- Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері
Қазақстан
Республикасының қатаң түрде
орталықтандырылған жоспарлы экономикадан
қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан
реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізді оған
қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының
құрылуын талап етті. Қазақстанда бұрын
соңды қаржы рыногы болған емес.
Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық
категория ретінде бағалы қағаздарды
сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды
жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың,
фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттардың, мемлекеттің
және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды,
бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін
нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит,
сақтық, валюта және басқа рыноктармен
етене байланысты. Шаруашылық жүргізудің
қазіргі жағдайында қаржы рыногі қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың,
оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың,
ұлттық шаруашылық та ақша қозғалысын
ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны
болып табылады және бағалы қағаздар рыногы,
сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет
етеді.
Қаржы рыногында сатып
алу-сатудың обьектілері айрықшалықты
тауарлар ақша және бағалы қағаздар (ақшалай)
болып табылады.
Қаржы рыногында бағалы
қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып
табылатын бағалы қағаздар
рыногы маңызды орын алады. Қор
құндылықтарының – бағалы қағаздар мен
туынды бағалы қағаздардың айналысымен
байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. /2, 436 б/
1-сызба
Қаржы рыногының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдан бастап
белсенді дамуда, ол кезде Қаржы
министрлігі бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың
инфляциялық емес нысандарына көше бастады
және бағалы қағаздар шығару арқылы
ішкі қарыз алып пайдалануды жүзеге асырды.
1997 жылы қысқа
мерзімді мемлекеттік бағалы
қағаздардың нарығы толығымен
қалыптасты. Алғашқы орташа мерзімді
бағалы қағаздар 1997 жылы шығарылды,
2000 – 2001 жылдары айналыс
мерзімі 10 жылға дейінгі бағалы
қағаздарды шығару реттелді.
Қазақстанда
қор рыногының қалыптасуы бұрынғы
КСРО-ның заңнамасы негізінде
акционерлік қоғамдар, брокерлік
және қор биржалары құрыла
бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда
мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі
және акционерлендірілуі шешуші
рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде қүллі
ұлттық шарушашылық кешені заңды түрде
экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға
айналды, олардың көпшілігі нақты иесі
бар акционерлік капитал ретінде көрінді.
Осының нәтижесінде 1991–1993 жылдары
200 акционерлік қоғамның, соның ішінде
30 ға жуық акционерлік коммерциялық банктердің
акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның
жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның
ішінде банктердің үлесі 80% құрады. /3, 65б/
Бағалы
қағаздар нарығы дегенміз - ол
қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы
нарығы құрайды.Банк,шын мәнінде,коммерциялық
банк болса, қарызды бір жылдан астам өте
сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара
отырып олардан түсетін ақшаны ондаған
жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы
нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы
және негізгі болып бөлінуімен байланысты.
Бағалы қағаздар нарығы банктың кредит
жүйесін толықтырады,өзара байланысты
әрекет етеді. Мысалы,коммерциялық банктер
бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет
атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы
қағаздарға жазылуы үшін қарыз береді,
олар банктерге артық бағамен сату үшін
бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Бағалы қағаздар
нарығының маңызды бір бөлігі
ақша нарығы болып табылады,онда
қысқа мерзімді қарыз міндетемелері
бар казначейлік вексельдер айналыста
болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды
мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз
етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке
адамдардың уақытша бос ақшалары табыс
табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды.Онсыз
толыққанды қаржы нарығын алу мүмкін емес.
Барлық нарықтар
сияқты, бағалы қағаздар нарығы
да сұраныс пен ұсынысқа, олардың
бағасына тәуелді болады. Яғни
бағалы қағаздар нарығы сатып
алу, сатумен байланысты экономикалық
жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері
қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесіне
байланысты. /2, 445б/
Бағалы
қағаздар нарығы тікелей алғашқы
және қайталама нарықтан тұрады.Алғашқы
нарықты мемлекеттік және муниципиялды
облигациялар,сол сияқты акциялар
мен облигациялар эмиссиясы жүзеге
асарылады,оны қаржылық және қаржылық емес профильдегі әр
қилы акционерлік компаниялар шығарады.Алғашқы
нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары
коммерциялық және инвестициялық банктер,
биржа фирмалары,сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар
және жеке адамдар. Олар биржа фирмалары
мен инвестициялық банктер арқылы акциялар
мен облигациялар сатып алады. Бағалы
қағаздар қайталама нарығы эмитент бағалы
қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған
сатып алу мен сату-
ды түсіндіреді.
Бағалы
қағаздар нырығы – шаруашылық
жүргізуші субъектілері мен мемлекет
шығарған бағалы қағаздардың
сан алуан түрлері сатылатын
және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі.Бұл нарықтың
жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық процестері реттеп,олардың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының
– бағалы қағаздардың және де өзге де
активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар
нарығы экономиканың барлық субьектілерінің
өздеріне қажетті ақша ресурстарын
алуына кең мүмкіндіктер жасайды
және алудың жолын жеңілдетеді.
Ол нарықтық экономикадағы көптеген
стихиялы түрде өтіп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады.
Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау
процесіне қатысты.
Бағалы қағаздардың
айналымға түсу уақыты мен
әдісіне қарай олардың рыногы
бастапқы және қайталама болып
бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленуілерінің
жаңа шығарылған қағаздары сатылады. Ал
қайталама нарықта бағалы қағаздардың
айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы
болады. Бағалы қағаздардың номиналдық,
эмисиялық, нарықтық бағасы болады.
Қайталама нарық
екі бөліктен тұрады:
Ұйымдастырылған
бағалы қағаздар нарығы – мәмілелер
сауда-саттықты ұйымдастырушының
ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге
асырылатын сферасы. Биржадан
тыс айналым нарығының ұйымдастырылған
нарықтан айырмашылығы онда операцияларды
жүзеге асырлатын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында
диллерлер мен брокерлер жүргізеді.Ұйымдастырылған
нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер
бойынша жүргізеді. Бұдан басқа қаржы
критерийлер бойынша ажыратады : бағалы
қағаздар түрлері бойынша: акциялар, облигациялар
және т.б.
Эмитенттер
бойынша: кәсіпорындардың бағалы
қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы
қағаздар нарығы; аумақтық критерийі
бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық;
мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді,орта
мерзімді және ұзақ мерзімді
бағалы қағаздар нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалық,форвардтық және тағы басқа сол
сияқты салалық критерийі бойынша.
Бағалы
қағаздар нарығының жұмыс істеуі
елдің экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар
меншік иелерінің болуымен объективті
түрде анықталады. Тек осындай тәуелсіз
меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында
қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсетіп
отырады.
Бағалы
қағаздар негізі специфиялық
тауар,барлық тауар сияқты тұтыну
құнының мәні белгілі дәрежеде
табыс келтіреді,яғни процент және дивиденд төлегенде,сонымен
қатар бағалы қағаздардың құн курсының
өсуі нәтижесінде келетін табыстар.
Бағалы қағаз
немесе қор нарығының жоғарғы
деңгейде арнайы ұйымдасып, заң
негізінде жүретін арнайы технологиялық
циклі нарық жүйесінде қалыпта-сады. Ол қорды қалыптастырып,
айналуын, ұйымдастыруын, құнды қағаз
нарығының жұмысын жүргізуін қамтамасыз
етіп отырады.
Бағалы қағаздардың
тууына себеп болатын жағдайлар
әр түрлі қорлардың жоқ болмаса
кәсіпорындардың, әсіресе эмитенттік
субъектілердің, қорлардың индекстердің төмендеу
немесе жоғарылау жағдайы осымен тікелей
байланыс ты болып келеді. /4, 156 б/
Жоғарыда баяндалғандардан
туындағанындай, бағалы қағаздар
рыногы– шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекет шығарған
айналысқа шы ғарған бағалы қағаздардың сан алуан
түрлері сатылатын және сатып алына–
тын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың
жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық процестерді реттеп, олардың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының–
бағалы қағаздардың және өзге де активтердің
сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың
барлық субъектілерінің өздеріне қажетті
ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер
жасайды және алудың жолын жеңілдетеді.
Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы
түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі
болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы
қағаздар рыногының жұмыс істеуі
елдің экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен
объективті түрде алдын ала анықталады.
- Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары
Бағалы
қағаздардың айналымға түсу уақыты
мен әдісіне қарай олардың
на- рығы бастапқы және қайталама
болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы
иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы
қағаздары сатылады; қайталама рынокта
бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық,
эмиссиялық, нарықтық бағасы бо- лады.
Қайталама нарық екі бөліктен
тұрады: ұйымдастырылған
бағалы қа- ғаздар нарығы мәмілелер
сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі
құжатта-рына сәйкес жүзеге асырылатын
эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де
қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған
бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар
айналысының бағалы қағаздармен жасала-тын
мәмілелер қаржы құралдарымен сауда ─
саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында
мәміле объектісіне және оның қатысушыларына
белгіленген талаптар сақталмай жүзеге
асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым
ры-ногының ұйымдастырылған рыноктан
айырмашылығы онда операцияларды жүзеге
асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді
олардың офистерінде дилерлер мен
брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған
нарықта операциялар қатаң регламенттелген,
ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар
шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
/2, 452б/
Бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
- өз қызметін акционер- лік қоғамның
ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге
асыратын және бағалы қағаздар
нарығында лицензиясы бар заңды тұлға.
Сауда-саттықты
ұйымдастырушы - қор биржасы және
биржадан тыс бағалы қағаздар
нарығының баға белгілеу ұйымы.
Өзін-өзі
реттейтін ұйым бағалы қағаздар
нарығында өз қызметінің бірыңғай
ережелері мен стандарттарын
белгілеу мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы
қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары
құрған заңды тұлға.
Бағалы қағаздар
нарығының кәсіби өкімдеріне
– брокерлер
,дилерлер, ,касто- диан, депозитарийлер,
джобберлер ,андеррайтерлер және басқалар жатады.
Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің
тапсырмасы бойынша, соның есебінен және
мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы
қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби
қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы
қағаздармен жасалатын операциялар есебін
арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің
бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы
ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын
әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер
өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына
қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар
негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың
қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
- Консалтинг (кеңес беру);
- Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
- Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.
Құрылымы
жөнінен брокерлік фирма дирекция,
әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату
бөлімі, т.б. Сонымен қатар брокерлік фирма
ақша нарығындағы банктік несие алушыларға
делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру,
оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру
сияқты қызметтерді атқарады. Брокерлер
өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды
басшылыққа алады:
1.Клиент брокерлік
фирмамен шарт жасағанда барлық
тапсырма бойынша келісімге келеді,
оның ішінде бағалы қағаздарды
қайдан сатып алу жөнінде.
2.Брокерлер клиенттің
белгіленген сомасы ақша шамасында
әрекет жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды
таңдауда өз құқын пайдаланады.
3.Брокер тапсырманы
орындағаны туралы шартта көрсетілген
уақытта клиентке хабарлап және
бағалы қағаздарды сатудан түскен
қаржыны клиенттің есепшотына
аударады.
4.Брокер мәмілені ерекше
кітапқа тіркеуі қажет.