Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 16:43, курсовая работа
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік:
1.1.ҚР Бағалы қағаздары
2.Қазақстандағы Бағалы қағаз нарығының даму деңгейі:
2.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
2.2.Бағалы қағаздар нарығына арналған болашақ бағдарламалар
3.Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері:
3.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының дамуын жетілдіру
3.2.Индустриалды-инновациялық дамудағы ҚР Бағалы қағаздар нарығының даму перспективасы
Қорытынды
Пайаланылған әдебиеттер тізімі
3.2.Индустриалды-инновациялық дамудағы ҚР Бағалы қағаздар
нарығының даму перспективасы
Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бүл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жок. Бұл шешім қазіргі кезенде біздің аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр.
Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:
- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы
мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады.
- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін
ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру
ме, жоқ, әлде кәсіпкерлердің өз ынтасымен құрылған шағын және
орта кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау.
Егер де осы қорытындылауды қарастыра отырып, шетелдік экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдаланылатын болса, онда келесі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:
1.Экономикалық
саясатты ғылыми негіздеу, стратегияны
анықтау, шаруашылық даму тактикасын,
мақсатын және басымдылығын айқындау
инвестациялық-құрылымдық,
2.Кәсіпкерлердің,шағын және орта бизнес субъектілерінің нарықтық
инфрақұрылымдар қызметтерінің мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындарының тиімді бағытта дамуын ынталандырылуы мақсатында ұсынушы-реттеушілік жоспарлауды жүзеге асырады.
3.Әкімшілік, заң шығару, қаржы-несие, салық және баға белгілеу механизмдерін кеңінен қолдана отырып, қоғамдық тауарлар, заңды және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығындар "қозғалысын" тікелей мемлекеттік реттеу.
4.Сыртқы экономикалық саясатты жүргізуде мемлекеттің экспорттық потенциалын жоғарылатудың басыңқылығын мойындау және оның әлемдік шаруашылық интеграциялық процесіне "жеңіл" кіруін іске асыруды қамтамасыз ету.
1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен зандарға қол қойды. Бірақ осы жарлықтарды жүзеге асыру жолында әлі де көптеген объективті және субъективті түрдегі кедергілер бар.
Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі корсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсірссе халықтың тауар тұтынуын бақылауын кұшейтгі. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың: толық ырықтандырылу, соңдай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайтын, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда.Қазіргі кезде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы 1,4 пайызға ұлғайды.2010 жылы наурыз айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 4 аукцион өтті. Аукцион кезінде 13 миллиард теңгелік 12 айлық МЕККАМ, 15 миллиард теңгелік 3 жылдық МЕОКАМ, 12 миллиард теңгелік 9 жылдық МЕУКАМ және 5 миллиард теңгелік 12 жылдық МЕУЖКАМ орналастырылды. Олардың тиімді кірістілігі: МЕККАМ-да - 2,35 пайыз, МЕОКАМ-да - 3,63 пайыз, МЕУКАМ-да - 6,50 пайыз, МЕУЖКАМ-да инфляция деңгейінен 0,01 пайыз болды. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, соның нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі наурызда ақпанмен салыстырғанда 1,4 пайызға ұлғайып, 1372,7 миллиард теңгені құрады. Өткен айда сондай-ақ Ұлттық банк ноталарының эимиссия көлемі ақпанмен салыстырғанда 28,6 пайызға азайды. Қысқа мерзімдік ноталардың кірістілігі 1,72-ден 1,55 пайызға дейін төмендеді. Ал айналыстағы ноталардың көлемі 16,9 пайызға ұлғайып, 963,3 миллиард теңге болды.
2011 жылғы 18 қаңтарда ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттары туралы Мәлімдемесі мақұлданды. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес осы құжаттың мәтіні жарияланады.
Нәтижесінде, алдын-ала бағалау бойынша,
жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) нақты
өсімі 2010 жылы 7%-ды құрады, жұмыссыздық
деңгейі 2010 жылдың соңында 5,5%-ға дейін
төмендеді, халықтың жан басына шаққандағы
табысы нақты мәнде 6,3%-ға, нақты жалақы
7,5%-ға өсті, инфляция 7,8%-ды құрады.Бюджет
саясатында бірінші кезекте әлеуметтік
міндеттемелерді қаржыландыру басым болды.
2010 жылға арналған республикалық бюджетте
көзделген зейнетақы төлеу, әлеуметтік
төлемдер және бюджет саласының қызметкерлеріне
жалақы төлеу бойынша барлық әлеуметтік
міндеттемелер өз мерзімінде және толық
көлемде қаржыландырылды.2010 жылы жүргізілген
банк секторының сыртқы қарызын қайта
құрылымдау банктерге сыртқы қарызын
төлеу бойынша ауыртпалықтарды төмендетуге
мүмкіндік берді, банктердің қаржылық
жағдайын тұрақтандыруға және олардың
болашақта тұрақты дамуы үшін мүмкіндіктер
береді. Ұлттық қордың валюталық активтерін
қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің
жиынтық мөлшері 2010 жылдың соңында 59 млрд.
АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктің алтын
валюта активтері өткен жылы 22,5 %-ға ұлғайды
және 28,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Әлемдік
экономиканың жандануы, экспортқа бағытталған
өнімдерге сыртқы баға конъюнктурасының
тұрақтануы және ішкі сұраныстың кеңеюі
экономиканың нақты секторының өсуіне
де септігін тигізді.2010 жылы Индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
әрі – ҮИИДМБ) басталды, оның шеңберінде
сомасы 801,8 млрд. теңгеден астам 152 индустриялық
жоба қолданысқа енгізілді.
Бағалы қағаздар рыногын жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады. Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізіледі. Өйткені бағалы қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол факгордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.
Экономикасы дамыған елдерде қаржылық ресурстың 50 пайызға жуығын акциялар мен облигациялар құрайды. Құнды қағаздар нарығын дамытудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы экономикасының тиімді дамуына ықпал ету, қаржылық тұрақтылықты тездетуге және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің, бірінші кезекте халықтың жұмысын белсенді ету негізінде экономикалық өсуге ықпал ету. Қазақстандағы құнды қағаздар нарығы бүгінгі күндері қалыптасу кезеңінде. Бұл оқшау жүйе емес, нарықтың бір бөлігі, ол нарықтық экономикада тұтастай, жан-жақты дамымайынша, өз бетінше тіршілік ете алмайды.
Нарықтық экономикаға көшкен неғұрлым
дамыған елдердегі құнды қағаздар нарығы
мемлекет тарапынан реттеліп отырады,
олардың функциясын арнаулы мемлекеттік
органдар орындайды. Бір жағынан алғанда
өзін-өзі реттейтін және ұлттық капитал
біздің елімізде құнды қағаздар рыногы
инфрақұрылымының қазіргі заманғы қажетті
құралдарын өз бетінше құруы үшін әлі
дайын емес, екінші жағынан алғанда, ол
қоғам мүддесін қозғайтын ауқымды проблемаларды
шешуге бейімделмеген, сондықтан да құнды
қағаздар рыногын бұлайша реттеу, мемлекеттің
оны жүргізудегі рөлінің төмендігі бұл
процесті айтарлықтай тежеген болар еді.
ПАЙДЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003
1996 ж.
7. «ҚР Бағалы қағаздар нарығы» туралы Заң
8. www.google.kz
9. www.nationalbank.kz
Информация о работе Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері