Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік:
1.1.ҚР Бағалы қағаздары
2.Қазақстандағы Бағалы қағаз нарығының даму деңгейі:
2.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
2.2.Бағалы қағаздар нарығына арналған болашақ бағдарламалар
3.Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері:
3.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының дамуын жетілдіру
3.2.Индустриалды-инновациялық дамудағы ҚР Бағалы қағаздар нарығының даму перспективасы
Қорытынды
Пайаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.doc

— 170.50 Кб (Скачать)

                        Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1.Бағалы  қағаздар туралы  жалпы түсінік:

1.1.ҚР Бағалы  қағаздары 

2.Қазақстандағы  Бағалы қағаз нарығының  даму деңгейі:

2.1.Қазақстан  Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

2.2.Бағалы қағаздар  нарығына арналған болашақ бағдарламалар 

3.Бағалы  қағаздар рыногын  дамытуда шетелдік  тәжірибені пайдалану  мәселелері:

3.1.Қазақстан  Республикасындағы Бағалы қағаздар  нарығының дамуын жетілдіру

3.2.Индустриалды-инновациялық  дамудағы ҚР Бағалы қағаздар нарығының даму перспективасы 

Қорытынды

Пайаланылған  әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 

                                      

                                                          Кіріспе 

      Бағалы  қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары  экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

Өзiнiң  ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды. Мұндай жүйе бiздiң мемлекетiмiзде нарық қатынастарын қалпына келтiру қажеттiлiгi туындаған кезде құрыла бастады.

Бағалы  қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі  бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі біршама жоғары тұрақты  табысы бар облигацияларды сатып  алғаннан, ол зиян шегеді – бұл бағалы қағаздың проблемасы болып табылады. Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет - бұл басты проблемасы болып табылады.

Бағалы  қағаздар проблемасын шешу үшін:

    1. Макроэкономикалық  тепе- теңдікті қамтамасыз ету  керек;

    2. Бағалы  қағаздар нарығы агенттерінің  мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау керек;

    3. Нарықтық  ортаның бәсекелестік қабілетін  қамтамасыз ету керек. 

Қазақстан Республикасының мемлекетi бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрi өрiстету  мақсатында қажеттi шараларды жасауда. Қазақстандағы меншiктi мемлекет иелiгiнен  алу және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негiзгi элементтерiн құру процесiн жеделдеттi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар түрiнде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиiмдi механизмдерiнiң бiрi – акция шығаруды пайдалану мүмкiндiгiн ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмi экономиканың барлық субъектiлерiне инвестиция көздерiн алуға мүмкiндiк жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусiз алуға мүмкiндiк туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрi, тиiмдi жағдайда алуға мүмкiндiк бередi. Мемлекет бюджет кемшiлiгiн толтыру мақсатында да ақша белгiлерiн эмиссияламай, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

Айтылған  мәселелердiң барлығы мемлекетiмiздiң  экономикалық дамуының бүгiнгi кездегi сатысындағы ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру мiндетi пайда болғанын айқындайды.

   Осыған байланысты курстық жұмыстың басты мақсаты – қазiргi экономикадағы бағалы қағаздар нарығы және процент нормасын рөлiн айқындап шығу болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                            1.Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік

1.1.ҚР  Бағалы қағаздары

    Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай  капитал  құрайды. 
    Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды  және  былайша  ажыратылады:

  • халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  • ұлттық  және  аймақтық  (аумақтық)  нарықтар;
  • нақты бағалы  қағаз  түрлерінің  нарықтары  (акция,облигация және т.б.);
  • мемлекеттік  және  корпоративтік   (мемлекеттік  емес) бағалы қағаздар  нарығы;
  • алғашқы  және  туынды  бағалы  қағаздар  нарығы.    

      

    Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлугеболады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық  -  осы  нарықтағы  операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты  -  нарықтық  бағаны  қалыптастыратын процесті, олардың  ұдайы  қозғалысын  және  т.б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық -  яғни,  нарық  өз  қатысушыларына  сауда  
    нысандары  мен  оның  қатысушылары  туралы  нарықтық ақпа-раттарды жеткізеді;
  • реттеуші -  ондағы нарық  сауда және  оған  қатысудың     ережесін, қатысушылардың  арасындағы  дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын  болса,артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын  және  т.б.  белгілейді.

   Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды  жатқызуға  болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.

   Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

  • нарық  қызметінің  салаларына  ақша  қаражаттарын  қайта бөлу;
  • ең  алдымен  халықтың  жинақтарын  өнімсіз  формадан

    өнімді  формаға ауыстыру;

  • инфляциялық  емес  негізде,яғни  айналысқа  қосымша  ақша қаражаттарын  шығармай,мемлекеттік  бюджет тапшылығын қаржыландыру.

    Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады. 
    Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды  бөліп  көрсету  қажет:

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық  және  мерзімді  нарықтар.

   Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше  негізгі  топқа  бөлуг  болады. 
    1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді. 
    2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен опера-цияларды жүзеге асырады (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтаңдыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.). Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі  салаларына  орналастырады. 
    3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын  кәсіпорындардың  иелері. 
    4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына  бірқатар  талаптар  қойылады:

  • заңды тұлғалар  штатына  тиісті  қызметпен  айналысу құқы-ғына  біліктілік  куәлігі  бар  мамандар  қажет болған жағдайда қойылатын  біліктілік  талабы.Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден  алынып отыр.Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы  
     нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;
  • бағалы қағаздар  нарығының  кез  келген  кәсіби  қаты- 
    сушысы  заңға  сәйкес  ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік  қоғамға  тіркелуі  тиіс  -  бұл  оның ұйым-дастырушылық-құқықтық  формасына қойылатын талап;
  • қаржылық  талап -  бұл  кәсіби  қатысушының  өзіндік  
    капиталының  жеткілікті  болу  деңгейі.Таза  өзіндік капитал - бұл  кәсіпорынның  міндеттемелерінен  тыс  активтері. Жарғы-лық  капитал  -  заңды  тұлғаның   құрылтайшыларды не-месе  акционерлерді  қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым  ақша  ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу  
    деңгейін  белгілейді.

    Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермен және т.б.  байланысты  туындаған  проблемаларын  өзі  шешеді.Бағалы қағаздар  нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар жатады:

  1. Сауда алаңы:
    • биржалық.Бүгінгі таңда Қазақстанда өз қызметін 1997  
      жылы бастаған қор биржасы (KASE) ғана әрекет етеді;
    • биржадан тыс.
  1. Сауда агенттері:
    • брокерлер  - бұл клиент атынан және клиент есебінен    
      операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
    • дилерлер  - бұлар  операцияны өз  атынан және  өз  есе-бінен  жүргізетін  делдалдар.

    Қазақстанда брокер-дилерлік қызметтің жалпы лицензиясы қандай да бір мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай алатын адамды өз күшімен (дербес) тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал Қазақстанда брокер -дилерлік қызметпен тек заңды тұлғалар ғана айналыса алады. 
    3. Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады: 
    1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің және т.б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен құрылтан, әрі 1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы бар. Қоғам ҚР "Акционерлік қоғам туралы" Заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында және 2002 жылдың 9 сәуірінде қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды  орындайды:

  • номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
  • эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық    құралдар бойынша  құқықтарды  ескеру  және  мәмілелерді тіркеу;
  • номинал  ұстаушыға  қаржылық  құралдар  мен мәмілелер бойынша және  оның  табыс  төлемі  бойынша төлем агенттігінің функциясы;
  • қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
  • ҚР  заңдарына  қайшы  келмейтін  кеңес  беру,ақпараттық және  басқа  да  қызмет  түрлері.

Информация о работе Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері