалы қағаздар нарығына қатты
әсер етті. Алайда жыл бойына
өсу қарқыны байқалып, оның көлемі
1999 жылдың 1 қаңтарында 73 ке жетті
және өсу қарқыны ағымдағы
жылдың екінші жартысында баяулағанын көрсетті.
Бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына
бағалау жүргізгенде Ұлттық комиссияның
директорлар бөлімінің арнайы “Бағалы қағаздар
нарығының брокерлік дилерлік қызметтерін
ерікті түрде тоқтату реттілігі туралы” қаулысы қабылданды.
1998 жылы Ұлттық комиссия қор
нарығының “айқындық” дәрежесін
көте-ру үшін тізбектелген қадам
қолданды. Көктемде брокер дилерлермен
биржадан тыс мәміле жасасу
үшін күнделікті есептеелік жүйе
енгізілді. /10, 70-75б/
1999 жылы 1996 жылы құрылған Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы
өз жұмысын аяқтатады. 1999 жылдың 27 мамырында
1999-2000 ж.ж Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар на- рығын дамыту жөнінде үкімет
тарапынан жаңа бағдарлама қабылданды.
Сонымен, Қазақстанның
бағалы қағаздар нарығының қалыптасу
тарихы на көз жүгіртетін болсақ онда
келесідей мәліметтерді көреміз:
1991 жыл:
- Қазақ АКСР нің қаржы министрлігі құрылымының пайда болуы;
- 11 маусым- «Қазақ АКСРнің қор биржасының және бағалы қағаздар на-рығы туралы»;
- 13 қараша – «Бағалы қағаздар туралы» Қазақ АКСР нің министрлер кабинетінің қаулысы;
- 24 қараша – «Бағалы қағаздар операциясына салынатын салық туралы» заң;
1993 жыл:
- Бағалы қағаздар нарығы және қаржы нарығында Мемлекеттік басқару бөлімінің құрылу;
1994 жыл:
- Орта Азиялық қор биржасының құрылуы;
1995 жыл:
- 11 қараша – бағалы қағаздарға қатысты Қаақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының құрылуы;
- 21 сәуір – «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» Қазақстан Рес-публикасы Президентінің жарлығының қабылдануы;
1996 жыл:
- 6 ақпан – брокер дилерлік Ассоциациясының құрылуы;
- 28 наурыз - бағалы қағаздардың ҚРлық Ұлттық комиссиясының №370 қаулысының қабылдануы;
- 15 қараша – «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін құқығын лицензиялауда кәсіби талаптарды талап етуді бекіту » туралы қаулының қабылануы;
- 14 желтоқсан – «Бағалы қағаздарды сатуда биржалық сауданың құрыл- уы» туралы қаулының қабылдануы;
1997 жыл:
- Қазақстан Республикасында кейбір заңдардың қабыладануы:
- 5 наурыз: «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заң;
«Қазақстан Республикасында бағалы
қағаздарды тіркеу туралы»
«Қазақстан Республикасы инвестициялық
қоры» туралы;
- 1 қыркүйек- Қазақстан қор биржасы заңды түрде екі бөлімге бөлінді ─ Қазақстанның қор биржасы (KASE) және қаржы құралдарының Алматы-лық биржасы (AFINEX).
- 4 қараша – халықаралық президенттік конференцияда Ұлттық комиссия-ны Бағалы қағаздар бойынша халықаралық ұйымдық комиссия ретінде та нылуы
- 5 қараша – жекешелендірілуге байланысты мемлекеттік акциялардың ал-ғашқы сатылуы;
1998 жыл:
- KASE тік алғашқы сайтының ашылуы;
- 10 шілде – «Акционерлік қоғам туралы» заңның қабылдануы;
- 19 қазан – Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша халық-аралық KASE тік биржада еврооблигациялардың сатылуы;
1999 жыл:
- 1 қаңтар – KASE және AFINEX бір KASE-ке біріктірілуі;
- 15 қаңтар – KASE-тік еврода сауданың ашылуы;
- 27 мамыр - №658 «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы-ның даму мәселелері» ҚР-ның Үкметтік қаулысының қабылдануы;
- 5 шілде – KASE те РЕПО операциясының секторының ашылуы;
2000 жыл:
- 3 шілде –KASE тік секторда мемлекеттік бағалы қағаздарды INTERNET арқылы сатылу пайда болды;
2001 жыл:
- 1 тамыз- бағалы қағаздар нарығын Ұлттық Банк тарапынан департамент-тік реттеу құрылымы;
- 6 тамыз – «Бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы кейбір мәселелер туралы» Ұлттық банктің қаулысы;