Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік:
1.1.ҚР Бағалы қағаздары
2.Қазақстандағы Бағалы қағаз нарығының даму деңгейі:
2.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
2.2.Бағалы қағаздар нарығына арналған болашақ бағдарламалар
3.Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері:
3.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының дамуын жетілдіру
3.2.Индустриалды-инновациялық дамудағы ҚР Бағалы қағаздар нарығының даму перспективасы
Қорытынды
Пайаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.doc

— 170.50 Кб (Скачать)

    2) тіркеушілер  - ҚР заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам

бағалы  қағаздар эмиссиясы мемлекеттік  тіркеуден өткен сәттен бастап, бір  ай ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды қамтамасыз  етуі  керек. 
    Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік құқығын және мүдделерін қорғау мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін дербес жүргізетін бағалы қағаздармен, сондай-ақ АҚ-мен мәмілелерді тіркейтін бағалы қағаздар нарығының қатысушылары (тіркеушілер мен номинал ұстаушылары) бағалы қағаздар құқығының бірінші тұлғадан екіншісіне өтуіне байланысты мәмілелерді орындаудың фактілерін бекітуге міндетті. 
    Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын мәмілелерді және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша функцияларды орындайды. Олардың иелік ету құқығын растайды, клиенттерде бағалы қағаздардың болуын және олармен мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың номинал ұстаушыларына берілгені жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ак номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың қызметі ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген лицензияның  негізінде  жүзеге  асырылады. 
    Бағалы қағаздармен байланысты меншік иелерінің құқығын жүзеге асыру үшін тіркеушілердің талап етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы қағаз иелерінің тізімін нақты бір күнде беруте міндетті. Номинал ұстаушыларға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді. 
  Тіркеушінің  функциялық  міндеттемесі  мыналарда:

  • бағалы қағаз  иелерінің  тізімін  жүргізу  арқылы меншік  
    құқығын  тіркеу  және  аталған  тіркеуді  растайтын жаз-баша немесе электрондық құжаттарды ресімдеу;
  • бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
  • тізілімнен  көшірме  беру  жолымен  бағалы  қағаз иелерінің құқығын растау;
  • бағалы  қағаздардың  меншік  құқығының  өзгеру фак-тісін  тізілімдегі  тиісті  жазуды  өзгерту  жолымен тіркеу;
  • дауыс құқығын  және  бағалы  қағаздар  меншігі  құқығының ауыртпашылық түсірген фактісін тіркеу;
  • эмиссияланған  бағалы  қағаздардың  мөлшерін  және оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін бақылау;
  • құжаттамалық  формада  шығарылған  бағалы қағаздардың сертификаттарын сақтау, беру және өтеу;
  • корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
  • тіркеуші  эмитентке  оны  жалпы жиналысқа  дайындау, сондай-ақ  дивидендтік  есеп  айырысу  бойынша  кеңес  беру қызметін  көрсетуге  құқылы.

   Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін жүргізу бойынша өз өкілеттілігін басқа тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркеушінің сатып алуға құқығы болмайды; 
    3) клирингтік ұйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын  қаржы  нарығының  кәсіби  қатысушылары; 
    4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен ақшаға байланысты олардың құқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы  бар  банктер  ғана  кастодиан  бола  алады; 
    5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары.Олардың  негізгі  функциялары:

  • ақшанық  аржылық  құралдарға  инвестициялау;
  • қаржылық  құралдармен  орындалатын  мәмілелердің    есебін жүргізу;
  • өздеріне  жүктелген  қаржылық  құралдарды  пайдалану,әрі оған иелік  ету.

   Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
  • депозиттік қызмет  - тек  клирингтік  қызметпен  ғана қатар қолданыла алады;
  • инвестициялық  қордың  бағалы  қағаздар  портфелін басқару;
  • қор биржалары;
  • биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;    

   Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен  қатар  қолданыла  алады. 
    Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі  агенттіктің  біліктілік  куәлігі  қажет. 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        2.Қазақстандағы Бағалы қағаз нарығының даму деңгейі.

   2.1.Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының пайда                 

                                болуы және оның құрылымы. 

    
     Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі. 
    Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектәлер ғана ала алады. 
¤зінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.  
    1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске  асуы  мүмкін  емес. 
    Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен  шұғылданады.Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі  көптеген  өзара байланысты  элементтерден  тұрады: 
    -  эмитенттер,яғни  әртүрлі  бағалы  қағаздар  шығаратын шаруа- 

         шылық  субъектілері; 
    -    инвесторлар, яғни  уықытша бос ақша иелері  – заңды және 
         жеке  тұлғалар; 
    -    бағалы  қағаздар  нарығының кәсіби мамандары:брокерлер 
         дилерлер,инвестициялық  басқарушылар,маркетмейкерлер; 
    -    инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы  

         қорлары  және  т.б.  қорлары; 
    -    қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды

         тіркейтін,  сақтайтын  ұйымдар. 
   Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

   2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді. Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады.

    Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ өтілуіне байланысты. Бағалы қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық, жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға оотырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.

Облигация - сатып алған жеке адамдардың инвестордың   эмитентке   берген   карызы   іспетті.   Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз. Үкімет орындары да облигация шығарып, кәдімгі салықтан түсетін    табыс    сияқты    оны    да    мемлекеттік маштабында-ғы мәселелерді шешіп отырған,   ұйымдардың мұқжатына жұмсайды.Соны-мен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.

   Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар.

   Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық немесе жылдық есептің негізінде тумақ. Бағалы қағаз саудасын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, одан түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады.Сол сияқты бұл іске диллердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдар, айырмасы диллер жалақы алмайды, түскен пайдаға белгілі мөлшерде еншілер.Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.

    Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық   жекешелендіру   қорына   өткізу   арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады. Әрине азаматтар ақшасын кәсіпорындарына өздері салуына да болады, бірақ инвестициялық жекешелендіру   қоры   (ИЖҚ)   одан   гөрі   тиімдірек, қызметкерлері коньюнктураның құйтырқысын жақсы біледі, оның үстіне олар облигацияны анағұрлым арзанға алуы мүмкін.

    Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда  соларға  кеткен  қаржы  әлеуметтік  салаларды қамта-масыздандыруға  жұмсалмақ.Сондықтан  елдің  экономикасын  көтеру-де бағалы қағаздың маңызы зор. 
 
 

            2.2.Бағалы қағаздар нарығына арналған болашақ бағдарламалар 

     GALA Invest Consulting тобының президенті Галина Шалғымбаева ханым, Қазақстанда құнды қағаздар нарығын бақылауға алатын арнайы орган құрылуы тиіс дегенді айтады.

Информация о работе Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері